Детективті хикаят



бет3/8
Дата28.03.2022
өлшемі1,02 Mb.
#29058
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Бұл — болашақта жапан далада құйған жаңбыр асты мен соққан боранның өтiнде жалғыз өзi талай рет қалып кетуiне тура келетiн Сүлейменнiң; сондай сәттерде кешегi түсiне кiрген ақбоз ат мiнген қара киiмдi, қара сақалды кiсiмен тiлдесiп отыратын Сүлейменнiң; екi мәрте сондай боранды түндерде аш қасқырлардың қоршауына қалып, олардан тек күштiлiгiнiң арқасында ғана аман құтылатын Сүлейменнiң; келешекте

тұрақсыз өмiр, талай жердiң дәмiн таттырған күрделi ғұмыр өткiзетiн Сүлейменнiң; жұрт өзiн Құдайдай көрiп, алдында құрдай жорғалайтын, күллi Тәшкеннiң ұры-қарақшыларының пiрiне айналатын, олар үшiн ақ дегенi — алғыс, қара дегенi — қарғыс болатын Сүлейменнiң; небiр соттар мен прокурорлар өзiн көргенде тұтығып сөйлей алмай қалатын Сүлейменнiң; ал әзiрше Қайыршақтының түбiнде топырақ төсенiп, тас жастанып жатқан Сүлейменiң ойы едi…

…Бiреудiң түрткiлеп оятқанынан Сүлеймен көзiн ашты да, бүркенген күпiсiн басынан сыпырды. Күн шақырайып, кiшi сәскеге көтерiлiп қалыпты. Үстiнен Әрiпбай төнiп тұр.



    • Тұр-ей, батыр. Түк бiлмей ұйықтайсың ғой, жүдә, қорылдап.

Жорыққа шыққан адам бұлай ұйықтамайды.

    • Бiздiң қатарымызға бiрiншi қосылған адамға осылай сөйлей ме екен? Қайта, оянған кезде: “Қалай ұйықтадың?” деп сұрамайсың ба? — дедi анадайда отырған Көбек.

Басын көтерiп, жан-жағына қарады. Алғаш көзiне түскенi қызғылт бетi күнге жалтырап тұрған құмдауыт жарқабақтың түбiнде сiресе жиналған ұшы-қиырсыз топ ебелектер болды. Жел үрлеп, сайға тығып тастаған сол ебелектердiң бергi шетiн Тастан мен Кендiр аршып жатыр. Олардан сәл әрiрек ашық алаңқайдағы сарғыш тартқан боз үстiнде бiр-бiрiне қосақталған аттар жайылып жүр.

    • Аналар не iстеп жатыр, нағашы?

    • Там салып жатыр.

    • Там салғаны несi? Қу ебелектен там тұрғызушы ма едi?

    • Тұрғызғанда қандай! Оны қазiр көресiң. Сен тұрып анау еттен бiраз жеп ал да, оларға көмектес.

Көбектiң ойында бiрдеңе барын сезген ол, басқа ештеңе айтпай, орнынан тұрды. Жайылып жүрген аттардың жанындағы көлшiкке жуынып келiп, Көбектiң қасына отырды.

    • Шынында, Көбеке, мыналар не iстеп жатыр? — деп тағы сұрады Сүлеймен еттi аузына салып жатып. — Араларында Әмiр көрiнбейдi ғой.

    • Мен саған қалжыңдап отырғаным жоқ. Расында олар там салып жатыр. Бiрақ оны там деуден гөрi ұя деуге болады.

    • Бұл сөзiңiздiң не шын, не қалжың екенiн бiлмей, дал болып отырмын, нағашы.

    • Онда жiгiттердiң не iстеп жатқандарын айтайын. Ебелек басып жатқан сайдың түбi терең. Қордаланған ебелектердiң бiр шетiн үй орнындай етiп сайдың түбiне дейiн аршып тастасақ, кешке дейiн өзiмiз тығылып жататын ұя пайда болады. Ет жеп болсаң, бар, Тастандарға көмектес. Бiраздан кейiн олар қандай ұя жасап шығаратынын өз көзiңмен көресiң.

Сүлеймен қалған еттi орамалға түйдi де түйiншектi қоржынға салып, орнынан тұрды. Үстiндегi күпiсiн шешiп, жеңiлденген соң тұтасқан қалың ебелектiң тура ортасын айырмен аршып жатқан жiгiттердiң жанына келдi. Олар ебелектiң бiраз жерiн үңгiп тастапты.

    • Ә, жәрдемге келдiң бе, бала? Мә, мына айырды қолыңа ал. Мынау ебелектердi тура маған ұқсап, жан-жағын теп-тегiс етiп аршы. Екi жағы осылай дуал сияқты болып тұруы керек.

    • Айырды қайдан алғансыңдар өзi, Кендiр? Кеше қолымызда құрық пен сойыл, мылтықтан басқа ештеңе жоқ едi.

    • Бұл айырлар осы ебелектiң астында әлiмсақтан берi тығулы жатыр. Бiзден бұрынғы ұрылардан қалған айырлар ғой.

Кендiр берген айырды қолына алып, ебелек аршуға кiрiстi. Әлден соң ебелектiң ортасы төбе жанынан қазылған үлкен ордай болып, үңiрейiп шыға келдi. Осы кезде бұлардың жанына Көбек келдi:

    • Болды, жетер. Ендi анау сәмбi талдардың ағаштарын екi дуалға көлденең тастаңдар да үстiн жабыңдар. Күн болса түске таяп қалды Аттарды жасырайық. Мына жерден жүргiнше ме, малшы ма өтетiн болса, бiздi байқап қалар. Тезiрек қимылдаңдар! Әрiпбай мен Кендiр тура жарқабақ түбiне үйiлген ебелектердiң астынан жуандығы бiлектей-бiлектей ұзын-ұзын ағаштарды суырып алды. Тастан оларды шетiнен алып, жаңағы өздерi

аршыған ұяның үстiне көлденең тастады.

    • Әй, бала, неғып тұрсың? Көмектессейшi.

Екеулеп ағаштардың бәрiн тура тамға салғандай етiп, нығыздалған ебелек дуалына салды. Оны болған соң қолдарын соза жүрiп, ағаштардың үстiн қайтадан ебелекпен жапты. Сөйтiп әп-сәтте Көбек айтпақшы, шап-шағын ебелек-там дайын болды. Биiктiгi кiсi бойындай. Аттар iшiне емiн-еркiн сияды. “Ойпырмай, ойламайтындары жоқ-ау. Дәл мынау жарқабақ түбiндегi қалың

ебелектiң астында бес-алты ұры тығылып жатыр десе, ешкiм де сенбес-ау. Бiздiң бес қаруымыз — бес күн жүрiп баратын жерiмiзде дайын жатады деп едi кеше Көбек бiр сөзiнде. Рас екен. Мына ағаштар, мына қос айыр қысы-жазы осы ебелектiң астында тығулы жатады екен де. Тiсқаққан-ау, нағашым, тiсқаққан. Бәрiн алдын-ала ойластырып қоятынын қайтерсiң”.



    • Бiздiң iсiмiзге таңқалып, ойланып тұрсың ба, бала? — дедi

Әрiпбай бұған қарап. — Бiзбен бiрге жүре берсең, әлi талай таңқалып, талай ойға қаласың. Әр жерде бұлай аузың ашылып тұра берсең, қолға тез түсесiң. Жүр, одан да аттарды жетектеп келейiк. Тастан, Кендiр, сендер де жүрсеңдершi.

Төртеуi барып, аттарды жетектеп келдi. Оларды ұя-тамға кiргiзген соң, үшеуi қоржындағы ат дорбаларға жем салып, аттардың тұмсықтарына iлдi.



    • Осыдан бұларды кешке бiр-ақ жемдеймiз, — дедi Тастан.

  • Сен, Сүлеймен, бар да анау жатқан қоржындарды, киiмдердi осында алып кел. Ендi кешке дейiн жатып, ұйықтай беруiңе болады.

Тастанның айтқандарын ұя-тамға әкелгенде, жарқабақтың төменгi жағынан екi атты кiсi көрiндi.

    • Әмiр мен Елсапа келе жатыр, — дедi Кендiр.

Бәрi солай қарасты. Аздан соң екi атты бұлардың жанына кеп түстi.

    • Ассалаумағалейкүм, жiгiттер, — дедi Әмiрден бұрын аттан түскен Елсапа дегенi. — Бәрiң iн аузына жатып, қой аңдыған қасқырдай болып отырып алыпсыңдар ғой, түге. Басқа басқа, сен, Көбек, Әмiрдi жiбергенше үйге өзiң-ақ бара бермедiң бе?

    • Барар едiм-ау, Елсапа. Былтырғыдай Еңсеп старшынның көзiне түсiп қалсам, пәлеге бiр түнде қарасын батырып кететiн мен емес, сен қаласың ғой. Осы жағын ойладым да. Иә, қалай, үй-iшiң, мал-жаның аман ба? “Тез жетсiн” деп хабар берген екенсiң. Айтқан күнiңе дөп келiп отырмыз.

    • Бек жақсы жеттiңдер, бек жақсы. Ал үй-iш болса, аман. Өздерiң қалай? Ел iшi тыныш па? Досекең бақуат болар? Өткен жолғы сыбағамды түгелiмен берiп жiберiптi. Ертең барғанда ырзалығымды жеткiзерсiң. Ойбүй, мына Әмiр барған соң асығып жүрiп, үйде шақшамды ұмытып кетiппiн. Қайсысың насыбай атушы едiңдер? Берiңдершi.

Ол Көбек берген насыбайды атып алған соң тағы бiраз әңгiмелердi айтып отырды. Сөйлеп отырып, қайта-қайта

Сүлейменге көз тастап қояды. Бiрақ Көбектен “Мұның кiм?” деп сұрамады.



    • Хош, Көбеке. Қысыр сөздi сөйлей бергенше, iске кiрiселiк. Шыршықтың арғы бетiндегi шегiр жайлаудың үстiндегi Қотырбұлақта ағайынды Досыбай, Қосыбай бектiң үш үйiр жылқысы жүр. Үш үйiр жылқы үш бөлек жайылады. Әр үйiрде құлын-тайымен есептегенде қырық-елу жылқыдан бар. Жылқылар күндiз Қанбастаудың үстiне жайылады. Арғы асуға қарай жылқышылар жiбермейдi оларды. Ал кеш түсе әр үйiрдi бергi табанға түсiрiп жусатады. Жылқышылар үш үйiрдi бiр-бiрiне жақындатпай, әр төбенiң астына түнетедi. Бергi Қотырбұлақ маңында түнейтiн сары айғыр үйiрiн үш жылқышы күзетiп шығады. Менiң көптен берi дiттеп жүрген үйiрiм — сол. Ел жата, әлгi үш жылқышыны қапысын тауып, байлап тастауға болады. Одан соң жылқаларды тауға қарай айдап кету оңай. Оларды тау басындағы Теректi шатқалына бiр кiргiзсек, бiттi. Шыршық бастауына дейiн қауiп жоқ. Арғы жағында Құмдытас құзы таяқ тастам жер. Тағы бiр айтарым, үйiрбасы сары айғыр басқа айғырлардай асау емес. Қасқырға алдырмайтын тарпаң болғанымен, айдауға оңай көнетiн жануар…

    • Мұның бәрiн жақсы ойластырыпсың, Елеке. Барымтаға қашан кiрiсемiз?

    • Қайбiр жылғыдай үш күн аңдып керегi не? Тап бүгiн түнде айдап кетiңдер. Бұл маңға көптен берi ұры келген жоқ едi. Содан болар, бұл жердiң байлары қазiр арқа-бастарын кеңге салып, қауiп жайын ұмытқандай, тұсау-шiдерлерiн босатқан жайлары бар.

    • Шыршықтың арғы бетiне тағы да “Жайылма” өткелiмен өтемiз бе?

    • Жоқ. “Жайылмамен” өтсек, Қотырбұлақтан қиястау кетiп, ұзақ жүрiп қаламыз. Бiзге ең тәуiрi — Жанбай ауылының тұсынан өту. Ол тұста, кешiп өтуге болатын бiр өткел бар. Оны көп адам бiле бермейдi. Сол өткелден сендердi өзiм бастап өткiзiп берем. Шыршық пен Қотырбұлақтың арасы бие сауымдай мезгiл жүретiн жер. Егер iңiр қараңғылығында осы жерден аттанып кетсек, ел жатпаған мезгiлде межемiзге жетiп барамыз. Бұл уақытта жылқыны қарауылдайтындар ешнәрседен күдiктенбей, қаннен-қаперсiз отырады. Ұрланған үйiрдi Теректi шатқалына дейiн айдасып барсам, мен дереу керi қайтамын.

    • Сен, Елсапа, бiзбен бiрге Теректiге дейiн әуре болмай-ақ қой. Теректi мен ауылыңның арасы тым қашық. Үйiңе таң ата бiр- ақ жетсең, кiм бiледi, жолда бiреу-мiреудiң көзiне түсiп қалуың ықтимал. Сен қалай ойлайсың, егер бiз үйiрдi Теректiге қарай емес, Түлкiжортқан жотасының етегiмен Ғалабасайға қарай айдап, Дауыл би мазарының тұсынан Шыршық бастауының басынан бiр-ақ шықсақ қалай болар едi? Теректi шатқалынан гөрi бұл жермен мал айдау да оңай.

    • Ол жағын мен де ойлағам. Бiрақ Түлкiжортқанның етегiнде басқа рулардың да малдары жатады. Солардың үстiне тап келiп қалсаң қайтесiң? Басыңа пәле сонда төнедi. Одан да “аш құлақтан

  • тыныш құлақ”, Теректiге қарай кете берсейшi.

    • Иә, онысы бар екен-ау. Айтпақшы, өзiң жақын арада бiздiң ел жаққа түсiп қайтсаң болар едi. Менiң де көз тiгiп жүрген бiр үйiр тұяғым бар.

    • Ниетiмiз қалыс емес пе, Көбеке. Қар түспей сендер жаққа бiр түсермiн. Ал қазiр сендер жатып демалыңдар. Мен үй жаққа барып, кешiрек бiр-ақ келермiн. Ас-суларың бар ғой?

    • Ұрыға ауқаттың онша көп керек еместiгiн өзiң бiлесiң. Әйтеуiр жұтап қалмайтындай азын-аулақ тiске iлiктiретiн бiр нәрселерiмiз бар. Мейлi, кешке дейiн аман бол. Бiз бiраз көз шырымын алып алайық.

VI


Елсапа кеткеннен кейiн бәрi жатып, ұйқыға кiрiстi. Сүлеймен манадан берi манаурап отыр едi. Көбектiң “жатып демалайық” деген сөзiнен соң ердi жастанып, бiрден ұйқыға кеттi. Содан кешке Тастан оятқанша, тұяқ серiппей ұйықтады. Басын көтерсе, айналаны қараңғы басып келедi екен. Жiгiттер аттарға жем берiп, ерттеп дайындап қойыпты. Ұя-тамның шыға берiсiнде Көбек пен Елсапа әңгiмелесiп тұр.

    • Жиен, — дедi Көбек мұның тұрғанын байқаған соң. — Аттанатын уақыт болды. Анау қалған еттен асап-асап жеп ал. Осыдан ертеңге дейiн ауқат жоқ.

Еттi жеп болғанша, басқа ұрылар аттарды ұя-тамнан шығарып, есiк алдында қаңтарып қойды. Сонан соң ұя-тамды бұзып, ағаштарының бәрiн бағана азанда алған орындарына қайта тығып тастады. Бәрiн бiтiргесiн, Елсапаның “Аттанайық” деген даусы естiлдi. Ұрылар бәрi бiрдей атқа қонып, қалыптасқан салт бойынша, бiр-бiрiне тiл қатпаған күйлерi түстiкке бет алды. Саптың ең алдында Елсапа кетiп барады. Сүлейменнiң көзiне Елсапаның астындағы аты бағана мiнiп келгенi емес, басқа ат болып көрiндi. Зер сала қарап едi, тура өзi мiнген дәу торы сияқты аяқтары ұзын, белi жуан, жiңiшке мойынды жылқы екен. Мұның бiлуiнше, мұндай аттар шабысқа жарамсыз болғанымен, ұзақ жүрiске мықты келедi. Әсiресе, тау-тасты жолдарда бұлар таптырмайтын көлiк. “Шiркiн, алдағы күндерде Елсапамен таныстығым артып, осы атын қалауыма алсам ғой. Аты менiң астымдағы торыдан да мықты көрiнедi”.

Бiршама жүрiстен соң аққан судың сарылы естiлдi. Артынша тура алдарынан дененi тiтiркендiрер мұздай леп естi. Сүлеймен Шыршыққа таяп қалғандарын сездi. Алдағы Елсапа атының басын iрiктi.



    • Бәрiң берi жақындаңдар.

Көбек бастаған ұрылар оны қоршай тоқтады.

    • Қазiр өткелге түсемiз. Бұл тұста судың ағыны онша қатты болмағанымен, сәл қияс бассаңдар, тереңге күмп етесiңдер. Одан кейiн малтып шығуларың екiталай. Сондықтан да менiң соңымнан iзбе iз қалыспай, аттың басын ешқайда бұрмай, тек

маған ерiп жүрiп отырыңдар. Тағы да айтамын, ажалдарыңа асықпасаңдар, бiр қадам да шетке бұрылмаңдар. Жетектегi аттың бiрiн Көбек сен өзiң, бiрiн Әрiпбай алсын. Олардың шылбыры мен жүгенiн қосақтап тақымға басып алыңдар. Аттар бiр-бiрiнен ажырамай жүретiн болсын. Ал, дайынсыңдар ма?

Елсапа мiнген ат су кешiп үйренiп қалған-ау, қамшы салдырмай- ақ өзенге күмп бердi. Екiншi болып Көбек түстi. Оның артынан Әрiпбай ердi. Әрiпбайдан кейiн Сүлейменге кезек келдi. Торы ат суға түсуге жүрексiнiп тұрғандай, бiр сәт кiбiртiктедi де, суға жайлап түстi. Су алдымен аттың тiзесiнен келдi. Сәл жүрмей жатып-ақ, ат суға сауырына дейiн батты. Екi аяғын үзеңгiден шығарып, жоғары көтермек болып едi: “Аяғыңды үзеңгiден шығарма” деген арт жақтан Тастанның даусы шықты. Оның айтқанын тыңдап, үзеңгiге қайтадан аяқтарын салды. Құдай салмасын, өзен суы осыншама мұздай болар ма? Лезде етiгiнiң iшiне толған мұздай су саусақтары мен тобықтарын қақсатып жiбердi. Бiрақ сыр бермедi. Алдыдағы Елсапа “Бiр елi соңымнан қалмаңдар. Ендi бұлай бұрыламыз”, – деп тура ағысқа қарсы жүрдi. Арттағылар жәндәрмен оған iлестi. Әудем жерден кейiн Елсапа оңға қарай бұрылып, ағысқа көлденең түстi. Жүрiп келе жатқан жердегi тереңдiк бiр қалыпты екен. Ат сауырынан аспады. Өзеннiң дәл ортасына келген кезде Әрiпбайдың жетегiндегi ат жанындағы атқа қатарласа берем деп алға қарай ойқастады да, табан тiрер жер таба алмай, тереңге түстi де кеттi. Жануар, тереңнен бұлар жүрiп келе жатқан жерге қайта iлiнем деп ниеттендi ме, суды шолпылдата алға қарай ұмтылды. Бiрақ бар жанын салып екi-үш рет талпынса да, табанын биiкке iлiндiре алмады. Басы өзенге бiр батып, бiр шығып, қорсылдап су бетiнде қалықтады да қалды.

    • Ойбай, Елеке, мынаны не iстеймiз ендi?! — деп жандаусы шықты Әрiпбайдың.

    • Не iстейсiң? Жiбер тiзгiнi мен жүгенiн. Басқа амал жоқ. Жiбер тезiрек! Әйтпесе өзiңдi тартып әкетедi. Жүзе алса, өзi жүзiп шығар жағаға. Жүзе алмаса кеттi. Әй, жiбер деймiн! Онымен бiрге өзiң де кетейiн демесең!, — деп ақырды Елсапа.

Әрiпбай дереу оның тiзгiнiн босатты. Сол-ақ екен, әлгi жануар су ағысымен бiрге төмен қарай аға жөнелдi. Ағып бара жатып шырқырай кiсiнеп, жағаға қарай жүзуге қанша талпынса да, мол судың ағысы талпынысына ырық бермедi. Аздан соң ат көрiнбей кеттi. Тек бiраз уақытқа дейiн оның қайта-қайта ащы дауыспен кiсiнегенi естiлiп тұрды.

    • Ендi абай болып жүрiңдер. Аттар жаурап қалатын болды, жылжиық, — дедi Елсапа.

Жандарын шүберекке түйген ұрылар тағы алға қарай жылжыды. Жағаға отыз қадамдай жер қалғанда Елсапа тағы оңға бұрылып, ағысты бойлай жүрдi. Сүлейменге мынау иек астында қап-қара болып аққан судың шетi жоқтай болып көрiндi. Өмiрiнде мұндай мол суды кешпек түгiлi, сырттай қарап көрмеген оған, осы өзен әлгi атты ағызып кеткенi сияқты мiне, мiне, бұларды да жұтып жiберетiндей сезiндi. Сол үшiн де су бетiне қарамай, алда қарауытып көрiнген жарлы жағалаудан көз алмай келе жатты. Бiр кезде су таязданып, үзеңгiден төмен түсе бастады. Аз жүрiстен кейiн су ат тiзесiнен келдi. Тағы бiраз жүрiстен соң Елсапаның аты жағаға ырғып шықты. Оның соңынан қалғандары да жағалауға тұяқ iлiктiрдi.

    • Уа, — дедi Көбек жағаға шыққасын. — Мынадай көр тұңғиықтың астындағы қияметтiң көпiрiн қалай бiлiп, қалай тап басып өтiп жүрсiң, Елсапа? Әлде әруақтарың жол көрсетiп жүр ме?

    • Бұл жолды маған көрсеткен Тұраш баукеспе. Оған да бiреу көрсеткен шығар. Өтiрiк-расын кiм бiлсiн, баяғы өткен бiр заманда Шыршық қатты тартылыпты дейдi. Сонда осы жол көрiнiп қалғанға ұқсайды. Соның iзiн бiреулер жадында түйiп қалыпты. Аттан түсiп, үстiмiздi сығып алайық.

    • О заман да, бұ заман “өзен тартылып, қайтып толыпты” дегендi естiген емеспiн. Көл болса, бiр сәрi. Ағып жатқан өзен тартылушы ма едi? Әй, бiрақ бәрi Құдайдың қолында. Сонда да қанша ұры, баукеспе болсам да, мына жолыңды мен қайтып таба алмас едiм.

    • Күндiз екi-үш мәрте өтсең, табуға болады, Көбек. Ол үшiн жағадағы талдар мен қыр-жотаға қарап бағыт түзеп отыруың

керек. Дегенмен мұның бiр сыры бар. Жаңағы Әрiпбайдың бiр аты ғана емес, бұл жерден өтем деп үмiттенген талай адам ат- матымен суға кеткен.

    • Құдай сақтасын. Бұдан былай бұл жолмен өткiзбешi бiздi.

    • Ойпырмай, Көбек-ау. Сен де қорқaды екенсiң-ау, ә? Бұрын- соңды мұндай әңгiменi сенiң аузыңнан естiмеушi едiм.

    • Жасың елуден асқанда әр нәрседен үркек келедi екенсiң. Оның үстiне соңыңнан ерген мына жас балдардың бiрi жазатайым болып қалса, ел алдында да, Досекеңнiң алдында да мен жауапты болмаймын ба? Қара жердiң үстiнде болса, келген тажалды көрiп алармыз. Ал мына тiлсiз жау — су патшасы Сүлеймен назаланса, оған қылар айламыз, әлбетте, жоқ.

    • Жә, Көбек, қой ендi. Бар қауiп артта қалды. Жайылма өткелiмен айналсақ, Қотырбұлаққа таң ата бiр-ақ жетер едiк. Қиын болса да, төте жол тауып бергенiме ырза болмайсың ба? Киiмдерiңдi сығып болсандар, атқа қонайық. Қaтты желiспен жүрейiк. Аттардың денесi жылынсын.

Ұрылар тауды бетке алды. Орталарындағы “тұр” десе тұратын, “жат” десе жататын, өзiндiк билiгi жоқ Сүлеймен тағы ойға батып келедi. “Кеше ғой, Көбек “Әулиетасты” қалай табу керектiгiн ашып айтпады. Ендi мына Елсапасы арқыраған тажалсудың ортасындағы өткелдiң құпиясын айтпайды. Сiрә, ұрылар қанша дос болса да, бiр-бiрiне сырларын айтпайды-ау деймiн. Әнеукүнi үйiнде отырғанда Көбек: “Әр ұрының сезгiш ит сияқты бөлекше бiр сезiмi болады. Бiрақ оны басқаларға айтпайды” — деп бiр ойдың ұшын шығарып едi. “Ол қандай сезiм?” — деп сұрамаппын-ау сонда. Әй, сұрасам да айтпайтын шығар. Қай жерде келе жатырмыз өзi? Көбекең де қызық. Осы жердiң бәрiн қолы боста маған күндiз бiр аралатып көрсетпей мa? Мынау ғой ендi, осылардың жетегiндегi малдай болып, қай жерде екенiмдi бiлмей дал болудамын».

Бiр кезде: “Қотырбұлаққа жақындадық. Осы жерге аялдайық”,



  • деген Елсапаның даусы шықты. Бәрi аттарының басын iрiктi. Тоқтаған жерлерi қай тұс екенiн Елсапа мен Көбек ажыратпаса, Сүлейменге қара түнек басқан бұл маң бөтен әлем. Сол қара түнекке қадала, алды жаққа көз салып едi, сонадайдан жылтырап

жанған от көрiндi. От сай iшiнде, бұлар тұрған жерден пәсте жанып тұр. Ол өздерiнiң төбе басында екенiн сонда ғана барып аңғaрды.

    • Анау жанып тұрған отты көрдiңдер ғой, — дедi Елсапа.

  • Жылқышылардың оты. Ол оттың басында қазiр үш, болмаса екi адам жылқыларды қарауылдап отыр. Сендердiң бiрiншi мiндеттерiң — еппен барып, оларды қолға түсiру. Бiрден барып бас салған кезде айқaйлап, ақырып-бақыратын болса, үндерiн өшiру үшiн аямай соққыға жығып тастаңдар. Бiрақ өлтiрiп алушы болмаңдар. Айтпақшы, олардың иттерi бар. Иттердiң назарын басқа жаққа аударып әкету үшiн бiз Көбек екеумiз оларға еңiс жақтан атпен жақындаймыз. Иттер бiзге шабалана үрген кезде бiз қашқан сияқты боп, керi шабамыз. Иттер екеумiздi қуып әлектенгенде, қалғандарың күзетшiлердi жайғап, аттарыңа қонып, әзiр тұруларың керек. Бесеуiңнiң үш күзетшiге әлдерiң келетiн шығар. Екi сойылды iштерiңдегi қалаған екеуiң алып алыңдар.

    • Арамызда бес адамға татитын бiреуiмiз бар. Ол мына — Сүлеймен. Үш күзетшiнi бiр өзi жығып берсе, қалғандарымыз олардың аяқ-қолдарын байлаймыз, — дедi Әрiпбай күлiп.

    • Бұл жiгiтiңде қара күш бар сияқты. Бiрақ жүректiлiгiнiң қандай екенiн кiм бiлсiн. Сондықтан да бесеуiң бiрдей жабылыңдар. Ал, Көбек, сен екеумiз былай қарай жүрейiк. Әрiпбай, сендер осы төбенi көктей жүрiп, күзетшiлердiң сырт жағынан шығыңдар. Ал, iске сәт!

Көбек пен Елсапа бiрден ылдиға түсiп кеттi де, қалған бесеуi батысқа беттедi. Бұлар жүрген сайын жаңағы көрiнiп тұрған отқа жақындай түстi. Бiр кезде от жақтан иттердiң арпылдап үргенi естiлдi. Iле-шала шапқан аттың дүрсiлi шықты.

    • Аналар иттердi соңдарынан ертiп әкеттi. Ендi бiз де тез қимылдайық. Әмiр, сен аттарды күзетiп осында қал. Қалғандарың менiмен бiрге жүрiңдер. Тастан, Кендiр, сойылдарды сендер алыңдар. От басындағыларды бiз Сүлеймен екеумiз бiр жақтан, сен екеуiң бiр жақтан бассалайық. Күзетшiлермен алысып- жұлысып жатқанда, бiр-бiрiңнiң аттарыңды атаушы болмаңдар,

  • дедi осы жердегi басшылықты өз қолына алған Әрiпбай.

Содан екеу-екеуден бөлiнген ұрылар жылтыраған отқа екi жақтан жақындады. Екi күзетшi ештеңеден қауiптенбей, қаннен- қаперсiз отқа ет қақтап жеп отыр. Оларға дейiн оншақты қадам қалғанда, Әрiпбай Сүлеймендi түртiп қалды да, соларға қарай жүгiре жөнелдi. Оның артынан Сүлеймен де қорбаңдап жүгiрдi. Екеуi сол екпiндерiмен барып, екi күзетшiге бассалды. Аналар не болып, не қойғанын аңдап үлгергенше, оларды жерге жығып үлгердi. Осы кезде ар жақтан Тастан мен Кендiр алқынып жеттi. Әр күзетшiге екi-екiден жабылған соң қойсын ба, әп-сәтте олардың қол-аяқтарын байлады да тастады.

    • Айқайлаушы болмаңдар, — деп ескерттi Әрiпбай оларға. — Егер де қит еткен дыбыстарың шығатын болса, мына сойылмен бастарыңның мыж-мыжын шығарып тастаймын.

Күзетшiнiң екеуi де жастары жиырма беске жетпеген жас жiгiттер екен.

    • Сiздер кiмсiздер? Байлап тастайтындай бiздiң не жазығымыз бар? — дедi оның бiрi дiр-дiр етiп.

    • Бiздiң кiм екенiмiзде шаруаң болмасын. Бұл жерде сендерден басқа күзетшi жоқ па?

    • Бар. Ол кiсi жаңа иттер үрiп, тауға қарай жүгiрiп кеткенде, “Жылқы жақты бiр шолып қайтайыншы” деп кеткен.

    • Ол қашан келедi?

    • Ендiгi келетiн уақыты да болды.

Осы сәтте бұлардың арт жағынан: “Уай, не қылған адамсыңдар?!” — деген еркектiң жуан даусы шықты. Бәрi артқа жалт қарасты. Тура қастарында дәу ат мiнген,

қолында ұзын сойылы бар еңгезердей бiр кiсi тұр.



    • Ә, түн кезген қарақшы екенсiңдер ғой. Көрсетейiн мен сендерге адамды байлап тастағанды, — деп ол атын өңмеңдетiп келдi де, бiрiншi тұрған Тастанға сойылын сiлтеп кеп жiбердi. Абырой болғанда, Тастан артқа ыршып үлгердi. Содан төртеуiн кезек-мезек қуалап, сойылын қанша сiлтесе де, ешқайсысына тигiзе алмай, бiраз әлектендi. Ал ұрылардың бәрi жаяу болғандықтан онымен бетпе-бет алыса кетуге дәрмендерi келмей, мыстары құрып, анау ары қуса — ары, берi қуса — берi қашты. Атын ортада олай бiр, бұлай бiр ойқастатып, түк

бiтiре алмай жынданған күзетшi бiр кезде: “Бөрiбасар, Алаяқ, күшке, күшке”, — деп айқайлап иттерiн шақырды. Осы мезетте: “Қорықпасаңдаршы. Төртеумiз төрт жағынан жабылайық»,

  • деп Әрiпбай айқайлады. Осы айқайдан кейiн ұрылар сәл- пәл ес жиғандай өз-өздерiне келiп, атты күзетшiнi төрт жақтан қоршады. Тастан мен Кендiр қолдарындағы сойылдарын оңтайлай ұстап, оған бiр-екi қадам жақындай бергенде қай жақтан келiп қалғаны белгiсiз, қастарына арсылдап, есектей- есектей екi ит жетiп келдi. Иттердiң бiрi атылып келiп, Кендiрдiң қолындағы сойылға жармасты. Ал бiреуi Тастанға жабыса бергенде, ол оны сойылмен перiп кеп жiбердi. Бiрақ сойылы итке тимей, ауа құшты. Сойылдан сескенген ит кейiн шегiншектедi де, бұрыла сап Сүлейменге шапты. Қолында ештеңе жоқ бұл сасып қалып, қорғанбақ ниетпен оны аяғымен тебе беремiн дегенде, ит тура қара санға жабысты. Сүлеймен бiр сәт тырп етiп қозғала алмай қалды. Итiнiң Сүлеймендi тiстеп, тырп еткiзбей тұрғанын байқаған атты күзетшi сойылын сүйрете осылай қарай шапты. Сiрә, бiр ұрып, мұны жер жастандыра салайын деп ойлады-ау. Бiрақ жан беру оңай ма? Бойында күшi тасыған, әрi жылдам қимылдай алатын жас Сүлеймен санын тiстеп тұрған иттiң жон арқасынан екi қолымен мыта ұстады да, бар күшпен тартты. Бел омыртқасын терi-мерiсiмен қоса жұлып алардай болған дүлей күшке шыдай алмаған дәу ит қаңқ етiп, аузын саннан босата бердi. Со бойда иттi көтерiп алып, өзiне мiне, мiне, сойылын соғайын деп тұрған атты күзетшiге қарай лақтырып жiбердi. Ит қаңбақтай ұшып барып, бар денесiмен иесiнiң бетiне сарт еттi. Тура бетiне соғылған есектей итiнiң екпiнiне төтеп бере алмаған күзетшi ат үстiнен тоңқалаң асып жығылды. Онымен бiрге ұмар- жұмар болып, жерге құлаған ит орнынан тұра салды да, беталды қаша жөнелдi.

Сүлеймен күзетшiнiң үстiне қона кетiп, қылғындыра бастады.

Ашу қысқан Осы ашуымен оны қылғындырып өлтiрiп те қояр ма едi, егер: “Болды, болды, босат тамағын”, — деп Әрiпбай жүгiрiп келмегенде. Қиқылдап-шиқылдап өлуге аз-ақ қалған еңгезердей күзетшi тамағы мығым қолдардан босаған кезде “Уһ” деп терең тыныстап, бiр демалды. Әрiпбай оны етпетiнен аунатып,



екi қолын артына қарай қайырып байлады. Одан соң аяқтарын қосақтап матады.

    • Ендi мұны сүйретiп, анау серiктерiнiң жанына апарып тастайық.

    • Тоқта, өзiм-ақ сүйреймiн, — деп оның желкесiнен бiр қолымен ұстап, қап сүйреткендей сүйрей кеттi.

Сүлейменнiң денесi өзiнен дәу кiсiнi бiр қолымен-ақ сүйреп әкеткенiне Әрiпбай iштей таңданса да, ләм демедi. Ол оны байлаулы жатқан анау екi күзетшiнiң қасына апарып топ еткiзiп тастай салғанда, Тастан, Кендiр үшеуi солардың жанына барды. Үстерiнде төнген төрт ұры өздерiн өлтiрiп кетер ме екен деп зәрелерi ұшқан бағанағы екi жас күзетшi қалш-қалш етiп жатыр. Ал мынау еңгезердей пәле сыр берер емес.

    • Мына бiреулерiң жын ба, перi ме өзi? Мұндай күштi адамды өмiрiмдекездестiрген емеспiн.

    • Шайтанмын, — дедi Сүлеймен. — Қазiр үшеуiңнiң де ауыз- бастарыңды қисайтып, тiлден айырып кетемiн.

    • Ей, кiм болсаңдар да, таудың арғы жағынан келген баукеспесiңдер-ау, ә? Жылқыларын қолдан бергенiмiз үшiн ертең Досыбай мен Қосыбай бiздi оңдырмасы белгiлi. Жала жауып, абақтыға қаматып, итжеккенге айдатып жiбередi. Ондай қорлықты көрiп, жер басып жүргенше, өлген артық. Үшеумiздiң де қатын, бала-шағамыз жоқ. Жылқы соңында күн өткiзiп жүрген жалшымыз бiз. Жалшыға Құдайдың қай кезде рахымы түсiп едi? Досыбай мен Қосыбайдың боқтау-ын есiтiп, теперешiн көрiп өлгенше, қазiр сендердiң қолдарыңнан-ақ өлейiк. Бұралқы иттей байлап тастағанша, өлтiрiп кетiңдер. Болмаса өздерiңмен ала кетiңдер.

    • Ұры екенiмiздi тап басып айттың. Бiрақ мал ұрлайтын ұры малмен бiрге адамын да қоса ұрлапты дегендi қайдан естiп едiң?

  • дедi Әрiпбай. — Әйда, кеттiк, жiгiттер. Бұлар қалсын осылай.

    • Әй, әй, жiгiтiм, тоқта. Елу жылқысынан айырылатын екi бектi емес, мына бiздi сорлатып бара жатырсыңдар сендер. “Өлтiрiп кетсек, қолымыз қанға малынады” деп қорқасыңдар ғой, ә. Мейлi, бүгiн сендер — күштi, бiз — әлсiз. Алайда күштiге де бiр күнi зауал келетiнiн ұмытпаңдар.

    • Әй, мынау тақылдап, неге үнiн өшiрмейдi. Тастан, қалтаңдағы жiңiшке жiптi әкелшi. Аузын керiп байлап кетейiк. Әрi бiз кеткен соң даланы басына көтерiп айқайламай жатсын. Содан төртеуi бiрдей дөңес астындағы Әмiр күзетiп тұрған аттарға қарай жүгiрдi. Мұнда келсе, Елсапа мен Көбек те осында

тұр екен.

    • Төртеуiң жабылып, үш күзетшiнi зорға дегенде жай- ғадыңдар-ау деймiн. Әйтеуiр бiреу-мiреуiн өлтiрiп қойған жоқсыңдар ма?

    • Жоқ, ә, Елеке. Өлтiрiп немiз бар оларды. Бiрақ мынау Сүлеймен болмағанда, анау аюдай бiреуi шетiмiзден жер қаптырып тастайтын ба едi. Әзер дегенде байлап тастадық. Тiптi айқайламасын деп жiппен ауыздарын да керiп қойдық.

    • Олай болса, мiнiңдер аттарыңа. Жылқыларды айдайық. Сойылдарыңды тақымдарыңа қыстырып алыңдар да, құрықтарыңды оңтайлаңдар.

VII


Атқа қонған жетi ұры жай аяңмен дөңестi айнала өтiп, ағаш шарбақтың iшiндегi жылқыларға келдi. Өздерiне келген бiр қауiптi сездi ме, әйтеуiр үйiр iшiндегi бес-алты айғыр қасқыр көргендей ащы дауыспен оқыранып-оқыранып қойды. Ал кейбiр биелер құлақтарын қайшылатып, құлындарын бауырына ала айналып тұрды. Кендiр атынан түстi де, шарбақ есiгiне көлденеңiнен байланған ұзын екi ағашты шешiп, былайырақ лақтырды.

    • Көбек, Әмiр, iшке кiрiп, жылқылардың артынан айдаңдар.

Басқамыз шарбақтан шыққан жылқыларды тауға қарай бұрайық,

  • дедi Елсапа.

Көбек пен Әмiр шарбақ iшiне кiрiп, иiрулi атарды ұзын құрықтармен ұрып, “шу-шулап” айдай бастады. Бағанағы Елсапаның айтқаны рас екен. Үйiрбасы дәу айғыр шарбақтан бiрiншi болып атып шықты. Қалғандары соңынан ердi. Сырттағы ұрылар оларды тауға қарай бағыттап, жан-жақтан қыса, айдай жөнелдi. Қараңғылыққа әбден көздерi үйренген барымташылар сол күйiнде үйiрдi шашау шығармай қиялап бiраз жүрген соң, Көбек Елсапаны тоқтатты:

    • Теректi шатқалына жақындап қалдық, Елеке. Ендi сен қайта бер. Көмегiң үшiн рахмет. Өзiңе тиесiлi үлестi бiздiң ел жаққа барғанда аларсың. Таң атпай үйiңе жетiп алуға тырыс. Ал бiзден қам жемей-ақ қой.

Елсапа кеткесiн, топ жылқыны айдаған ұрылар ұзамай Теректi шатқалына аяқ iлiктiрдi. Сүлейменге оның қандай шатқал екенi белгiсiз. Бар көргенi екi жақ қапталда қараңғылықтан әзер байқалған екi жоталы құздың сұлбасы болды. Айдалған малдар еш жаққа бұрылып кете алмай, сол екi құздың табанымен алға қарай шұбай түстi. Олар кейде үш-төртеу болып қапталдаса жүредi де, тар қуыстарда бiр-бiреуден тiзбектелiп, айдаушылардың ыңғайына оңай көнiп барады. Бағана шатқалға кiрер кезде Көбек үш ұрыны жылқылардың алдына салып жiберген. Сүлеймен мұның мәнiсiн түсiнбеген.

    • Көбеке, Тастандарды жылқының алдына неге салдыңыз?

    • Мұндай шатқалдың iшiнде бiреу алда, бiреуi артта жүрiп, екi-ақ ұры мың жылқыны айдап кетуге болады. Көрiп келе жатырсың ғой, қазiр бұл жануарлар ешқайда бас бұрып кете алмайды. Ал ұзыннан-ұзақ шұбырған жылқы шатқалдан шыққан кезде арттағы айдаушы оларды қуып жете алмайды. Сондықтан

да алда бiреулердiң болуы ләзiм. Олар қашан соңғы жылқы шатқал iшiнен шыққанша алдағыларды қайырып, иiре тұрады.

    • Тап қазiр артымыздан қуғыншы келiп қалады деп қорықпайсыз ба?

    • Жаужүрек қуғыншы болмаса, дәл қазiр артымыздан ешкiм келе қоймас. Бұл жерде қуғыншының бiздi алуы оңай емес. Қайта бiз олардың жолын қиядан тас домалатып, оп-оңай бөгеп тастаймыз. Егер, Құдай бетiн аулақ қылсын, соңымызға әккi де күшi мол қуғыншы тобы түсетiн болса, ол бiздi ашық жерлерде басуға әрекеттенедi. Бiрақ қанша дегенмен, соңымызда ешкiм жоқ деп, босаңсуға болмайды. Қазiр шатқалдан шыққасын жылқыларды бүлкiлге салып қуамыз. Бүгiн түнде қалай болғанда да Өгемнiң шетiне жетуiмiз керек.

Шатқал арасымен ұзақ жүрдi. Бiр уақытта жазыққа шықты. Үйiрдi алты ұры жан-жақтан қоршап, жылқыларға құрық басты. Бiрталай жер жүргенде таң қылаң бердi.

    • Құдай қаласа, Аюқұлағанға келiп қалыппыз. Жыраның оң жағын айналып, сайға түсейiк. Аттарды жай айдаңдар. Денелерi қызған олар, айдауға көне бермей, арт жаққа қашуы мүмкiн. Шашауын шығармай, осы екпiнмен сайға бiр-ақ айдап түсiрейiк. Сары айғыр қайда келгенiн өзi аңдамай қалсын, — деп айқайлады Көбек.

Елден жырақ, тек аң мен құс қана мекен еткен тау басында өздерiн еркiн сезiнген ұрылар айқайға басып, аттарды сай табанына қарай қуды. Тер басқан жондарына құрықтардың сабауы тиген соң жылқылар барымташылардың айдауына көнбеске амалдары қалмады. Таң жарықтана түсiп, малдардың түр-түстерi айқын көрiндi. Сүлеймен жан-жағына көз салғанда күнбатыс жақтан үстерiнен төнiп тұрған бiр биiк құзды көрдi. Аюқұлаған құзы осы-ау. Бiрақ оған ұзақ қарай алмады.

    • Әй, бала, алақтай бермей, алдыңдағы малға қарасайшы.

Көбектiң сөзiнен кейiн мойнын бұрып қараса, тура алдында бiр семiз ат еңiске қарай жүре алмай, төрт тағандап тұр екен. Басқа аттар бiраз жер алға кетiп қалыпты. Сүлеймен қолындағы құрығымен оның жон арқасымен салып-салып қалды. Анау жануар зарлы дауыспен бiр кiсiнедi де, төмен қарай төрт аяғымен тайғанақтай сырғи барып, үйiрге қосылды.

    • Желiнi толып қалған буаз бие екен-ау. Көкпектiгi жеткенше құлын тастап қоймаса болғаны. Айдауды көтере алмай, зорығатын түрi бар,— дедi Әмiр.

    • Тастаса, тастай берсiн құлынын. Көкпектiгi жеткен соң өзiн сойып, бүгiнге ет қыламыз, — дедi Кендiр даусын көтере.

    • Қойыңдар-ей. Обал емес пе?

    • Сен, немене, Сүлеймен? Ол биенi құлынымен бiрге көтерiп жүрмекпiсiң?

    • Әй, өшiрiндер үндерiндi! Жүре көремiз,— деп ақырды Көбек.

Ұрылар сүт пiсiрiмдей мезгiлде үйiрдi сай табанына айдап түсiрдi. Сай iшi қалың ағаш басқан ну. Мұнда бiр үйiр емес, оншақты үйiр жылқыны жасырып отыруға болатындай. Сүлейменнiң қуанышына орай, манағы бие осы жерге жеткенше құлындаған жоқ. Ұзақ жүрiстен шаршап, бүйiрлерi солқ-солқ етiп тұрған жылқылардың шетiн ала басын төмен салған күйi ол да тұра қалды.

    • Кеш батқанша, осында аялдаймыз. Сүлеймен, сенiң қандай қажырлы екенiңдi көрейiк. Жылқыларды бiрiншi кезекте күзетуге келiсесiң бе?

    • Жарайды, Көбеке. Менiмен бiрге кiмдер болады?

    • Кендiр, Әмiр үшеуiң қалыңдар. Басқамыз ұйықтайық. Түс болғанда бiздi оятыңдар. Кендiр, сен мына екеуiне бас бол. Жылқылар бiр тынығып алған соң, отығуға өздерi-ақ бас қояды. Абайла, сары айғыр үйiрдi бастап, керi қашып жүрмесiн.

    • Ол жағын бiлемiз ғой, Көбеке. Алаңдамай ұйықтай берiңiздер.

Олар өз аттарын қосақтап, бiр шыршанын түбiне жата-жата кетiстi. Осы кезде Кендiр Сүлейменге қарады:

    • Сен бала, мылтық атуды бiлемiсiң?

    • Оны бұрын кiм атып көрген дейсiң.

    • Ата алмасаң да, мә, арқаңа асын мұны. Оқ-дәрiнiң иiсiн сезген аң-құс өзiңе жоламайтын болады. Қазiр үшеумiз үйiрдiң үш жағына шығып отырайық. Тек ұйықтап қалмаңдар. Бiраздан соң сары айғырды ұстап, байлап қоямыз. Ол бiр орнында болса, басқалары еш жаққа кетпес. Сен, Әмiр, анау етек жақты күзет. Сүлеймен, сен мына қия жаққа бар. Ал мен осында қалайын.

Кендiр берген шитi мылтықты асынды да, бiр қолына құрық, бiр қолына сойыл ұстап, қия жаққа бет алды. Бағанағы буаз бие тура сол шетте тұр екен. “А, жануар, өзiм жақта тұрғаның қандай жақсы болды”, деп қойды iштей.

Сөйтiп бiр қалың шөптiң үстiне отырды. “Осы аттар қазiр жан- жаққа қаша жөнелсе ғой, қайсысына ие болар едiк. Жануарлар әбден бағылған екенi көрiнiп тұр. Бәрiнiң үстi жып-жылтыр. Әсiресе мына бiр айғырдың жөнi тым бөлек екен. Өмiрiнде мойнына құрық салдырмаған-ау, сiрә. Мұның иелерi ендiгi жан- жаққа аттан салып жатқан болар. Кешегi түнде байлап кеткен үш сорлының халдерi қалай болды екен? Сорлылар, жылқыдан айрылып қалғандары үшiн көресiнi көредi-ау ендi”,— деп ойлап отырып қалай қалғып кеткенiн өзi байқамады.

Бiр кезде жанұшыра кiсiнеген жылқының даусынан оянып кеттi. Көзiн ашып жiберсе, бағанағы бие туып, жерде тәлтiректеп тұра алмай жатқан құлынын бiр жалап қойып, қалың ағаштың арасына үрке қарап тұр екен. Басқа жылқылар да бие қараған жаққа қадалып, үрпиiсе қалыпты. Оларға онша мән бермеген Сүлеймен құлынға деген әуестiгi оянып, орнынан атып тұрып, биенiң жанына жетiп барды. Бие төлiн қызғанды ма, жоқ әлде, басқа бiр нәрседен қорғанбақ болды ма, құлынын шыр айналып өттi де, бұған аяғын сiлтеп қалды. Абырой болғанда, оның тепкiсi денесіне дарымады. Осы кезде арт жақтан бiр аңның қорс- қорс еткен дыбысы шықты. Сүлеймен артына бұрылды. Биiк шыршаның түбiнде тұмсығында iстiк мүйiзi бар бiр дәу қап-қара аң тұр. Қанталап кеткен көздерi үлкен баланың алақанындай екен. Жүндерi салбыраған, мойын жалы тiп-тiк. “Жабайы қабан,



  • деп ойлады кешегi Көбектiң сөзiн есiне алып. — Аттың бiрiн, болмаса жаңа туған мына биенi, не құлынды жарғалы тұр. Қанша күштi болсаң да, құлын мен биенi бермеспiн саған”.

Бiрақ өзiнiң құр қол тұрғаны есiне ендi түстi. Мылтығы да, сойылы да анау отырған жерiнде жатыр. Оларға жеткенше мына қабан құлынды жарып тастары анық. “Жаңағы Кендiр мен Әмiр неге бұл жаққа келмей отыр. Әлде айқайласам ба екен?”

Қабан шырша түбiнен атып шықты да, тура өзiне қарай ұмтылды. Бұрылып кетсе, оның екi мүйiзi артында тәлтiректеп тұрған құлынға барып қадалмақ. Не iстемектi ойлауға уақыты жоқ. Өзiне жетiп қалған қабанның дәл тұмсық алдынан оңға қарай ырғып кетiп, ол жанынан өте бергенде оның тұмсығындағы мүйiзiнен шап берiп ұстай алды. Алайда бар күшпен алға ұмтылған



қабанды тоқтата алмай, онымен бiрге екi-үш қадамдай сүйретiлiп кеттi. Қабан мен құлынның арасы бiр-ақ аттам жер қалғанда, оны бар күшпен тартып тоқтатты. Осы сәт бие де жанкештiлiк жасап, айналып келiп қабанды бiр тептi. Сәтiн салғанда, оның тепкiсi қабанның тура тұмсығына тидi. Ауыр соққыдан жаны шыққан хайуан бар даусымен шыңғырып жiберiп, секiрiп-секiрiп түстi. Бар ойы екi мүйiзiнен қатып ұстаған адамды құлату сияқты. Дегенмен Сүлеймен оған дес бермей, мүйiзден ұстаған күйi мойнын бұрып, жығуға әрекеттендi. Қорбаңдаған анау пәле жүдә мықты екен. Құлай салатын түрi жоқ. Қайта басын ары сiлкiп, берi сiлкiп, жанталасып жатыр. Егер дәл осы кезде Кендiр мен Әмiр жүгiрiп келмегенде, бұл екеуiнiң қайсысы жеңерiн бiр Құдайдың өзi бiлер едi.

    • Ойбай, Кендiр. Қанжарды сұқ қарнына дереу! — деп айқайлады Әмiр.

    • Ойбай, таста мылтығыңды! Оқ Сүлейменге тиiп кетер.

Мылтығын қабанға қарай көтере берген Кендiр сасқалақтап қалды. Содан оны лақтырып жiбердi де белiндегi қанжарын суырып алғанымен, тулаған қабанға жақындай алмады. Мұны көрген Әмiр заматта оның қолынан қанжарды тартып алып, қабанның қарнына бiрнеше мәрте сұғып-сұғып жiбердi. Жандаусы шыға шыңғырған хайуан жерге гүрс еттi. Құлаған мезет Әмiр оның тамағын қанжармен орып-орып тастады.

    • Жер-дүниенi дiрiлдетiп жатқан бұл ненiң даусы?— деп Көбек бұлардың қастарына жетiп келдi. — Пәлi, қабан ғой мынау. Қайсысың атып алдындар мұны? Кендiр, сен мерген екенсiң-ау.

    • Кендiрiңiздiң мұны атуға шамасы келмек тұрмақ, жанына жолауға қорықты. Сүлеймен ғой, мұнымен алысып жеңген.

    • Уай, сабазым-ай! Әнеукүнi қабыланды жеңiп едiң. Бұл жолы қабанды жарып тастадың ба? Бұл пәлекеттi қалай пышақтадың?

    • Мен ұстап тұрдым. Әмiр қанжармен жайратып тастады.

Кендiр өзiнiң батылсыздығына намыстанды ма, жанындағыларға тiктеп қарай алмай, көзiн төмен салды.

    • Әй, осы Сүлеймен болмағанда, бүгiн де бiраз жылқылардан айырылатын едiк-ау, ә. Бiрде қабыланды, бiрде қабанды жайратқан менiң жиенiмдi қалай мақтамассың. Бiрақ “жiгiттi

көзiнше мақтама” деген. Бiздiң iсте көзсiз ерлiк үйреншiктi әдет. Кендiр, Әмiр екеуiң мұның терiсiн сыпырып алындар. Қолдас тәуiп “Қабанның терiсi мен мүйiзiн тауып берсейшi”,— деп маған көптен берi айтып жүр едi. Сүлеймен, сен барып, бiраз ұйықтап ал. Ендi маған ұйқы жоқ. Сенiң орныңа жылқыларды мен күзетейiн. Айтпақшы, сары айғырды байладыңдар ма? Үйбай-ау, мына бие құлындап қалған ба? Мұны қайтемiз ендi? Жас құлын айдауға да жарамайды…

    • Қазiр, Көбеке. Қабанның терiсiн сыпырып бiтейiн. Одан соң құлынды бауыздап тастаймын. Жатырдан жаңа шыққан малдың етiн өмiрiмде жеп көрген емеспiн. Елсапа “ондай еттiң дәмi тiл үйiредi” дейтiн едi. Бiз де көрейiк те, оның етi қандай болатынын

  • дедi Кендiр Көбектiң сөзiн бөлiп

    • Не айтып тұрсың, Кендiр?! Жас құлынды союға қалай дәтiң барады? — дедi Сүлеймен шыдай алмай.

    • Немене? Туған сенiң биең бе едi? Қатарымызға кеше қосыла салып, бiзге билiк айтатындай сен кiмсiң?!

    • Соймайсың құлынды! Сойғызбаймын!

    • Әй, мынау, не шатып тұр. Түнде жылқы айдап бара жатқанда оны алдыңа өңгерiп жүресiң бе? Көбекең саған “демал” дедi ғой. Өңкейiп тұрмай, құры бұл жерден. Әйтпесе өзiңдi сабап тастаймын,— деп Кендiр аршып жатқан қабанның терiсiн тастай салып, Сүлейменге ашулы жүзбен сүзiле қарады.

    • Доғарыңдар ерегiстi! Қайдағы бiр құлын үшiн өзара қырықпышақ болмақсыңдар ма? Сүлеймен, бар, жат сен.

    • Құлынды сойдырмаңыз, нағашы.

Көбек басын изедi. Бiрақ оған сене қоймады. Анадай жерге барды да, қурап қалған бiр топ сасырдың үстiне жатты. Содан қанша ұйқы қыстаса да, көзiн iлмеуге тырысып, Кендiрдi андумен болды. Бар ойы — құлынды сойдырмау. Кендiр қабанды жалаңаштап болған соң Әмiрге қарап бiрдеңе дедi де, пышағын жаландатып құлын жаққа қарай жүрдi. Көбек оны көрсе де, үндемей отыр. Кендiрдiң құлынына жақындап келе жатқанын көрген бие оқырана түсiп, оның жолына тұрды. Кендiр құрықпен биенi сабап-сабап, ары қарай қуып жiбердi. Сәл кешiксе, Кендiр

құлынды бауыздап тастайтынын бiлді де, орнынан атып тұрып, жанына жетiп барды:



    • Жаңа айттым ғой саған, құлынды сойдырмаймын деп.

Бағана қабанмен алысқанда қорқақтық танытқан Кендiрдiн кеудесi намысқа толып тұр едi. Сол намысын сыртқа ендi шығарайын дедi ме, екi көзi аларып, реңi бұзыла: “Менiң жолыма тұратын сен кiмсiң?”— деп Сүлейменiң жағына құлаштап кеп бiр қойды. Сұмның қолы қатты екен. Соққысы ауыр тидi. Күтпеген соққыдан қаны басына шапқан Сүлеймен шап берiп оның жағасынан ұстап, оңға қарай лақтырып жiбердi. Дүлей күштен төрт-бес қадамдай жерге теңселiп барып құлаған Кендiр тұра салды да, бұған қайта жүгiрдi. Бар екпiнiмен жүгiрген Кендiр өзiне жақындай бергенде, кiлт бұрылып, оның желкесi мен жамбас тұсынан ұстай алып, тағы да қалпақтай лақтырды. Кеудесiн намыс қысқан Кендiр үшiншi рет шапты. Бұл жолы Сүлеймен оны қапсыра құшақтап, жерге алып ұрды. Жерге оңбай түскен Кендiр: “Ойбай, жамбасым сынды”,— деп айқайлап жiбердi.

Төбелес басталғалы берi қайсысы жеңер екен деп қызықтап отырған Көбек пен Әмiр Кендiрдiң жандаусы шыққан кезде орындарынан атып тұрды.



    • Болды, болды! Доғарыңдар айқасты! Кендiр, сенiң өзiңнен де бар ғой. Нең бар едi, бұл диюды ұрып.

Кендiр қанша ызаланса да жеңiлгенiн мойындап, орнынан көтерiле, басын тiзесiне қойып, ләм деместен отырды.

    • Кей-кейде мұндай ашу-араздық болады арамызда. Бiрақ бiр-бiрiңе кек тұтпай, ендi жарасыңдар. Апаны бiр қасқырлар өзара дүрдараз болып жүрсе, жауға алдыруы оңай. Мейлi, бүгiн Сүлейменнiң дегенi-ақ болсын. Түнде құлынды алдына өңгерiп алып жүре ме, мойнына салып арқалап жүре ме, өзi бiлсiн. Бердiк, құлынды оған. Жолда өлтiрiп алса, өз көңiлi өзiнде қалсын. Ал, Кендiр, сенiң жас ет жегiң келiп, тiсiң қышып бара жатса, әне бiр қара шұбар тайды сойып ал. Ол да бiр жасқа толмаған жас малға ұқсайды. Ендiгәрi құлынға тиiсушi болма,— деп кесiм айтты Көбек.

Осы сөзден кейiн Сүлейменнiң көңiлi орнына түстi де, манағы орнына барып жатты. Содан қатты ұйықтап кеттi. Бiр кезде бiреудiң “тұр-тұрлаған” дауысынан оянып, басын көтерсе, күн екiндiге таяныпты. Оятып тұрған Көбек екен.

    • Тұр, жиен. Жүретiн мезгiл болды.

Серiктерiнiң бәрi жиналып, от басында ет жеп отыр. Сiрә, бағанағы қара шұбар тайды бiреуi сойып тастаса керек. Арырақта жылқының басы мен iшек-қарындары жатыр. Көбектен естiгенi бойынша, ұрылар жолда сойған малдың басы мен аяқтарын, iшек-қарындарын тастап кетедi. Олардың жүнiн күйдiрiп, боғын тазалап жата ма?

    • Кел, ей, батыр. Ет же,— деп айқайлады Тастан. — Әбден тойынып ал.

Сүлеймен олардың қатарына жайғасты. Отқа қақтап пiсiрiлген жас тайдын етi дәмдi-ақ екен. Ет желiнiп болған соң Көбек сөйледi:

    • Мына жылқылар отығып, жан-жаққа шашырап барады. Жолай бұларды жая айдармыз. Бiреуiң барып, сары айғырдың байлауын шешiңдер де оны жетектеп, алда жүрiп отырыңдар. Бұған Тастан, сен ептiсiң. Әрi Мақпалкөлге қарай жүретiн жолды жақсы бiлесiң. Осыдан сол маңға барып бiр-ақ тоқтаймыз. Ал, Сүлеймен, сен құлыныңды қалай алып жүрмек ойың бар? Айдап жүруге жарамайды ол. Әрiпбай сөзге араласты:

    • Құлынды алып жүру де сөз болып па, Көбеке. Анау бос атқа дәу қоржынның бiр жағына құлынды, бiр жағына мына тайдың етi мен заттарымыздың теңдеп салып алайық. Жетектi Сүлейменнiң өзi алып жүрсiн.

Бәрi осыған келiстi. Сүлеймен сәскеден берi емiп, бiраз әл жинақтаған құлынды қуалап жүрiп ұстап алды да, төрт аяғын бүктеп, басын жоғары қарата қоржынға салды. Қоржынның екiншi жағына ет пен басқа заттарды теңдеп атқа артты. Бие жануар оқыранып, оның жанынан кетер емес. Ұрылар аттарды алдарына салып айдағанда да, бие оларға қосылмай, Сүлейменнiң жетегiндегi аттың соңынан ердi де отырды. Осылайша, алдарына бiр үйiр жылқыны салған Көбек бастаған топ, түнiмен жол жүре отырып, таң ата Өгемнiң бiр жырасына келiп тығылды. Бұл

жерде бiр күндерiн өткiзiп, үшiншi күнi сапарларын әрi қарай жалғастырды. Төртiншi күнi азанда Қырыққызды айнала өтiп, Қасқасу басындағы Досалы жайлауының үстiнен түстi. Сүлеймен кешелi берi Көбекке: “Нағашы, Досалы би бiзге жылқыдан үлес беретiн болса, маған мына құлынды биенi алып берiңiз”, — деп айтып келе жатыр едi. Онысын Көбек те құп көрген. Ендi Досалы жайлауына жеткен кезде:



    • Қазiр Досалының ауылында менiң үлесiм туралы ұмытып кетпегейсiз, — деп тағы да пысықтап қойды.

    • Сенiң құлынды биеге әбден есiң кетiп, айтқан әңгiмем жайында ұмытып тұрсың-ау деймiн. Досекең осы жерде отыр деймiсiң. Бұл жер “Досалы жайлауы” деп аталғанымен, ол кiсi Сайрамсудың жағасындағы ауылында отырады. Бiз қазiр жылқыларды оның осындағы малшы жiгiттерiне санап өткiземiз де, өзiмiз Досалыға кейiн барамыз. Досекең сенiң қалауыңа “жоқ” дей қоймас.

Мына сөзге қуанып кеттi. Керегетастың батыс жағындағы қысы-жазы мал қарап отыратын Досалының жiгiттерiне ұрылар жылқыларды санап өткiзiп жатқан кезде Сүлеймен бие мен құлынды байлап, әлекке түстi. Құлынның енесi дәу бие. Оған қарап: “Енең дәу ғой. Бiрақ атаңның кiм екенiн бiлмесем де, сен маған лайық жарамды айғыр боларсың”, — деп қайта-қайта құлынның жалынын сипап мәз болды.

Көбек барымта малдарды Досалы жiгiттерiне өткiзiп болған соң айтты:



    • Аттарыңа қоныңдар. Досекеңнiң ауылына барып бiр-ақ демалайық.

Ұрылар бiраз жүрiстен соң тау етегiне түстi.

    • Нағашы, айтыңызшы. Сiз ғой, жаңағы үйiрдi бiреулерге санап өткiздiңiз де, өзiңiзге бiр жылқы да алмай, кете бардыңыз. Мен осыны түсiнбей келе жатырмын.

    • Сенiң түсiнбейтiн нәрсең әлi көп. Одан да “Азанда алдымыздан шығып, бiздi қарсы алған кiмдер едi?”— деп сұрасаң неттi. Бар ойың бiр құлынды биеде болып, жан-жағыңда не болып жатқанын ұмытып кеттiң. Қазiр Досалы: “Керегетастың басында не көрдiң, бала?”— деп сұраса не айтпақсың? Бiрақ әзiрше сенi

кiнәлауға да болмас. “Қыран қанатын жазудан бұрын, аяғымен тебудi үйренедi” дегендей, сен алдымен ұрылардың құпиясынан гөрi олардың жасырынатын жерiн бiлiп алғаның жөн. Түн жортып, бiр жақтан мал айдап келу екiнiң бiрiнiң қолынан келедi. Әрине, қорықпайтын жүректi болса. Бiрақ сол малды қайда сiңiру керектiгiн кiм едi, әлгi... екiнiң бiрi дедiм бе, әй, бiлмейдi- ау. Оны мен де бiлмеймiн. Бiздiң Досекеңнiң ақылдылығы мен ептiлiгi де осында ғой. Қанша мал айдап келсең де iзiн бiлдiрмей, суға батқан тастай етiп жiбередi-ау, сабаз. Сен азанда малшылар бiз айдап әкелген жылқыларды бiр шатқалға айдап кiргiзгенiн байқаған ба? Дегенмен ол жер шатқалға кiретiн қақпадай болып көрiнгенiмен iшкi жағының бәрiн құз қоршаған ен жайлау. Оған бiр үйiр емес, бiрнеше үйiр жылқы сиып, қысы-жазы жайылып жүре бередi. Одан шығар қақпа да, оған кiрер қақпа да бiреу- ақ. Бiр онда емес. Құдай өзi қолмен жасап қойғандай тасқамал жайлаулар арғы таулардың iшiнде де көп екен. Алайда оларды белгiлi бiреулер болмаса, кез-келген адам бiле бермейдi.

    • Кешегi бiз барған Шыршық жақта да, анау қырғыз бен Әулиеата жақта да сiз секiлдi баукеспелер көп қой. Солар осы “тас қамал жайлауларды” бiлмей ме? Бұлай деуiмнiң мәнiсi — өздерi жақтан ұрланған малдарды iздеп келiп, тауып алмай ма дегенiм ғой.

    • Атақты баукеспелер қай жердiң болса да ой-шұқырын жақсы бiледi. Бiрақ оларда ұрланатын мал жоқ. Ал малы ұрланған бiр байға ара түсiп, iз кесiп жатса, оның бұл жерден тiрi кетуi екiталай. Алда-жалда iс ушығып бара жатса, ондайды Досекең өзi реттейдi. Оған бiздiң араластығымыз болмайды.

    • Досалының өзi дәу, әрi шешен кiсi ме?

    • Оның қандай адам екенiн қазiр көрерсiң. Ол кiсiнi дұшпандары “ұры” деп өсектегенiмен, Құдай оған бақ пен дәулеттi қатар берген. Сен секiлдi ол да Төле бидiң ұрпағы. Пейiлi кең, қолы жомарт кiсi. Жоқ-жетiмге қарасқыш. Көңiлi түскен кiсiге астындағы атын бере салатын мәрт. Досекенiң жас кезiнде сиқым Қасымбек датқа бас болып, осы өлкедегi төрт Дулаттың игi жақсылары жиналып, Жолан балаларына бiр би сайламақ болыпты. Соның алдында ғана Шiнәлi би өлiп,

Жоландар бiраз уақыт басшысыз қалса керек. Сонда жұрттың бәрi жабылып, Жәнәдiлдiң немересi Бәйiрбектi “би болуға лайықты” деп шулапты. Сол кезде төрде отырған Қасымбек датқа: “Жә, шулай бермей қоя тұрыңдаршы. Ата жолымен қарасақ, Бәйiрбек би болуға лайықты-ақ. Оған батамызды берiп, қолына бидiң ақ таяғын ұстатайық. Бiрақ менiң көңiлiмде бiр күдiк бар. Бәйiрбектi бiз би сайлағанымызбен, зәуiмде ол билiкке ие бола алмайды-ау. Билiктi мен мынау екi-үш атадан берi ошағының түтiнi дұрыс шықпай келе жатқан Досалыдан көрiп отырмын. Келешекте жұртты Бәйiрбек емес, осы өзiне иiрiп әкетпесе, қане”,— деген екен.

Бұрынғы даналардың айтқаны қиыс кетпеген ғой. Сол Қасекең жарықтықтың айтқаны тура келдi. Бәйiрбек билiктiң шылбырын ұстап отырса да, тiзгiндi Досалы алып қойды. Зорлықпен емес, ақылмен алды. Айтыспен емес, абыроймен алды. Бұл күнде Досалымен санаспайтын адам жоқ.

    • Осынша атақ-абыройы бар кiсi қолына ұры ұстайтыны несi?

    • Мұны түсiнуге ақылың жетпейтiн баласың-ау, әлi, жиен. Сен алдымен Досалымен бiраз аралас-құралас болшы. Сонан соң мұның мәнiсiн өзiң-ақ түсiнерсiң.

    • Жаңағы сiз айтқан Қасымбектi жұрт бiресе “датқа” дейдi. Бiресе “болыс” дейдi. Осы болыс пен датқаның айырмашылығы не?

    • Ертеректе, орыстардан бұрын бiздi қоқандықтар билептi. Сол қоқандықтар шалғайдағы өздерiне қарасты жұрт арасынан бiр-бiрөкiлтағайындаған ғой. Ондай өкiлдерхандыққажиналатын алым-салықты, ел арасындағы дау-дамайды, тағы басқа сол сияқты iстердi реттеп отырған. Қоқандықтар мұндай кiсiлерге датқа деген ат берген. Менiң бала кезiмде бiздiң өлкенi орыстар басып алды. Әлi есiмде, бiр ауылға мылтық асынған екi-үш орыс келсе, қазақтар қайда тығыларын бiлмей, iнiн таппаған тышқан секiлдi жорғалап, жандары қалмайтын. Өздерiн көрiп, онсыз да үрейi ұшқан жұртты одан беттер жанын алайық дегендей, әлгi жездi мұрт, шикiл сары орыстар ауыл үстiнен мылтық атып, елдi улатып-шулатып, мазаққа айналдыратын. Тiптi, онша-мұнша

көңiлiне жақпаған адамдарды атып та тастай салатын. Менiң әкемдi де солар өлтiрдi. Онда мен он алты жаста едiм. Әкем рахметтiк Шымқалаға жүн-жұрқа апарып сатып келе жатқанда, Сұлтанрабаттың маңында бiр топ орыстың әскерiне тап болады. Орыстар қоржыны томпайып келе жатқан әкемдi ұстап, бар затын тартып алады. Ауыл арасында тентектiгiмен аты шыққан әкем, топ орыстан қаймықпай, төбелесе кетедi. Бiрақ көп адам қойсын ба. Жабылып ұрып тастайды. Ұрып тастағаны былай тұрсын, атын тартып алып, өзiн жаяу жiбермек болады. Мұны сезген әкем жанына жақын тұрған аттылы орыстың басына қамшымен бiр ұрып құлатады да, қаша жөнеледi. Бiрақ аналар мұның соңынан қумайды.. Бәрi қатарласа тұрып, мылтықпен көздеп ата бастайды. Ешқандай оқты денесiне дарытпаған әкем сол шапқан күйi Бадамнан өтiп, қыр басына шығады. Осы кезде орыстардың басшысы: “Қашып бара жатқан осы жабайы қазақты кiм бiр оқпен атып құлатса, осы ауылдың аты соның атымен аталатын болады”,

  • деп айқайлапты. Арасында Әлiксәндiрiп деген мерген бiреуi бар екен. Сол қыр басында атпен шауып шыққан әкемдi бiр атып құлатыпты. Қайран әкем, сол жерде мерт болады. Ал әлгi орыстар осы маңдағы жер-судың, ауыл-аймақтың аттарын тiзiп, қағазға түсiрiп жүрген үкiметтiң адамдары екен. Сондықтан да ауыл атын жаңалау қолдарында болған да. Жаңағы басшы сөзiнде тұрып, әкемдi атып өлтiрген ауылдың атын жаңағы мергеннiң атымен

  • “Әлiксәндiрiпка” деп атап кетедi. Ол ауылды өзiң де бiлесiң. Сендер отырған жердiң төменгi жағында. Ал бұрын ол ауыл — Қосшоқы деп аталатын. Бiздiң жерге қоқандықтардың орнына келген орыстар датқа деген атты жойып, әр руға бiр-бiр болыс сайлауды шығарды. Болыс болған адамды ел бұрынғы қоқаннан қалған атпен атап, датқа дей бередi.

    • Менiң жақыным Қасымбек те бұрын датқа болған ба?

    • Жоқ. Ел сиқым Қасымбек, жаныс Қасымбек деп екiге бөлiп айтатын Қасымбектiң екеуi де болыс болған. Жұрт кейде екеуiн де ескi ұғыммен датқа дейдi. Сиқым Қасымбектен кейiн оларда Жандарбек болыс болды. Бiздегi Қасымбектен соң, болыстыққа Ордабек сайланды. Бiрақ қанша дегенмен бұлардың ешқайсысы сиқым Қасымбек сияқты елге билiк жүргiзiп, төрелiк айта алмады.

Жарықтық, сиқымдағы Қасекең — сенiң бабаң Төле биге ұқсап туған нардың өзi едi…

Бұлар осылайша әңгiмелесiп келе жатып, Досалы бидiң ауылына жақындап қалғандарын да сезбей қалды.



    • Әне бiр қызыл түнiкелi үйдi көрдiң бе? — дедi Көбек ауыл шетiндегi орыс үлгiсiмен салынған дәу тамды көрсетiп. — Досалы бидiң үйi — сол. Осы жерде аттан түсiп, оған жаяулата жақындайық. Тура үй маңына дейiн атпен ойқас-татып барған адамды Досекең аямайды. Малайларына айтып, дүре соқтырып жүруi мүмкiн. Аттан түсiңдер!

Бәрi Досалының үйiне қарай жаяу беттедi. Бұлар үй маңындағы төбесi қамыспен жабылған ұзын қораның жанына келгенде, алдарынан екi қызметшi жiгiт шықты.

    • Би үйде ме?

    • Үйде, Көбеке, үйде. Кеше ғана Қазығұрт жақтан келiп едi. Қалай, өздерiңiз аман-сау жеттiңiздер ме? — дедi ұзынша келген бiрi.

    • Қасында кiм бар?

    • Шегiр Естемес би мен Сүгiрәлi болыс, Елтай төре бар.

    • Елтай төре деймiсiң? Ол хан тұқымының биде қандай шаруасы бар екен?

    • Қандай iспен келгенiн бiзге айтады деймiсiз. Естуiмше, Қарабұлақ үстiндегi сарттар мен қазақ төрелерi жерге таласып қалғанға ұқсайды. Сол шаруамен келiп отыр-ау, шамасы.

    • Оншақты үй төре осында ауып келгелi берi жер дауымен- ақ өмiрлерiн өткiзетiн болды-ау. Қайбiр жылы да Ақсудағы қусирақтармен жер дауына түсiп жүрушi едi... Сендер осында қалыңдар. Менiмен Сүлеймен жүрсiн.

Би үйi аса сәндi екен. Алдында ұзыннан бастырмасы бар. Көбек пен Сүлеймен сол бастырмадан өтiп, есiгi оюланған төргi бөлмеге кiрдi. Кең бөлменiң төрiнде шоқша сақалды екi кiсi отыр. Екеудiң оң жағындағы дөңгелек жүздi, қоңқақ мұрынды кiсiнiң жанында жалпақ бет, дүрдиген ерiндi, екi көзi тұздай көкпеңбек, түсi суық, қақпақтай жауырынды тағы бiреу бар. Олардың бергi шетiнде бiр әйел қымыз құйып отыр.

    • Ассалаумағалейкум, — деп дауыстай кiрдi Көбек.

    • Уағалейкумассалам. Әй, Көбекпiсiң? Қалай, ат-көлiк аман жеттiңдер ме? — дедi жаңағы түсi суық кiсi бiрiншi жауап қатып.

Екеуi дастархан шетiне отырды.

    • Қымыз құй балдарға, — дедi әлгi кiсi әйелге бұрылып.

Сосын жүзiн Көбекке бұрды:

    • Мынау қай бала?

    • Өз баламыз ғой. Қожамжардың ұрпағы.

    • Қожамжардың ұрпағы дейдi. Бiркөлiктiң етегiн ендеген Қаракөк жаныстанмын десейшi. Қожамжардың төрт қатынынан он екi бала туылған ғой. Қай баласынансың? Датқа әулетiнен емеспiсiң?

    • Жоқ. Бұлар Дауылбай балдарынан, — дедi Көбек.

    • Кiмнiң баласы? Өзi айтсын да.

    • Мәменнiң баласымын.

    • Қай Мәмен? Сұлтаннан туған Мәмен бе?

    • Иә.

    • Ә, жөн. Үш ата өрбiген Дауылбайдың ұрпақтарының iшiнде атан түйеге тартып туған ешқайсысы болмаушы едi. Сiрә, сен Төле бабаңа тартқансың-ау. Нағашың қай ел?

    • Менiң жиеншарым ғой, биеке. Аты — Сүлеймен, — дедi Көбек лепiре сөйлеп Досалының бiрден Сүлейменге көңiлi толғанына масаттанғандай.

    • Ой, қызталақ. Ат үстiнде мықтылығы болмаса, сенiң әулетiңнiң қайсысы мұндай дәу едi. Бұл баланың жасы қаншада? Түйе балуандай пiшiмi бар екен. Күреске салып көрейiк те. Жүрегi бар бала ма, жоқ бала ма?

    • Денесi қандай болса, жүрегi де сондай мықты. “Әулиетаста” қабыланды, Аюқұлағанның сайында қабанды жалаң қолмен ұрып алды. Ал жасы он жетiде.

    • Пәлi дерсiң. Қабылан мен қабанды жеңгенi былай тұрсын, он жетi жасында талай бала атқа мiнуге де жарамай жүр емес пе. Құдай тiл-көзден сақтаса, болайын-ақ деп тұрған бала екен де бұл, — деп төрде отырған шоқша сақалды кiсi сөзге араласты.

    • Болса болсыншы, биеке. Талай уақыттан берi арамыздан бiр мықты түйе балуан шықпай, той-жиындардың бәрiнде масқара болып жүрмiз. Дәл қазiр Құдай бiзге көкпардан бергенiмен,

балуандық жағын бермей-ақ қойды. Көбек, сен мұны күреске дайында. Жақында Билiкөлдегi Керiмбай болыс үш жүзге сауын айтып, немересiне үлкен той бергелi жатыр. Мына жағы — Сыр мен Шыршық, мына жағы — Арқа мен Жетiсуден ылғи игi жақсылардың бәрi жиналады. Ояздың өзi де қатыспақ. Әр елдiң бетке ұстар би-болыстары өздерiмен бiрге бәйге аттарын, балуан-шабандоздарын, сал-серiлерiн алып келмекшi. Бәйге мен көкпарға дайынбыз ғой. “Балуан жағы қалай болар екен, анау Құлажан мен Нұржанға айтсам ба” деп ойлап жүр едiм. Олардың күреске жүдә ебi жоқ бiрақ. Осы баланы күреске жақсылап тәрбиелейiк те. Арамыздан бiр жақсы балуан шықсын. Мұныма қалай қарайсыздар, би, болыс пен төре? Ойламаған жерден Көбек алдымызға сау еткiзiп ертiп келген мынадан, қараңыздар, мықты балуан шығайын деп тұрған жоқ па?

    • Дене тұрқына қарасаң, дүлей күштiң иесi екенi көрiнiп тұр.

Күрес тәсiлiне бiраз үйрету керек, — дедi Елтай төре.

    • Анау Арқа мен Жетiсу жақтан той жиынға келген кiсiлердiң арасында балуандар да бiрге жүредi ылғи. Олар балуандарын күреске жас кезiнен үйрететiн көрiнедi. Бiздiң елде осы жағы түк қолға алынбаған. Өзiңiз айтқандай, балуанды жастайынан тәрбиелегенiмiз абзал, — дедi Естемес би.

    • Мәменнен қанша бала бар? — деп сұрады Досалы би ендi Сүлейменге бұрылып.

    • Үшеумiз. Ең үлкенi — мен.

    • Ә, шаңырақ иесi өзiм десейшi. Жетi ата Жоланның Жанабайынан өрбiген Досмұраттан туғандардың залымы мен болсам, Қожамжар — Дауылбайдан елдегi алымы боп сен туған екенсiң. Алымы дегенiм — күштiсi дегенiм ғой. Байқаймын, мына отырған Естемес би де, Елтай төре де, Сүгiрәлi болыс та “сенен балуан шығады” деп отыр. Көңiлдерi түспесе, бұлай сөйлемес- тi. Ал, Көбек, маған айтатының болса, мына кiсiлер аттанып кеткесiн айтарсың. Мына бала бүгiннен бастап осында қалсын. Жатар орны, ас-ауқаты, бәрi өзiмнен. Тойға баратын уақытқа дейiн ауылда жүрiп, тас көтерiп, асау үйретiп, дайындалсын. Әй, кемпiр, сыртқа шығып, қызметшi жiгiттердiң бiрiн шақыр! Сен,

Көбек, сырттағы жiгiттерiңдi ауылына қайтар? Өзiң бiр-екi күн осында бол.

Қымыз құйып отырған әйел орнынан тұрып, сыртқа беттедi.



Оның соңынан Көбек iлестi. Сүлеймен де тұра берiп едi:

    • Әй, әй, сен қайда? Отыра тұр қазiрше, — деп би оны қайта отырғызды. Сосын анау екеуiне қарап, басқа әңгiмеге көштi. Оның әңгiмесiнiң не жайында екенiн Сүлеймен ұға алмады. Би әлдекiмдердi сырттай сыбап, тез-тез сөйлеп жатты. Аздан соң арықтау келген жiгiт кiрдi:

    • Шақырып па едiңiз, биеке?

    • Жаңағы Көбек сыртта жүр ме? Мына бала екеуiн қонақжайға апарып жайғастыр. Жатып, әбден демалсын. Көбекке айт, ұйқыларын қандырып болған соң келсiн. Ал, Сүлеймен, барып демала қой. Кейiн кең отырып әңгiмелесермiз.

Көбек пен Сүлеймен қызметшi жiгiтке iлесiп би үйiнiң қарсысындағы қонақжайға келдi. Қонақжайдың iшi бiрнеше бөлме екен. Қызметшi бұл екеуiн төргi бөлмеге жайғастырды.

    • Осында демала берiңiздер. Ұйқыдан тұрғасын менi шақырарсыздар.

    • Ал, жиен, төрт-бес күннен берi тоқым төсенiп, ер жастанып, далада ұйықтап жүр едiң. Ендi бидiң қонақжайының көрпесiне оранып жататын болдың. Өзiң, жүдә, жолың болатын бала екенсiң. Бiрден би көзiне түстiң. Досекеңнiң онша-мұнша адамға көңiлi түсе бермейдi. Сенсең, мұнда қанша келiп жүрiп, осы қонақжайға кiрiп көрген емеспiн. Сенiң арқаңда бидiң көңiлi маған да түстi. Неғып тұрсың, мелшиiп? Сен ана жерге, мен мына жерге жатайық.

Сүлеймен неше күннен берi далада ұйықтап, демалған сықылды боп жүрген жоқ едi. Мамық көрпешеге жамбасы тигенде сiресiп, құрысып қалған өн-бойы жазылып жүре бергендей рахат күй кештi.

    • Сен өзi бидiң айтқанына “мақұл” деймiсiң?

    • Ол кiсi менiң жауабымды қажетсiнбедi де ғой. “Бiр тойда болатын күреске дайындал” дедi. Ол қандай күрес, кiммен күрес, ол жағын айтқан да жоқ. Өзiңiз айтыңызшы. Не дегенiм дұрыс?

    • Құдай саған бойыңа лайық етiп, күш те бердi. Сол күштi орынды пайдалана алғаның жақсы. Күресте жығып жүрсең, елге таныласың. Атың шығады. Атың шықса, абыройлы боласың. Би-болыстармен бiрге жүресiң. Бiр дастарханнан дәм татасың. Ондайда бақ-дәулет саған өзi-ақ келедi.

    • Күресетiн адамдарым кiмдер екен? Соны бiлмей жатқан жоқпын ба.

    • Кiм екенiн тойға барғанда өзiң көресiң. Қазiр ұйықта.

