Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет107/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   265
Сүлеймен қарақшы

ашылған күйi қиқына дем алып, бүк түстi. Ажан қанжарындағы 

қанды  дастархан  шетiне  сүрттi:

— Ендi есiк алдындағы жаңағы итаршысын жайғайық. Одан 

соң бiзге қауiп жоқ шығар. 

Екеулеп  есiкке  жеттi.  Ажан  “арғы  бөлмеде  ешкiм  жоқ  па?” 

дегендей, оны жайлап ашты да, сығалап қарады. Мұнда ешкiм 

көрiнбегесiн,  екiншi  есiкке  жеттi.  Үшiншi  ауызғы  бөлме  де 

бос.  Тек  кiре  берiс  дәлiзде  манағы  келiншек  пен  қарауыл  тұр. 

Сүлеймен есiк артында қалып, Ажан дәлiзге шықты. Оны көрген 

қарауыл:

—  Құрбашымен  әңгiмеңiз  тез  бiтiп  қалды  ма?  Жылдам 

шығып қалдыңыздар ғой. — Сосын әлденеден сескенгендей: — 

Жаныңыздағы  серiгiңiз  қайда?  Әлде  құрбашы  менi  шақыртты 

ма? — деп келiншекке бiр, Ажанға бiр қарады да сөзiне жауап 

күтпестен  iшке  қарай  қойып  кеттi.

  Ол  еңкейiп  есiктен  өте  бергенде,  босаға  жанына  жабысқан 

оның  қарақұсынан  қойып  қалды.  Кiмге  болса  да  жалаң 

жұдырығының  соққысы  күрзiдей  тиетiн  Сүлейменнiң  бiр-ақ 

ұрғанынан  қарауыл  сорлы  желкесi  үзiле  жерге  қадала  құлады. 

“Ә” деуге шамасы келмей, еденге гүрс еткен қарауылды көрген 

келiншек айқайлай берем дегенде, Ажан оның аузын алақанымен 

басып,  iшке  сүйреп  кiргiздi.

—  Артымыздан  шыңғырып  жүрер.  Мұны  да  бiр  ұрып, 

талдырып  тастайық.

— Ұрсаң, өзiң ұр. Менiң ендi әйелге қол көтеруiм қалып па?

—  Кешiр,  қалқам.  “Жауды  аяған  жаралы”  дегендей,  әйел 

болсаң да, сен де бiздiң бiр жауымызсың. Аман тастап кетсек, 

артымыздағы  қиқуға  себiң  тиiп  жүрер. 

Ажан  қорқыныштан  ес-түссiз  күйдегi  келiншектi  төбелеп-

төбелеп,  сылқ  түсiрдi.

  Ойлағандарын  осылайша  iске  асырған  екеуi  Исламқұлдың 

қақпасынан шықты. Шығып бара жатқандарында бұларға ешкiм 

назар аудармады. Малайлар мен қызметшiлер өз шаруаларымен 

әуре боп жатты. Екеуi көшеде тұрған есек арбаға тез-тез мiнiп 

көше басына тартты. Көше шетiндегi қалың тұттың қасында екi 

құр атты жетектерiне алған Аязбек пен Төрекелдi тұр екен. 



221

Сүлеймен қарақшы

—  Мимырт  жүрiстерiңе  қарағанда,  ештеңе  бiтiре 

алмағансыңдар-ау,  —  дедi  Аязбек  өз  атынан  түсiп  жатып.

— Әсте олай емес. Қайта екеуiнiң де жайын тез таптық. Ой, 

сен, неге атыңнан түстiң? Мiн тез! Бiз де мiнейiк аттарға. Мына 

тәжiк қышлақ дәл қазiр үстерiне жай түскендей болады, — дедi 

Ажан. 

— Ойпырмай-ә, шынымен екеуiн де демде бажарып келдiңдер 



ме? 

— Ажан мына есектер мен арбаны қайтпекпiз? — дедi Аязбек.

— Осы жерде қалдырамыз.

—  Бiреу-мiреу  бұлардың  сенiкi  екенiн  танып  қойып,  ертең 

мiлисаға  айтып  жүрмей  ме?

— Бұлар менiкi емес. Түнде Ажабадағы бiр сарттың үйiнен 

ұрлап шыққам. Ау, ендi тұра бермейiк. Мына қамыс-ты жағалап, 

ордаға  дейiн  жүрейiк  те,  одан  соң  екеу-екеу  бөлiнiп,  Қоқанға 

шығыс жақ шеттен кiрейiк. Мен Сүлеймендi үйге алып кетемiн. 

Аязбек, кешке сенiң үйiңде жолығайық.

 Осы оқиғаның ертесiне бұлар күткендей-ақ бүкiл Қоқан дүр 

еткен. Мiлиса да екi-үш күн ары-берi шапқылап, өлтiрушiлердi 

iздеген.  Әрине,  шын  iздегенде  табар  ма  едi,  бiрақ  өздерiне  де 

Исламқұлдың  өлiмi  керек  болды  ма,  әйтеуiр  iздеудi  тез  тиды. 

Бәлкiм, Қоқан мiлисаларының басшылары оны тек сорып отыру 

үшiн оған ерiк берген-ау. Әйтпесе шын достары болса өйтпес-

тi. Үш қатыны мен баскесер жандайшаптары пiрлерiнiң өлiмiн 

iздестiруге  қауқар  да  таныта  алмады.  Ол  өлген  соң  артындағы 

малдары  мен  дүние-мүлiктерiн  өкiмет  өз  қарамағына  өткiзiп 

алды. Сөйтiп Исламқұлды жұрт бiрте-бiрте естен шығарды. Бiрақ 

Исламқұл  өлгенiмен  Қоқанда  қарақшылық  тиыла  қойған  жоқ. 

Қарақшылық болғанда — ашық қарақшылық емес. Сырт көзге 

көрiнбегенiмен, күн сайын бiр бұзақылық жасайтын баукеспелiк, 

баскесерлiк iстердi машық еткен кiлең бұрынғы басмашылар мен 

ұрылардан тұратын топтардың қарақшылығы. Қоқандағы жаңа 

өкiмет қазiрше оларды жусатып салуға дәрменсiз. Исламқұлдан 

кейiн Сүлеймен олардың талайымен алысты. Бiрiн жеңдiм десе, 

алдынан тағы бiрi шығады. Арпалыспен өтiп жатқан өмiр…




222



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет