Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет44/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

жеңсе,  онда  айтқандарыңды  беремiз.  Келiсесiңдер  ме?  —  дедi 

Сүлеймен.

 Бiрақ өзбек жiгiттерi бұл сөзді елең қылмады. Қайта:

— Сен сияқты арам қазақпен жекпе-жекке шығу бiз үшiн ұят, 

— деп бәрi бiрдей бұған жабыла кеттi. 

  Алғаш  ұрған  сайрамдықтың  таяғы  тура  тобығына  тидi. 

Ат  үстiнде  отырған  адамның  ең  осал  тұсын  ол  да  бiледi  екен. 

Алайда соққы қатты дарымады. Сонда да соққы жанына батқан 

Сүлеймен  ақырып  жiберiп,  аттан  секiрiп  түстi  де,  жан-жағын 

қаумалаған олармен айқаса кеттi. Өздерiн дәумiз деп есептеген 

өзбектердiң  бойлары  Сүлейменнiң  иығынан  ғана  келедi  екен. 

Бiрақ  қолдарында  қара  ағаштан  жасалған  шоқпары  бар  олар, 

бұдан ықпай, лезде сiлейтiп саламыз деп ойлады-ау, әстi, аттан 

түсе  бергенде  жақындау  тұрған  бiреуi  шоқпармен  мұның 

арқасынан  аямай  салып  қалды. 

 Шоқпар оңбай тидi. Ауыр соққыдан жаны одан бетер шықты, 

тағы да бiр ақырып, оған бұрылғанда, екiншi бiреуi бастан ұрды. 

Құдай сақтағанда, сойылдың ұшы басқа тимей, иыққа сарт еттi. 

Сүлеймен лезде ес жиып, әлгiнiң сойылынан шап берiп ұстай ап, 

өзiне тартып қалды. Жiгiт өз екпiнiмен алдыға  қисалаң еттi. Осы 

кезде оның желкесiнен тап беріп, екiншi қолымен басынан перiп 

жiбердi.  Анау  құламағанымен  тiл-ауыздан  айырылып,  көздерi 

алақ-жұлақ  етiп  теңселiп  кеттi.  Қаны  қарайған  бұл  оны  сол 

тұрысында жағасынан алып лақтырып жiбердi. Ол сорлы ұшып 

барды да Сүлейменнiң атының сауырына сарт тидi. Үркiп кеткен 

ат ары қарай шошып түсiп, аяғын сiлтеп қалды. Аттың тепкiсi 

әлгiнiң  басына  тақ  еттi.  Сүлейменнiң  бiр  жiгiттi  көздi  ашып-

жұмғанша қаңбақтай домалатқанын көрген сайрамдықтар бiр сәт 

аңтарылды. Ал Сүлеймен жолбарыстай атылып барып, жанына 

таяу  тұрған  екiншiнi  ұрып  құлатты.  Ол  да  дауыс  шығаруға 

шамасы  келмей,  талып  түстi.  Одан  соң  өзiне  таяғын  оңтайлап 

жүгiрген  үшiншiнi  шалып  құлатты  да,  оны  қап  көтергендей 

жоғары  көтерiп  тұрып,  жерге  кiргiзiп  жiберердей  бар  күшпен 

алып ұрды. Үш жiгiтiнiң сiлейiп қалғанын көрген басқалар қаша 

жөнелдi. Ашудан өзiн-өзi билеуден қалған ол, бәрін  қуып жүрiп 

ұрды.



92

Сүлеймен қарақшы

 Не керек, әп-сәтте сегiз сайрамдық өзен жағасында сiлейiп 

жатты.  Жылдам  жүгiретiн  қағылездеу  төртеуi  қашып  үлгердi. 

Сүлейменнiң жеңiсiне масаттанған Төрехан мен Байтұр есектен 

домалап түсе сала: “ Бiздiң түйе балуанмен төбелесетiн сендер 

кiмсiңдер”,— деп сiлейiп жатқан арттарынан теуiп жүр. Ұрудан 

айызы қанбаған Сүлеймен де оларға қосылып, анау сорлыларды 

бiр-бiрлеп тағы тоқпақтады. Ал жаңағы ат тепкен жiгiтте қимыл 

жоқ. Бет-аузының бәрi қан. 

…Екi-үш күннен кейiн Сайрамнан даугерлер келдi. “Не дейсiң, 

әнеукүнгi төбелесте бiр жiгiт өлiп қалыпты. Оны ұрып өлтiрген 

Сүлеймен деген дәу екен”, — дейдi олар. Мұндайда қарсыласқа 

дес беретiн Досалы ма. Қайта, екi жақ айтыста сайрамдықтардың 

өздерiн  кiнәлi  етiп,  ал  өлгендi  ат  тепкiсiнен  өлген  адам  деп 

тауып, оларға құн да төлемедi. Осылайша, әп-сәтте сегiз адамды 

жайпаған  Сүлейменнен  ендi  кiм  ықпасын.  Шамына  тиген  сәл 

сөзден  бiр  көтерiлсе  оңайлықпен  басыла  қоймайтын  бұған, 

Көбектен  басқа  серiктерi  абайлап  сөйлейтiн.  Cүлейменнiң  осы 

мiнезiн  бiлетiн  Досалы  барымташылар  далаға  шыға  бергенде:

— Әй, Сүлеймен! — деп дауыстап тоқтатты оны. Бидiң сөзiне 

Сүлеймен ғана емес, барлық жiгiттер де тоқтады. — Арлан бөрi 

ұяласына кектенбейтiнi бар. Сен арлан болсаң, жаныңдағылардың 

бәрi бiр-бiр сырттан екенiн естен шығарма. Естуiмше, бiреудiң сөзi 

басыңнан сәл асса, асау айғырдай тарпып, кәрленген арыстандай 

ақырып,  бассалатынға  ұқсайсың.  Қайратты  жiгiтке  шырт  етпе 

шәлкес мiнез жарасқан емес. Қауiптi сапарда бiр қалжың сөзiне 

бола досыңды қасқа санама. Болмайтын жерде күшiңдi бұлдай 

берсең, досыңа қадiрiң кетер. Ұстамды бол.

  Бидiң  ненi  меңзеп  отырғанын  Сүлеймен  бiрден  ұқты.  Бiр 

би  емес,  Көбек  те  осы  тақылеттес  ақылды  көп  айтатын.  Бiрақ 

Көбекке дауыс көтерiп қатты сөйлемесе де, оны оңай қайтарып 

тастайтын. Ал Досалының бетiн қалай қайтарасың. “Құп, биеке” 

— деп қолын кеудесiне қоя, басын бiр иiп, үйден шыға бердi.

—  Қанша  мықтымын  дегенiңмен  биге  қарсы  уәж  айта 

алмайсың,  ә,  —  деп  қағытты  Кендiр  шыға  берiсте. 

—  Қара  жын  мен  перi  де  патшасын  тыңдаған  ғой,  —  деп 

қостап  қойды  оны  Әмiр.

— Өшiрiңдер үндерiңдi! — деп ақырды Көбек оларға. — Осы 

сендер  кесiрленiп  сөйлеп  қалмасаңдар,  iштерiң  кебе  ме,  түге. 



93



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет