Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет17/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   265
Сүлеймен қарақшы

VI

Елсапа кеткеннен кейiн бәрi жатып, ұйқыға кiрiстi. Сүлеймен 

манадан  берi  манаурап  отыр  едi.  Көбектiң  “жатып  демалайық” 

деген  сөзiнен  соң  ердi  жастанып,  бiрден  ұйқыға  кеттi.  Содан 

кешке Тастан оятқанша, тұяқ серiппей ұйықтады. Басын көтерсе, 

айналаны қараңғы басып келедi екен. Жiгiттер аттарға жем берiп, 

ерттеп дайындап қойыпты. Ұя-тамның шыға берiсiнде Көбек пен 

Елсапа әңгiмелесiп тұр.

—  Жиен,  —  дедi  Көбек  мұның  тұрғанын  байқаған  соң.  — 

Аттанатын  уақыт  болды.  Анау  қалған  еттен  асап-асап  жеп  ал. 

Осыдан  ертеңге  дейiн  ауқат  жоқ.

  Еттi  жеп  болғанша,  басқа  ұрылар  аттарды  ұя-тамнан 

шығарып,  есiк  алдында  қаңтарып  қойды.  Сонан  соң  ұя-тамды 

бұзып,  ағаштарының  бәрiн  бағана  азанда  алған  орындарына 

қайта тығып тастады. Бәрiн бiтiргесiн, Елсапаның “Аттанайық” 

деген даусы естiлдi. Ұрылар бәрi бiрдей атқа қонып, қалыптасқан 

салт бойынша, бiр-бiрiне тiл қатпаған күйлерi түстiкке бет алды. 

Саптың  ең  алдында  Елсапа  кетiп  барады.  Сүлейменнiң  көзiне 

Елсапаның  астындағы  аты  бағана  мiнiп  келгенi  емес,  басқа 

ат болып көрiндi. Зер сала қарап едi, тура өзi мiнген дәу торы 

сияқты аяқтары ұзын, белi жуан, жiңiшке мойынды жылқы екен. 

Мұның бiлуiнше, мұндай аттар шабысқа жарамсыз болғанымен, 

ұзақ жүрiске мықты келедi. Әсiресе, тау-тасты жолдарда бұлар 

таптырмайтын  көлiк.  “Шiркiн,  алдағы  күндерде  Елсапамен 

таныстығым  артып,  осы  атын  қалауыма  алсам  ғой.  Аты  менiң 

астымдағы  торыдан  да  мықты  көрiнедi”.

 Бiршама жүрiстен соң аққан судың сарылы естiлдi. Артынша 

тура алдарынан дененi тiтiркендiрер мұздай леп естi. Сүлеймен 

Шыршыққа  таяп  қалғандарын  сездi.  Алдағы  Елсапа  атының 

басын  iрiктi.

— Бәрiң берi жақындаңдар.

Көбек бастаған ұрылар оны қоршай тоқтады.

— Қазiр өткелге түсемiз. Бұл тұста судың ағыны онша қатты 

болмағанымен,  сәл  қияс  бассаңдар,  тереңге  күмп  етесiңдер. 

Одан  кейiн  малтып  шығуларың  екiталай.  Сондықтан  да  менiң 

соңымнан  iзбе  iз  қалыспай,  аттың  басын  ешқайда  бұрмай,  тек 




36

Сүлеймен қарақшы

маған  ерiп  жүрiп  отырыңдар.  Тағы  да  айтамын,  ажалдарыңа 

асықпасаңдар, бiр қадам да шетке бұрылмаңдар. Жетектегi аттың 

бiрiн Көбек сен өзiң, бiрiн Әрiпбай алсын. Олардың шылбыры 

мен жүгенiн қосақтап тақымға басып алыңдар. Аттар бiр-бiрiнен 

ажырамай  жүретiн  болсын.  Ал,  дайынсыңдар  ма?

Елсапа мiнген ат су кешiп үйренiп қалған-ау, қамшы салдырмай-

ақ өзенге күмп бердi. Екiншi болып Көбек түстi. Оның артынан 

Әрiпбай  ердi.  Әрiпбайдан  кейiн  Сүлейменге  кезек  келдi.  Торы 

ат суға түсуге жүрексiнiп тұрғандай, бiр сәт кiбiртiктедi де, суға 

жайлап  түстi.  Су  алдымен  аттың  тiзесiнен  келдi.  Сәл  жүрмей 

жатып-ақ,  ат  суға  сауырына  дейiн  батты.  Екi  аяғын  үзеңгiден 

шығарып,  жоғары  көтермек  болып  едi:  “Аяғыңды  үзеңгiден 

шығарма”  деген  арт  жақтан  Тастанның  даусы  шықты.  Оның 

айтқанын  тыңдап,  үзеңгiге  қайтадан  аяқтарын  салды.  Құдай 

салмасын, өзен суы осыншама мұздай болар ма? Лезде етiгiнiң 

iшiне  толған  мұздай  су  саусақтары  мен  тобықтарын  қақсатып 

жiбердi. Бiрақ сыр бермедi. Алдыдағы Елсапа “Бiр елi соңымнан 

қалмаңдар.  Ендi  бұлай  бұрыламыз”,  –  деп  тура  ағысқа  қарсы 

жүрдi. Арттағылар жәндәрмен оған iлестi. Әудем жерден кейiн 

Елсапа оңға қарай бұрылып, ағысқа көлденең түстi. Жүрiп келе 

жатқан жердегi тереңдiк бiр қалыпты екен. Ат сауырынан аспады. 

Өзеннiң  дәл  ортасына  келген  кезде  Әрiпбайдың  жетегiндегi  ат 

жанындағы  атқа  қатарласа  берем  деп  алға  қарай  ойқастады 

да, табан тiрер жер таба алмай, тереңге түстi де кеттi. Жануар, 

тереңнен  бұлар  жүрiп  келе  жатқан  жерге  қайта  iлiнем  деп 

ниеттендi ме, суды шолпылдата алға қарай ұмтылды. Бiрақ бар 

жанын  салып  екi-үш  рет  талпынса  да,  табанын  биiкке  iлiндiре 

алмады. Басы өзенге бiр батып, бiр шығып, қорсылдап су бетiнде 

қалықтады  да  қалды.

— Ойбай, Елеке, мынаны не iстеймiз ендi?! — деп жандаусы 

шықты Әрiпбайдың.

—  Не  iстейсiң?  Жiбер  тiзгiнi  мен  жүгенiн.  Басқа  амал  жоқ. 

Жiбер  тезiрек!  Әйтпесе  өзiңдi  тартып  әкетедi.  Жүзе  алса,  өзi 

жүзiп  шығар  жағаға.  Жүзе  алмаса  кеттi.  Әй,  жiбер  деймiн! 

Онымен бiрге өзiң де кетейiн демесең!, — деп ақырды Елсапа.




37



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет