Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет15/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Онда  жiгiттердiң  не  iстеп  жатқандарын  айтайын.  Ебелек 

басып жатқан сайдың түбi терең. Қордаланған ебелектердiң бiр 

шетiн  үй  орнындай  етiп  сайдың  түбiне  дейiн  аршып  тастасақ, 

кешке дейiн өзiмiз тығылып жататын ұя пайда болады. Ет жеп 

болсаң, бар, Тастандарға көмектес. Бiраздан кейiн олар қандай ұя 

жасап шығаратынын өз көзiңмен көресiң.

Сүлеймен қалған еттi орамалға түйдi де түйiншектi қоржынға 

салып,  орнынан  тұрды.  Үстiндегi  күпiсiн  шешiп,  жеңiлденген 

соң  тұтасқан  қалың  ебелектiң  тура  ортасын  айырмен  аршып 

жатқан  жiгiттердiң  жанына  келдi.  Олар  ебелектiң  бiраз  жерiн 

үңгiп  тастапты. 

— Ә, жәрдемге келдiң бе, бала? Мә, мына айырды қолыңа ал. 

Мынау ебелектердi тура маған ұқсап, жан-жағын теп-тегiс етiп 

аршы. Екi жағы осылай дуал сияқты болып тұруы керек. 

— Айырды қайдан алғансыңдар өзi, Кендiр? Кеше қолымызда 

құрық пен сойыл, мылтықтан басқа ештеңе жоқ едi. 

— Бұл айырлар осы ебелектiң астында әлiмсақтан берi тығулы 

жатыр. Бiзден бұрынғы ұрылардан қалған айырлар ғой.

Кендiр  берген  айырды  қолына  алып,  ебелек  аршуға  кiрiстi. 

Әлден соң ебелектiң ортасы төбе жанынан қазылған үлкен ордай 

болып, үңiрейiп шыға келдi. Осы кезде бұлардың жанына Көбек 

келдi:

—  Болды,  жетер.  Ендi  анау  сәмбi  талдардың  ағаштарын  екi 



дуалға көлденең тастаңдар да үстiн жабыңдар. Күн болса түске 

таяп  қалды  Аттарды  жасырайық.  Мына  жерден  жүргiнше  ме, 

малшы ма өтетiн болса, бiздi байқап қалар. Тезiрек қимылдаңдар!

Әрiпбай мен Кендiр тура жарқабақ түбiне үйiлген ебелектердiң 

астынан  жуандығы  бiлектей-бiлектей  ұзын-ұзын  ағаштарды 

суырып  алды.  Тастан  оларды  шетiнен  алып,  жаңағы  өздерi 

аршыған  ұяның  үстiне  көлденең  тастады. 

— Әй, бала, неғып тұрсың? Көмектессейшi. 

Екеулеп  ағаштардың  бәрiн  тура  тамға  салғандай  етiп, 

нығыздалған ебелек дуалына салды. Оны болған соң қолдарын 

соза жүрiп, ағаштардың үстiн қайтадан ебелекпен жапты. Сөйтiп 

әп-сәтте Көбек айтпақшы, шап-шағын ебелек-там дайын болды. 

Биiктiгi кiсi бойындай. Аттар iшiне емiн-еркiн сияды. “Ойпырмай, 

ойламайтындары  жоқ-ау.  Дәл  мынау  жарқабақ  түбiндегi  қалың 




32

Сүлеймен қарақшы

ебелектiң  астында  бес-алты  ұры  тығылып  жатыр  десе,  ешкiм 

де  сенбес-ау.  Бiздiң  бес  қаруымыз  —  бес  күн  жүрiп  баратын 

жерiмiзде дайын жатады деп едi кеше Көбек бiр сөзiнде. Рас екен. 

Мына ағаштар, мына қос айыр қысы-жазы осы ебелектiң астында 

тығулы жатады екен де. Тiсқаққан-ау, нағашым, тiсқаққан. Бәрiн 

алдын-ала  ойластырып  қоятынын  қайтерсiң”.

— Бiздiң iсiмiзге таңқалып, ойланып тұрсың ба, бала? — дедi 

Әрiпбай  бұған  қарап.  —  Бiзбен  бiрге  жүре  берсең,  әлi  талай 

таңқалып, талай ойға қаласың. Әр жерде бұлай аузың ашылып 

тұра берсең, қолға тез түсесiң. Жүр, одан да аттарды жетектеп 

келейiк.  Тастан,  Кендiр,  сендер  де  жүрсеңдершi. 

Төртеуi  барып,  аттарды  жетектеп  келдi.  Оларды  ұя-тамға 

кiргiзген  соң,  үшеуi  қоржындағы  ат  дорбаларға  жем  салып, 

аттардың  тұмсықтарына  iлдi.

— Осыдан бұларды кешке бiр-ақ жемдеймiз, — дедi Тастан. 

— Сен, Сүлеймен, бар да анау жатқан қоржындарды, киiмдердi 

осында  алып  кел.  Ендi  кешке  дейiн  жатып,  ұйықтай  беруiңе 

болады. 

Тастанның  айтқандарын  ұя-тамға  әкелгенде,  жарқабақтың 

төменгi  жағынан  екi  атты  кiсi  көрiндi. 

Әмiр мен Елсапа келе жатыр, — дедi Кендiр.

Бәрi солай қарасты. Аздан соң екi атты бұлардың жанына кеп 

түстi. 


— Ассалаумағалейкүм, жiгiттер, — дедi Әмiрден бұрын аттан 

түскен  Елсапа  дегенi.  —  Бәрiң  iн  аузына  жатып,  қой  аңдыған 

қасқырдай  болып  отырып  алыпсыңдар  ғой,  түге.  Басқа  басқа, 

сен, Көбек, Әмiрдi жiбергенше үйге өзiң-ақ бара бермедiң бе?

—  Барар  едiм-ау,  Елсапа.  Былтырғыдай  Еңсеп  старшынның 

көзiне түсiп қалсам, пәлеге бiр түнде қарасын батырып кететiн 

мен емес, сен қаласың ғой. Осы жағын ойладым да. Иә, қалай, 

үй-iшiң,  мал-жаның  аман  ба?  “Тез  жетсiн”  деп  хабар  берген 

екенсiң.  Айтқан  күнiңе  дөп  келiп  отырмыз.

—  Бек  жақсы  жеттiңдер,  бек  жақсы.  Ал  үй-iш  болса,  аман. 

Өздерiң қалай? Ел iшi тыныш па? Досекең бақуат болар? Өткен 

жолғы  сыбағамды  түгелiмен  берiп  жiберiптi.  Ертең  барғанда 

ырзалығымды жеткiзерсiң. Ойбүй, мына Әмiр барған соң асығып 

жүрiп,  үйде  шақшамды  ұмытып  кетiппiн.  Қайсысың  насыбай 

атушы  едiңдер?  Берiңдершi.

Ол  Көбек  берген  насыбайды  атып  алған  соң  тағы  бiраз 

әңгiмелердi  айтып  отырды.  Сөйлеп  отырып,  қайта-қайта 



33



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет