Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет252/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бiр қалтарысында бiреу-мiреу өзiне мылтық кезенiп, қарауылдап 

тұрған  да  шығар.  Қанша  батыр  болсаң  да,  ашық  нысанада 

тұрып,  оқтан  қашып  құтыла  алмайсың.  Сондықтан  не  болса 

да  Бекабаға  жету  керек.  Апарсын,  мыналар  оған.  Арғы  жағын 

көремiз.  Дегенмен  ит  жөйiттiң  алдап  соққанын  қарашы.  Әй, 

мейлi, барайын. Ажалым содан болса, амал қайсы. Еш болмаса, 

жастығымды бiрге ала кетуге әрекет етiп бағармын”.

Бұрындары қанша қауiп-қатердi көрсе де жүрегi селт етпейтiн 

Сүлейменнiң осы жолы бойы мұздағандай болды. Алайда кейiн 

қайтуға намыстанып, жанындағыларға iлестi. Үңгiр аузына кiре 

бергенде, үңiрейген апанның тура алдында баяғыдан берi басына 

аса қауiп төнiп, жаны қысылған кезде көрiнетiн ақбоз ат мiнген 

қара киiмдi шал тұра қалды. Шал өзiне қарап жымиды. “Сескенушi 

болма. Шалт қимылдамасаң, ажал табасың” дедi де ақбоз атымен 

көкке  ұшып,  ғайып  болды.  Әрине,  ол  шалды  жанындағылар 

көрмедi.  Даусын  да  естiмедi.  Өйткенi  ол  Сүлейменнен  басқа 

ешкiмге көрiнбейдi.

Көптен берi көрiнбей кеткен жебеушi - әруағының ғайыптан 

пайда  болғанын  көңiлiне  медеу  тұтқан  Сүлеймен  жөйiттермен 

бiрге  үңгiрге  ендi.  Үңгiр  iшi  жап-жарық.  Дуалдарға  самсыған 

майшамдар iлiнген. Бiр есiктен өткен соң алдарынан екiншi есiк 

шықты.  Одан  өткенде  кең  дәлiз  бар  екен.  Дәлiздiң  жан-жағы 

қаптаған есiк. Бастаушы жөйiт төргi есiкке беттедi. Сүлейменнiң 

екi қолтығынан ұстаған екi жөйiт мұны солай қарай жетеледi. Ең 

соңғы есiкке келгенде бәрi тоқтады. Бiр жөйiт:

— Бiр сәт тұра тұрыңыз. Мен сiздiң келгенiңiздi жәкеме айтып 

келейiн, — дедi де лып етiп, iшке ендi. Артынша қайта шықты:

— Сiзге кiрсiн деп жатыр. 

Сүлеймен жөйiт шыққан бөлмеге кiрдi. Бұл бөлме iшi де кең. 

Төрде  қалың  төселген  көрпенiң  үстiнде  теңкиiп  бiреу  жатыр. 

Оны көргенде Сүлеймен өз-өзiне сенбей, көзiн уқалады. Сосын 

тағы қарады. Құдай-ау, мынау жатқан адам ба, әлде құбыжық па? 

Қазандай бас, кiшi-гiрiм диiрмен тасындай былшиған бет, бордақы 

өгiздiң  тұрпатындай  дене,  тамға  салатын  белдемше  ағаштай 

жуан аяқтар... Жүн бас-қан жуан қолдары ұзын екен. Тiзелерiне 

жетiп  жатыр.  Салбыраған  қарыны  көрпеше  үстiне  жайылып 

кетiптi. Сол салбыраған қарнының астында ұзын қылыш жатыр. 

Оның түрiн көзiмен бiр шалған Сүлеймен бұрындары Бекабаның 



524

Сүлеймен қарақшы

тұрпатын  сипаттап  айтқан  жөйiттердiң  сөздерiнiң  рас  екенiне 

шындап көзi жеттi.

Бекаба  алып  сәлден  соң  ыңыранып  көзiн  ашты.  Даусы 

қарғылыңқы,  әрi  сондай  жағымсыз  екен:

— Ей, Сүлеймен деген сен бе? Неғып тұрсың босағада. Кел 

отыр  мына  жерге!

Бекаба бас жағын иегiмен нұсқады. Нұсқағаны болмаса, иегiн 

әзер қимылдатты. Сүлеймен ол нұсқаған жерге келдi. Оң жағында 

дуалды  ойып  жасаған  кiшкене  дерше  бар  екен.  Дершеде  ұзын 

тас қайрақ жатыр. Сүлеймен отыра берiп, сол қайрақты жеңiне 

сұғып үлгердi.

— Отырдың ба?

— Иә.


Сүлеймен  байқамапты.  Бекабаның  қарнының  астында 

қылышпен бiрге ұзын таяқ та бар екен. Бекаба сол таяқты алды да 

өз тұсындағы дуалды бiр ұрды. Дуалға кенеп тартып қойылыпты. 

Дүңк еткен дыбыс бөлме iшiн кернедi.

— Ләббай тақсыр, — деп манағы малай жөйiттiң бiрi қолын 

қусырып, iшке кiрдi.

—  Сүлейменге  ауқат  әкелiңдер!  Ажалының  алдында  тойып 

алсын.


“Не  дейдi  мына  жөйiт?  —  дедi  Сүлеймен  iштей  ана  малай 

басын иiп шығып кеткен соң. — О, Құдай, өзiң жар бола көр. 

Өзiңмен қанша жылдан берi бетпе-бет келудi армандап жүр едiм. 

Бекаба  сұм,  ендi  сенiң  қолыңнан  оп-оңай  өле  қоймаспын”.

Осы кезде Бекаба тағы ыңырана сөйледi.

—  Ә,  Сүлеймен.  Қанша  iздетсем  де,  қанша  аңдытсам  да, 

менiң жiгiттерiмнiң уысынан құтылып кете бересiң. Өзiңдi жүдә 

мықты  санайсың-ау  деймiн.  Алдыма  келiп,  аяғыма  жығылып, 

бағынышты  болғаныңды  айтсаң,  сенде  нем  бар.  Неге  өзiңше 

тiрлiк  жасайсың?  Неге  маған  бағынғың  келмейдi?  Неге  менiң 

жiгiттерiмдi таяқтайсың? Бекабаға ұсталмай кетемiн деп ойладың 

ба?  Бұл  өлкеде  Бекабаның  аузынан  ұшқан  құс,  тырнағынан 

жорғалаған тышқан құтыла алмайды. Жә, саған әңгiме айтып не 

керек. Одан да қандай арманың бар? Соны айтшы. Бәлкiм мен 

сенi  кешiрiп  қалармын.

Сүлейменнiң қаны басына шауып шыға келдi.




525



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет