Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет45/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Осылай  ғой  сендер,  бұл  қара  диюды  ашуландыратындарың. 

Жолға  шығып  бара  жатқанда  кер  мiнез  көрсетпеңдершi,  тегi. 

Қалжыңның  да  өз  жөнi  бар  ғой.

  Бұл  сөзден  кейiн  бәрi  жым  болып,  ерттеулi  аттарына 

қоржындарын артты. Сүлеймен Кендiр мен Әмiрдiң де, Көбектiң 

де  сөзiн  елең  қылмай,  өз  атының  тартпасын  қайта  мықтап 

тартты. Бұл мiнiп жүрген қарагер ат, баяғы Шыршықтан жылқы 

айдап келе жатқанда жолда туған биенiң құлыны едi. Биыл төрт 

жасар айғыр болды. Жануар тура Сүлейменге лайық болып, әрi 

биiк,  әрi  ұзын  болып  өстi.  Мұнымен  жасты  кейбiр  айғырлар 

Сүлеймен мiнгенде белi қисайып қалады. Ал қарагер мұны жүк 

көрмейтiндей, былқ етпейдi. Үш жылдай шатқалдағы жылқылар 

арасында жүрдi. Былтыр Сүлеймен оны ұстап, мiнiске өзi үйреттi. 

Мұның  меншiгiнде  бiр  бұл  қарагер  емес,  баяғы  Керiмбайдың 

тойында  “түйе  балуан”  бәйгесiнде  алған  үш  жылқы  мен  үш 

танадан көбейген бiраз мал бар-ды. Олардың бәрi би малдарымен 

бiрге жұртқа тарқатылып кеттi. Бәрiне кiнәлi мына кесапат жұт 

қой. Бiрақ Сүлеймен сол малдары үшiн өкiнбедi. Тiптi бидiң өзi 

де мiнiс аттардан басқа төрт түлiктерiнiң бәрiн ашыққан жұртқа 

таратып берген жоқ па. Өзi аман болса, әлi-ақ талай мал жинап 

алар. 


Барымташылар  Досалы  би  ауылынан  аттанғанда  түс  ауып 

қалған шақ едi. Бет алыстары шығыс жақ — қырғыз елi. Жетекке 

екi  ат  алған  алты  салтатты  шоқытып  желе  отырып,  Ақсу 

бойындағы  аз  ғана  көкiрек  пен  бiр  қауым  қоңырбай  сиқымдар 

қоныстанған  Дарбаза  маңына  кеш  бата  жеттi.  Айналасы  тұтас 

биiк құзды тау iшiне осы тұста жалғыз ат қана кiрiп жүре алатын 

жол бастауын ел — Дарбаза деп атайтын. Дарбазадан енiп, ары 

қарай жүре берсең, тар шатқалдарды ирелеңдеп кесiп өтетiн жол 

бiреу-ақ.  Жан-жағын  шыңды  құздар  қоршап  тұрған  бұл  өткел 

ежелден-ақ  ұрылар  мен  қарақшылардың  жолы.  Дарбазадан 

басталатын  сол  жол  қырғыздардың  Күреңтi  жайлауына  барып 

бiр-ақ  шығады.  Әлбетте,  қасқыры  мен  аюы,  тау  барысы  мен 

қабыланы, төбеден жазатайым домалап кететiн үйдей тасы көп 

аса  қауiптi  бұл  жолмен  кез-келген  бөрiктi  сапарға  шықпас-ты. 

Алайда  бiр  Көбек  бастаған  топ  қана  емес,  бұл  жолмен  атам 



94

Сүлеймен қарақшы

заманнан-ақ түндi пана, тәуекелдi байлам еткен талай жанкештi 

барымташылар  ары-берi  ойқастап  өткен.  Бұл  жол  —  арысы 

қалмақ,  берiсi  орыс  басқыншылары  кезiнде  Ақсу  мен  Күреңтi 

бойын жайлаған дүйiм қазақ пен қырғызға ықтауға пана, қашуға 

таса,  тығылуға  қалқан  iспеттес  маңыз  атқарған. 

Көбек бастаған топ ат тұяғын кетiлдiрер бiресе құзды, бiресе 

шыңды  жолмен  үш  күндей  жүрiп,  Күреңтi  жайлауы-ның  қақ 

төрiне  аяқ  iлiктiрдi. 

Күреңтi даласы жайқалып тұр. Қазақтар тартқан жұт зардабын 

қырғыздар тiптi сезбеген де. Елi тоқ, өрiсi малға толы. Бұған iшi 

қызған  Көбектер  бұл  жолы  барымталайтын  жылқыларын  ұзақ 

аңдымады. Бiр күн Ойтас маңында жақсылап тынығып алды да, 

кеш бата Ақшы өзенiнiң бойында жайылған жүз қаралы жылқыға 

тап бердi. Қас қылғанда, жылқы күзетшiлерi дереу атқа қонып, 

бұлардың iзiне түстi. 

Жылқыларды  алтауы  алты  жақтан  қыса  айдап,  Күреңтi 

шатқалына жақындай бергенде, үйiрбасы дәу қара айғыр айдауға 

көнбей, керi қарай қашты. Әмiр оны ұзын құрығымен сабалап, 

қайтарам деп қанша тырысса да ол ары ойқастап, берi ойқастап, 

шатқалға  кiрер  жолға  жолар  емес.  Жол  басшыларының  керi 

қашуға  әрекет  жасағанын  көрген  басқа  жылқылар  да  iлгерi 

баспай,  бiр  орнында  иiрiлiп  тұрды  да  қалды. 

—  Тастан,  Кендiр,  анау  айғырға  барып,  үшеулеп  айдауға 

ұмтылыңдар!  Бiз  мына  жылқыларды  шашау  шығармай  ұстай 

тұрайық,  —  дедi  Көбек. 

Әмiрге  бой  бермей  ары-берi  қашқақтаған  дәу  айғырға  ендi 

үшеулеп жабылды. Бiрақ қара айғыр бәрiбiр бұлар айдаған жаққа 

жүре қоймады. Айғырдың айдауға көнбесiн бiлген Көбек:

—  Әрiпбай,  атып  тастай  сал  оны.  Басқа  амал  жоқ.  Ол  тiрi 

тұрғанда  жылқылар  шатқалға  әсте  кiре  қоймас.  Бол  тез.  Оқта 

мылтығыңды!  —  деп  бұйырды.

Бұйрықты екi етпеген Әрiпбай бердеңкесiн оқтап, үш ұрының 

алдынан  қашып  кете  алмай,  жанталаса  шапқылаған  қара 

айғырдың  жанына  шауып  барды.

Қара айғыр өзiне төнген ажалды сездi ме, басын төмен тұқырта, 

бiр  орнында  айнала  аласұрды.  Оған  үш-төрт  қадамдай  тұрған 



95



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет