Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет105/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Бүгiн  жаңа  өкiмет  бекiткен  жаңа  жылдың  бiрiншi  күнi.  Сол 

өкiметтiң  өкiмiмен  бұл  күн  он  екi-он  үш  жылдан  берi  қалың 

бұқара үшiн демалыс. Сондықтан болар, Ажан айдаған есек арба 

күн  ұясынан  шыға  бере  тәжiк  қышлақтың  шетiне  iлiккенше, 

көшеде әшейiн күндерi бұл мезгiлде iске асығып бара жататын 

адамдардың бiрi де көрiнбедi. Қышлақ арасы тым-тырыс. Осыны 

пайдаланған  Ажан:

—  Құдай  бiздiң  ниетiмiзге  демалыс  күнiн  тап  қылғанын 

қарашы.  Көшеде  жан  жоқ.  Аздан  соң  Шалпардың  есiк  алдына 

барып  тоқтаймын.  Өзiм  хабар  берген  ыңғайлы  сәтте  атып 

шығарсың.  Қанжарыңды  ұмытқан  жоқпысың?  —  дедi  шөп 

астында  жатқан  Сүлейменге  жәй  ғана  сөйлеп.

—  Белгi  берсең  болды,  атып  шығамын.  Сен  алдымен  оның 

итiн  бiр  жақты  қылуды  ойластыр.

— Жарайды, ит — менiкi. Шалпар — сенiкi. Айтпақшы, қатын, 

бала-шағасының да үнiн өшiру менiң мойнымда.

  Жұқа  қары  мұздаққа  айналған  айқыш-ұйқыш  қотыр 

жолдармен бiраз жүргеннен кейiн Ажан “ышша” деп есектерiн 

тоқтатып,  арбадан  түстi.  “Келдiк-ау”  деп  ойлады  Сүлеймен. 

Ажан: “Шалпар, оу, Шалпар!” — деп айқайлады дарбазаны ұра. 

Ар жақтан қандай жауаптың шыққанын естiген жоқ, тек аздан 

соң: “Берi шығып кетшi” деген Ажанның даусын естiдi. Артынша 

шиқылдап дарбаза ашылды. Ажанмен шыққан адам күбiр-күбiр 

сөйлесiп,  арбаға  жақындады.

— Не бар дедiң шөптiң астында?

—  Бiраз  мылтықтар  мен  оқ-дәрiлер.  Бұқардың  қайқы 

қылыштары да бар. Көшеде арбаны ешкiм көрмей тұрғанда iшке 

кiргiзiп,  содан  соң  саудаласайық,  Шалпар,  —  дедi  Ажан.

—  Сонда  әр  мылтықты  қанша  пұлға  бағалайсың? 

Кәне,  көрейiншi,  қандай  мылтықтар  өзi?  Орыстардiкi  ме, 

ағылшындардiкi ме? — деп Шалпар арба үстiнде Сүлеймендi сәл 

ғана жауып жатқан шөптiң шетiн қолымен аударыстыра бастады.

— Ойбай, Шалпар, ашпа шөптi! — деп шаңқ еттi Ажан. — 

Бiреу-мiреу  байқап  қалар.

—  Бұл  жерде  мен  тұрғанда,  көшеге  қарап  ешкiм  мойнын 

созбайды. 

Шалпар шөптi одан бетер арши түстi.

— Шалпаржан-ау, арбаны iшке кiргiзейiк те. Одан соң өзiм-ақ 

шөптi аударып тастаймын.




217

Сүлеймен қарақшы

  Шалпар  тоқтар  емес.  “Қане,  қайда  мылтық,  оқ-дәрiлерiң?” 

—  деп  арбаның  ана  шетiне  бiр,  мына  шетiне  бiр  шығып,  шөп 

арасына қолын сұғып-сұғып қояды. Бiр кезде қолы Сүлейменнiң 

денесiне  тиiп  кеттi.

— Жұп-жұмсақ бiрдеңе жатыр ғой мұнда, — деп сол тұстың 

шөбiн аудара бергенде, Сүлеймен оның екi қолынан шап берiп 

өзiне  қарай  тартып  қалды.  Шалпардың  кiндiк  тұсы  арбаның 

шарабасына оңбай соғылды да, бетiмен шөпке етпеттей құлады. 

Үстiндегi  шөптi  басымен  сiлкiп-сiлкiп  тұра  келген  Сүлеймен 

оның қолдарын босата салып, алқымына жармасты. Ажан қарап 

тұрмай,  қанжарын  Шалпардың  жауырын  астына  кiрш  еткiзiп 

сұқты  да,  аяқтарын  көтерiп,  арба  үстiне  лақтырып  жiбердi. 

Сүлеймен  оның  қаба  сақалы  мен  сықсиған  көзiн  көргенде  бар 

ашуы  сыртқа  атып,  алақанында  тұрған  жуан  мойынды  тiстене 

мытып-мытып жiбердi. Не болғанын түсiнбей де қалған Шалпар 

сорлы  аяқтарын  бiр-екi  рет  тыпырлатуға  ғана  шамасы  келдi.

— Жап үстiме шөптi. Ендi Исламқұлға тарт!

— Ә-ә, мұның жөнi жүдә оңай келдi. Жатсайшы өзiң. Мұны 

қатарыңа  жатқыз. 

Ажан  шөптi  екеуiнiң  үстiне  үйдi.  Арба  шиқылдай  орнынан 

қозғалды.

 Сүлеймен ол қашан тоқтағанша, шөп астында қырынан жатып 

алып,  Шалпардың  мойнынан  қолын  босатпады.  Шалпардың 

алқымын  қайта-қайта  мыты.  “Иттiң  Ажанның  қанжарынан  тез 

өле қалғанын қарашы. Бiраз алысып, айызымды қандырғанымда 

болар едi”.

Көп өтпей арба тағы тоқтады.

— Сүлеймен, әзiрше жан-жақта ешкiм жоқ. Шөп астынан тез 

шық та, қатарыма отыр. Исламқұлдың үйiне қатар кiремiз.

— Келдiк пе? Қайсы үйi? Сұмырай, үйiн хан қорғанындай қып 

қоршапты ғой. Үйiне кiру үшiн не сылтау табамыз?

— Кешегi келiскен сөзiмiздi айтамыз да. Жүр, малай-құлдары 

малдарымен  әуре  болып  жатқанда,  Исламқұлдың  отырған 

бөлмесiне  кiрiп  алайық.

  Екеуi  арбадан  түсiп,  қақпаға  жақындады.  Оны  бiр-екi  рет 

ұрғанда iш жақтан белiне ұзын қылыш таққан бiр жiгiт есiк ашты.



218



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет