Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет254/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Жүрiңiз,  әкә,  жүрiңiз,  көрсетейiн.  Әй,  айтпақшы,  Бекаба 

әкәмдi  өлтiргенiңiз  рас  па?  Кiрiп  барғанда  ол  бiздi  шауып 

тастамасын.

Сөйлей бермей, жүр!

Қосыл  Сүлейменнiң  қолындағы  Бекабаның  қылышын  ендi 

таныды-ау, оған тесiле қарады да үнi өшiп, алға түстi. Үңгiрге 

кiре бергенде ауызғы бөлмеде жатқан екi қандасының ес-түссiз 

жатқанын  көрген  Қосыл  бақырып,  көзiн  бас-ты.

— Осылардың қатарында жатайын демесең, тезiрек жүр!

Арғы бөлмеде де үш жөйiт сұлап жатыр. Бiрi әзер қимылдап, 

басын көтердi:

— Қосыл, жаңағы дәу қазақ омыртқамды сындырып жiбердi. 

қимылдай алар емеспiн. Тұруға көмектесшi.

Қосылдың  жанындағы  Сүлеймендi  ол  сөйлеп  болғанда 

байқады.  Байқады  да  үнi  өшiп,  бетiн  жерге  берiп  жата  кеттi. 

Қосыл  оған  бiр,  Сүлейменге  бiр  қарады.

— Не iстейiн, әкә?

— Бұлар жатсын осылай! Жүр, тезiрек!

Екеуi  Бекабаның  бөлмесiне  кiрдi.  Төрде  Бекаба  сиырдай 

теңкиген  қалпы.  Астындағы  көрпелердiң,  жастықтардың  бәрi 

қан.  Қақ  айырылған  басына  адам  қарап  болмайды.

— О, Құдай, өзiң сақтай гөр, — дедi Қосыл күрсiнiп, — өзiмдi 

аман қыла көр, өзiмдi аман қыла көр.

—  Құдайға  сенесiң-ә,  тағы,  сұм.  Басқа  адамдарды  осылай 

өлтiргендерiңде  жандарың  ашымайтын  едi  ғой.  Неғып  тұрсың 

қалшиып?  Қане,  жаңа  айтқан  қазынаң?!

Бекабаның  өлiгiн  көрiп,  есiнен  айрылардай  болған  Қосыл, 

Сүлеймен  ақырып  бергенде  дiр  етiп,  өзiне  келдi.

—  Ә,  әкә,  мiне,  мiне  қазына,  —  деп  оң  жақтағы  бұрыштың 

кiлемiн  көтердi.

Кiлем астында жертөлеге түсетiн қақпа-есiк бар екен. Қақпаны 

көтерген Қосыл қолымен төмендi нұсқады.

— Мiне, әкә, мына жертөледе қадақ-қадақ алтын мен қап-қап 

ақша жатыр. Менiмен бiрге түсесiз бе?

— Төменге өзiң түс те, қолыңа iлiккеннiң бәрiн берi лақтыр.

Қосыл  қолына  дуалға  iлiнген  шамдардың  бiрiн  алды  да, 

жертөлеге  түстi.  Ұзамай  кiшкене-кiшкене  түйiншектердi 

жоғарыға  лақтыра  бастады.  Оның  лақтырған  түйiншектерiн 

Сүлеймен шетiнен жазып көрдi. Түйiншектерге буда-буда ақша 

салыныпты.  Алтын  оралған  түйiншек  көрiнбейдi.



528

Сүлеймен қарақшы

— Ей, жөйiт! Мыналардың бәрi ақша ғой. Алтындар қайда?

— Соны iздеп жатырмын, әкә. Ә, мiне, таптым. Бiр сандықтың 

iшiне тығып қойыпты.

Екi түйiншек Сүлейменнiң аяқ астына дүңк-дүңк етiп түстi.

— Тағы бар ма екен?

— Осы-ақ.

— Жарайды, берi шық! 

Қосыл сыртқа шықты.

— Уһ! Бекаба дәдәм ақша, алтындармен қатар жертөлеге кез-

кез маталар да жиып тастапты-ау. Бұларды не қылмақ екен?

— Өзiмен бiрге өлген жөйiттерiне кебiн қылайын деген де. Сен, 

мына түйiншектердi жазшы. Қандай алтындар екенiн көрейiк.

Қосыл  бiрiншi  түйiншектi  шешкенде  алтындар  шам 

жарығымен жылтырай жөнелдi. Екiншi түйiншекте кiлең сақина, 

бiлезiк,  сырға  секiлдi  әшекей  бұйымдар  екен.

— Уа, саф алтындар ғой бұлар, саф алтындар! — деп Қосыл 

лепiре  сөйледi.

— Неменеге шаттанып тұрсың? Бұларды өзiң иеленейiн деп 

тұрғандайсың ғой, жүдә. Қане, түйiншектердi қайта байла да дәу 

қап тап. Бәрiн соған салып, сыртқа шығар.

Қосыл қайтадан жертөлеге түстi де, бiр дәу қап тауып шықты. 

Түйiншектердiң бәрiн қапқа салды.

— Әкә, осының бәрiн сiзге тауып берген мен ғой. Маған да 

аздап  үлес  беретiн  шығарсыз.

Оның бұл сөзiне Сүлейменнiң қаны қайнап кеттi.

— Не дейсiң, сүмелек? Сенiң әлi үлесте үмiтiң бар ма? Ай, 

сен, алдымен тiрi қаламын деп ойладың ба? Әйда, көтер қапты! 

Сыртқа  шығамыз.

Сүлеймен қолын көтере өзiне ұмтылғанда, Қосыл дiр-дiр етiп, 

қапқа жармасты. Оны “ауп” деп иығына салып, есiкке беттедi. 

Сүлеймен оның артынан бiр тептi. Қосыл жалп еттi. Жан қалай-ә. 

Жалма-жан орнынан тұра салды да, анадай жерге ұшып кеткен 

қапты қайта көтерiп, сыртқа безiлдедi.

Екеуi  лезде  үңгiр  алдына  шықты.  Қосыл  “ендi  не  iстейiн?” 

дегендей  Сүлейменге  жәутеңдей  қарады.

— Қапты осында қой да, анау аттарды арбаға жек.



529



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет