Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет111/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   265
Сүлеймен қарақшы

қой берiп, өзiмiзге қаратып алғанымызға үш күн болды. Солардың 

ауласында екеу-үшеуден тығылып тұрып, сенiң дарбазаңнан көз 

алмай отырамыз. Әйтпесе көшеде сенделiп немiз бар. 

— Әй, сендерден де айла артылмайды-ау.

 Ажан үйден шыққан кезде Сүлеймен аула шетiндегi ақырдағы 

қарагерiне шөп салып келдi. Содан үшеуi түн жарымына дейiн 

әңгiме  құрып  отырды.  Атамқұл  бағана  ауыз  бөлмеге  жатып 

қалған. Бiр кезде Төрекелдi далаға шығып келдi.

—  Төбеде  шолпан  туып  қалыпты.  Күткен  адамдарымыз 

келмейдi-ау,  сiрә.

—  Кейбiр  ұры-қарақшылардың  таң  ата  қораға  түсетiнi  бар. 

Тәшкендiктердiң  де  сондай  әдеттерi  болып  жүрмесе  игi... 

  Төрекелдi  осылай  дей  бергенде,  ауладағы  ақырда  тұрған 

қарагер қысқа ғана күркiрей кiсiнеп, тебiнгендей болды. Оның 

нелiктен  бұлай  мазасызданатыны  бұларға  аян.

—  Мынау  тегiн  белгi  емес,  —  деп  үшеуi  атып-атып  тұрып, 

ауызға бөлмеге қарай жылжыды. Содан кiре берiс есiк жанындағы 

тесiктен  үшеулеп  сыртқа  сығалады.  Осы  сәт  үй  сыртындағы 

дуалдан  бiреудiң  дүңк  етiп  асып  түскен  дыбысы  шықты. 

Артынша  аула  iшiнен  әлдекiмнiң  қараңдаған  сұлбасы  көрiндi. 

Әлгi  қараңдаған  баяу  басып,  үйге  жақындады.

— Сүлеймен, сен есiктiң арғы жақтауына жасырын. Төрекелдi, 

мылтықты алып, iшкi есiк алдында дайын тұр. Мен Атамқұлдың 

бас жағына тығылайын, — дедi Аязбек сыбырлап.

— Келе жатқан бiр-ақ адам-ау деймiн…

— Қазiрше бiреу сияқты. Сонда да үшеумiз үш жақтан дайын 

тұрайық та.

 Атамқұл басын ошаққа берiп жатқан. Аязбек келте шоқпарын 

оңтайлай  ұстап,  сол  ошақтың  тасасына  тығылды.  Сүлеймен 

есiктiң ашылар жақтауына тұрды. Төрекелдi iшкi бөлмеге кеттi. 

Сырттағы  адам  жайлап  келiп,  есiктi  тартқылады.  Бағана  бұлар 

оның iлгiш жiбiн әдейi осал етiп байлаған. Бiрақ анау есiктi бар 

күшпен  тартқыламай,  бiр-екi  рет  ырғап-ырғап  қойды.  Аз-мәз 

сәттен  соң    есiк  пен  оның  жақтауы  арасына  қарыла  сұғылған 

әлдеқандай  заттың  дыбысы  есiтілдi.  “Жапсарға  пышақ  сұғып, 

жiптi  қимақшы  ғой”.  Ойлағанындай,  бiраздан  кейiн  жiптiң 



229

Сүлеймен қарақшы

қиылғаны бiлiндi. Мұны қараңғыда көрмесе де, жiптiң шиқылдап 

қиылған  бәсең  даусынан  сезiп  тұр.  Жiптi  қиғасын,  анау  еппен 

есiктi ашты. Бiрақ кiрмей, бiрауық кiдiрдi. Үй iшiн Атамқұлдың 

қорылы кернеп тұр. Әлгi адам осы қорылдың ырғағын аңдып, тағы 

бiраз тұрды. Әлденуақытта iшке жайлап бас сұқты да, босағада 

қалт тұрды. Сiрә, қамыс арасында жемтiгiн аңдығанда үш басып, 

үш тоқтайтын жолбарыстай әккi-ау. Тез-тез қимыл көрсетпейдi. 

Жымсыз келiп, бар iсiн шыңсыз бiтiрiп кетуге дағдыланған жау 

iшке  кiргенде,  есiк  жақтауындағы  iлулi  шапанның  тасасында 

тығылған Сүлеймен демiн iшке тартып, тына қалған. Орта бойлы 

келген  анау  босағада  ұзақтау  аялдаған  сайын,  жауын  көргенде 

шыдай алмайтын әдетi қозып, “осыны бiр ұрып дуалға жабыстыра 

салсам  ба  екен”  деп,  кеудесiн  сабырсыздық  жайлады.  Алайда 

оның әрi қарай не қылмағын көрейiн деген ойы бұл ниетiнен бас 

тартқызды. Әрi мұның жалғыз еместiгiне де көз жеткiзу керек.

Үйге ұрланып келген жау  қорылдап жатқан Атамқұлға қарай 

жүрдi.  Қараңғыда  Сүлеймен  оның  бет-жүзiн  анық  көрмесе  де, 

әрбiр қимылын ажыратып, қалт жiбермей тұр. Жау Атамқұлдың 

кеуде  тұсына  барғанда  кiдiрдi.  Сосын  еңкейiп,  көрпеге  үңiлiп 

қарады.  Қарап  алып,  бойын  қайта  тiктедi.  Бұдан  соң  кәдiмгi 

мал  бауыздайтын  адамдай  тiзерлеп  отырды.  Сүлеймен  жаудың 

бұл отырысының мәнiсiн бiрден ұқты. Жатқан адамды түрегеп 

тұрып,  бауыздау  қиын.  Тiзерлеп  отырып  пышақтау  оңай. 

Атамқұлдың кеуде тұсына тiзерлеген жау ол жамылған көрпенiң 

бас жағын жайлап сыпырды. Ендi бiр сәт кешiксе, оған пышақ 

ұрылатынын  бiлген  Сүлеймен,  “Е-е-ей!”  деп  айқайлап  жiбердi 

де,  атылып  барып,  оң  жұдырығымен  тiке  бiр  соқты.  Оқыстан 

шыққан дауыстан шошынған анау бұған қарай бұрыла бергенде, 

дәл аузынан тиген ғаламат соққыдан сұлап түстi. Сұлап түскенде, 

ошақ тасасындағы Аязбек оның үстiне қона кеттi. Бiрақ ол сорлы 

бұл кезде ес-түссiз қалған едi.

—  Сыртты,  сыртты  бақыла,  Сүлеймен.  Тағы  бiреулерi  кiрiп 

келмесiн,  —  дедi  Аязбек  қалтасынан  жiп  шығарып.  —  Мен 

мұның  қолын  байлап  тастайын.

 Төргi бөлмеден атып шыққан Төрекелдi мылтығын алға кезеп, 

сыртқы есiктiң аузына келiп тұрды. 



230



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет