өкілдерімен танысуымен басталады. Осы кезде радикалды идеологтар өз ұстанымын таңу үшін бұрмаланған ақпараттарды ұсынып, қызметін адал әрі дұрыс деп көрсетеді. Прозелитистік мақсатта психологиялық ықпал ету тетіктерін қолданады. Бастапқы
кезеңде идеологтарарбалатын адамның бойында дінге қызығушылықты ояту үшін өздерінің діни сенімге беріктігін, әрқашан көмек көрсетуге дайын екенін дәлелдеуге тырысады. Осылайша
достық байланысты орнатқан адаммен тығыз қарым-қатынас жасауды қолға алады.
2) екінші кезеңде адам арбаушыларға
толыққанды сенім білдіріп, неофит ретінде
діни ұйымның мүшелігіне кіреді. Осы кезде идеологтар неофитке «біздің ұстанатын діни сеніміміз ғана ақиқат», ал «шынайы
бақытқа тек топ ішінде ғана қол жеткізуге
болады» деген ойларды таңады. Сондай-ақ
осы кезде неофит басқа жолдармен келетін ақпараттардан оқшауланып, ой-өрісі, санасы идеологтар көрсеткен бағытпен қалыптаса бастайды.Нәтижесінде идеолог
жеке өмірін толыққанды бақылауға алған
неофиттің әрбір қадамын бағалай отырып, оның кез келген мәселеде ақыл-кеңес сұрайтын ұстазына айналады.
3) бұл кезеңде деструктивті топ ішінде психологиялық өңдеуден өткен, сыртқы ақпараттық және
әлеуметтік байланыстардан оқшауланған адам топ
мүшелеріне бауыр басып, өзінің
өмірін толығымен осы топтың
мүддесіне арнауға дайын болады. Деструктивті топтан тыс тұрған
туысқандардың,
қоғамның,
арбаудан
мемлекеттің барлығы
өткен адам үшін жат
болып топтағы
адамдарды ғана
келеді. Ондай адам
өзіне
шынайы
дос тұтып,
ұйымдағы
басшысының әміріне көзсіз бойсұнады.
4) соңғы
идеологтардың
кезеңде ықпалымен
адамның өмірге және айналасындағыларға қатысты ұстанымдар қалыптасады. Өзгелерді өзінен артық көрген адамға жалған
негізделген идеялар
сенімге
мен
көзқарастар таңылып, мұндай адам ұйымның мүддесі үшін өзінің жанын да, малын да құрбан етуге дайын тұрады.
Кез келген діни ағымның деструктивтілігі оның мақсаттарынан және іс- әрекетінің нәтижесінен аңғарылады. Теріс пиғылды ағымның арбауына түскен адамның жеке өмірінің деңгейі, сондай-ақ оның әлеуметтік, физикалық, экономикалық, рухани және моральдық жағдайы бұзылады. Соның салдарынан отбасы мен қоғам зардап шегіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келеді.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен елдегі діни саланы реттеу мәселелері Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдаЕлбасымыздың жүргізіп жатқан сарабдал саясатының арқасында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлесе үйлесімді жасап жатқан жұмыстардың нәтижесінде елдегі діни ахуалдың тұрақтылығысақталып келеді.
Мемлекет басшысының нұсқамаларын орындау аясында террористік
бейтараптандыруға арналған Қазақстанның жеке дербес жүйесі
қатерлерді
құрылды әрі
ол жыл сайын жетілдірілу үстінде. Еліміздеэкстремизм және
терроризмге қарсы іс-қимылға қатысты біршама тәжірибе мен біліктілік базасы жинақталды. Ол ең алдымен алдын алу шараларын жүргізу, халықтың діни- құқықтық сауаттылығын арттыру, түрлі радикалды идеологиялардың ықпалына төтеп беретін иммунитетті қалыптастыру жұмыстарынан тұрады.
Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты. Сондықтан шеттен келген теріс пиғылды күштердің ықпалына төтеп беретін ең тиімді жол – Елбасының таяуда жарық көрген
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты мақаласында атап көрсетілгендей ұлттық кодты, ұлттық құндылықтарды, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымын, қазақ елінің тарихи мұраларын жаңғырту болып табылады.
Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамдаұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана бізбүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.