Сүлеймендi бiр көргеннен-ақ нағыз балуан болатынын сезген Досалы би оның осы кәсiптi өмiр бойы игеруiне жол ашқанда ғой. Бәлкiм сонда ол Қажымұқан, Балуан Шолақ секiлдi жарты әлемге аты мәшһүр балуанның дәл өзi болар ма едi, кiм бiлсiн. Бiрақ Досалының сол кезде Тәшкенде, Верныйда балуандар мектебiнiң бар екенiн бiлмегенi анық. Бiлген болса, ол Сүлеймендi сонда жiберер ме едi... Ол Сүлейменге өз әкесiндей көп қамқорлық жасады. Алайда сол қамқорлықтың түбi Сүлеймендi болашақта балуандыққа емес, басқа жолға түсiрiп жiбердi…

VIII


Қараша айы жаңбырлы болып басталған-ды. Екi-үш күннен берi аспан ашық. Қара күздiң жанға жайлы қоңырқай жылуы бiрнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан әбден езiлiп, батпағы шыққан жердi кебiрсiтiп қойды. Тағы да бiр-екi күн өткенде дала төсi ат тұяғы таймайтындай болып, кеуiп те қалды. Досалы би аулына кешеден берi келiп жатқан қонақтарда есеп жоқ. Бәрiнiң үстiнде жаңа киiм. Жетектерiнде қос-қос ат. Кейбiр жетекке артық-ауыс затары толған қоржындарын теңдеп қойған. Ал кейбiрi ер-тоқымсыз жайдақ. Келiп жатқандардың iшiнде табын-табын сиыр, қора-қора қой айдағандары да бар. Ондайлар айдаудағы малдарын Сайрамсудың жоғарғы жағасына бiр күндей жайлатты да, ертесiне ары қарай айдап кете барды.

Бұл жерге жиналып жатқандардың бәрi Керiмбай болыстың тойына баратындар. Осы өлкедегi тойға шақырылған игi жақсылардың барлығы алдымен осында жиналмақ болып уағдаласқан. Кешеден берi солардың денi жиналып қалса да, би үйiндегi ығай мен сығай әлi атқа қонған жоқ. Мынадай сән- салтанатты қауыммен бiрге жолға шыққанша асығып, дегбiрi қашқан Сүлеймен “Бұлар неге атқа қонбай отыр” деп iштей күбiрлеп, үйден жүз шығып, жүз кiрдi. Әнеукүннен берi Досалы мiнгiзген шауқар атты әбден суытып, алыс сапарға дайындап та қойған. Өзi атты жүрiске дайындаса, Досалы мен Көбек мұны күреске дайындаған. Мұнда жатқалы берi бiр ай iшiнде Досалының ұйғарымы бойынша, күнде азанда ұйқыдан тұра сала, Сайрамсудың мұздай суына бiр түсiп алып, мойнына әрқайсысы төрт пұттан келетiн дәу тасты байлап, бес шақырымдай жер жүрiп отырды. Қанша күштiмiн дегенiмен алғашында қатты қиналды. Келе-келе әлгi тастарды бұйым құрлы көрмей, мойнына салып, бес шақырымды бiр сағаттай уақытта жүрiп өтетiн болды.

Оншақты күннен кейiн Досалы бұған екiншi жаттығуды бастатты. Ол жаттығудың түрi — өзi күнде азанда мойнымен жаяу көтерiп жүрген тастарды серпiп көтеру болды. Оны көтерiп болған соң өзен жағасымен тай шаптырым жердi еңбектеп жүргiздi. Осылайша, Досалы оған жиырма күндей тыныштық таптырмады. Соңғы күндерi би мұны асау өгiздермен алыстырды. Иығымен дәу-дәу тай мен есектi көтерткiздi. Шалқалай жатқызып қойып, кеудесi мен iшiн жас балаларға тепкiздi. Екi аяғы мен екi қолына жiп байлатқызып, сол балаларға жан-жағына қарай

кере тартқызды. Белiне арқан байлап, етпеттей жатқызып, атқа сүйреттi. Әйтеуiр осы бiр айдың iшiнде iстемегенi жоқ. Тек алдынғы күнi ғана жаттығуын тоқтатты. “Дәл осылай тағы бiр ай жаттыққаныңда ғой. Амал не, тойға баратын уақыт болып қалды. Ендi күресте бағыңа сен”, — дедi Досалы. Ендi сол тойға аттанып кетуге қанша асығып тұрса да, би де, келген адамдар да асығар емес.



Сәске мезгiлiнде күнбатыс жақтағы қыр үстiнен тағы бiр топ атты көрiндi. Бiр топ аттының алдында екi ат жегiлген тарантас зулап келедi. Би үйiнiң алдында тұрған адамдар: “Ордабек, Ордабек болыс келе жатыр”, — деп шу ете қалысты. Бiреулер биге хабарламақ болып үйге қарай жүгiрдi. Әп-сәтте үй iшiнен би бастаған топ сыртқа шықты. Бұлар тобымен есiк алдындағы алаңқайға жеткенде тарантас та келдi. Тарантас iшiнде екi адам отыр. Бiрi ақ шапан, айырқалпақ киген. Жас шамасы алпыстан асып қалғаны көрiнiп тұр. Екiншiсi жез түймелi ұзын күртеше, басына орыс тымағын киiп алыпты. Онысы жанындағысына қарағанда жастау сияқты. Екеуi де маңғаздана тарантастан түсiп, жиылғандарға қарай жүрдi. Көп iшiнен Досалы би бөлiнiп, оларға қарсы беттедi.

    • Ассалаумағалейкум, болыс-еке!

Досалыдан соң басқа кiсiлер де келiп екеуiмен жапырлай амандасты. Сүлеймен мен Көбек шеткi тамның алдында тұрған.

    • Бұл екеуiнiң Ордабегi қайсысы? Әне бiреуiнiң киiм киiсiнiң жөнi бөлек қой.

    • Анау ақ шапанды — Ордабек. Қасындағысы Шымқала оязы ұлығының оң қолы — Есенқұлдың Тәжiбайы.

Би-болыстар сәлемдесiп болғасын әрдеңенi сөйлесiп, бiраз тұрды. Бiр кезде топ ортасындағы Досалы бұларға қарап, “берi келiңдер” дегендей, қолын бұлғады. Көбек пен Сүлеймен тез-тез басып соларға жақындады.

    • Баратындардың бәрi жиылып та қойды. Жүрiп кетуге тек сiздердi ғана күтiп отыр едiк, — деп Досалы Ордабекке қарап сөйлеп тұр.

    • Ұзын-ырғасы қанша адам болдық? Керiмбай болыстың босағасына байлайтын малдың есебi қанша? Бәйгеге қосатын аттар мен шабандоз жiгiттер де тегiс жиналды ма?

    • Тойға Қазығұрт жаныстарының атынан екi үйiр жылқы, бес тоғыз қара, жүз елу қойды айдатып жiбердiк. Құнан бәйгеге төрт құнан, аламан бәйгеге бес сәйгүлiктi дайындадық. Ал көкпаршы жiгiттердiң Шаңбайдан басқасының бәрi түгел. Айтпақшы, бұл жолы балуанымызды да даярлап алдық. Ол, мiне, алдыңызда тұр.

    • Әй, Досалы-ай. Сен қашанда өз қулығыңмен адамның алдын орап жүресiң-ау. Мен былтыр бұл балаға “жылқышы болсайшы” деп қолқа салып едiм. Жылқы баққысы келмедi ме, қайтiп келмедi. Ендi өз қанатыңның астына алыпсың. Жөн. Қалай, өзiнен балуан шығатындай ма?

    • Жас болса да күшi сiздiң Шаңбайыңыздан кем емес. Құдай қаласа, осы тойда әруағымызды аспанға бiр шығарса, осы шығарады деген ойдамын. Өзiн бiр ай бойы баптадық.

    • Жә, оны кейiн көрермiз. “Бап шаппайды, бақ шабады” деген бар. Ендi дайын отырсаңдар аттанайық, — дедi Ордабек болыс.

  • Билiкөлге дейiн үш қонып жетсек, тура той басталардан бiр күн бұрын, межелi жерде боламыз да.

    • Қонатын ауылдарымыздың бәрiне алдын-ала хабар жiберiлген. Бүгiн Түлкiбастың Кемербастауындағы шiлменбет Бекен бидiң үйiне түсемiз. Арғы күнi Шақпақтағы шаңышқылыларға қонақ боламыз. Одан Жуалыдағы қаңлыларға бiр түнесек, әрi қарай Билiкөл таяқ тастам жер.

    • Тiгiлетiн үйлердi де жiберiп пе едiңдер?

    • Олардың жiберiлгенiне екi күн болды.

    • Ал онда жолға шығайық. Сапарымызды Құдай қолдап, әруақ жар бола көрсiн, — деп Ордабек тарантасқа қарай жүрдi. Ордабектiң осыны айтуы мұң екен, лезде Досалы би ауылының үстi у-шуға толды. Жүздеген кiсiнiң бiр мезгiлде атқа қонуы у-шусыз бола ма? Би-болыстар қызметшiлерiне айқайлап, бiр-бiрiне жанаса қалған жылқылар тебiнiсiп, кiсiнесiп, ауыл үстi абыр-сабырға толды. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген Сүлейменнiң кеудесi қызып, көңiлi алып-ұшып, атына секiрiп мiндi де, беталды шаба жөнелдi. Жолай атының тартпасын

тартып тұрған бiр жiгiттi қағып та кеттi.

    • Өй, мына бiр атын өңмеңдетiп, алқынып жүрген кiм өзi? Өзiн ат үстiнен аударып тастасам ба екен,— дедi қағылған жiгiт.

Өзі екi иығына екi кiсi мiнгендей төртпақ жауырынды, қап-қара жүздi дәу бiреу екен. — Ей, атқа мiнген жалғыз сен бе? Тура қазiр анау бұқа мойныңды тақымға басып, үзiп жiберейiн бе, осы?!

Денесi аюдай болғанымен дауысы жiп-жiңiшке екен.

Қамшысын тiстей салып, мұны аттан жұлып алардай, қолдарын ербеңдете ұмтылды. Сол екпiнiмен келiп, ай-шай жоқ мұның екi иығынан шап берiп, ат үстiнен жұлып алуға әрекеттендi. Егер денесiн бостау ұстап отырғанда, ол әп-сәтте ер үстiнен жұлып алар едi. Сәтiн салғанда, оның қолдары иығына тие бергенде- ақ, денесiн тырыстырып, айқаса кеттi. Екi дәудiң дүлей күшiне шыдас бере алмаған аттар төрт тағандап тұруға шыдамай, теңселiп-теңселiп кеттi. Осылайша тiресiп тұрғанда:


    • Ай, кiмсiң сен өзiң? — деп айқайлады Сүлеймен.

    • Сен өзiң кiмсiң, менi атпен қағатын? — деп анау да айқайлады.

Бiрақ бiр-бiрiнен қолдарын босатпады. Ат үстiнде өзара тартқыласып, бiрiн-бiрi ала алмай, бiраз жұлысты.

Аздан соң ана жiгiт Сүлеймендi өзiне қарай тартып тұрды да, керi қарай итерiп қалды. Сүлеймен оны алға қарай тартты. Осы сәт дүлей күшке шыдамаған екi ат бiрдей жерге гүрс етiп жамбастай құлады. Екеуінің бiр-бiр аяқтары ат қабырғасының астында қалып қойса да жағаларынан қолдарын босатпаған күйлерi тартысып жатыр. Бұл шақта бұлардың қасына басқа кiсiлер жиналып та қалған.



    • Әй, әй, не болды сендерге? Дереу босатыңдар қолдарыңды! О несi-ей, құласа да бiр-бiрiн босатпай жатқандары. Ей, Құлажан, қой деймiн саған! Сүлеймен, сен де қой! — деген Көбектiң даусы естiлдi.

Осыны естiген екеуi қолдарын босатты. Алдымен аттары, одан соң өздерi тұрды.

    • Тойға кетiп бара жатқанда, қай қылықтарың бұл? Ерегiстi бiрiншi кiм бастады?

    • Атымның тартпасын тартып тұрсам, менi атымен қағып кетiп бара жатыр да бұл, — дедi Құлажан. — Өзiн аттан жұлып алайын десем, мықты ғой бұл пәлеңiз, Көбеке.

    • Болды, ендi жарасыңдар. Құлажан, бұл – Сүлеймен деген жiгiт. Сендер дос болудың орнына алысып жатқандарың қалай? Аттарың мертiгiп қалған жоқ па?

    • Аттар да, өзiмiз де аман сияқтымыз. Жұрттың бәрi аузынан тастамай айтып жүретiн Құлажан деген осы екен ғой.

    • Осы, осы. Бiр-бiрiңдi жақсылап танып алыңдар. “Ер шекiспей, бекiспейдi” деген. Қол алысып татуласыңдар да, аттарыңа мiнiңдер. Бiрге жүрейiк.




...Қаратаудың Шығыс жақ сiлемiндегi ұшы-қиырсыз кең жазық далада тiгiлген ақбоз үйлерде есеп жоқ. Сол үйлерге қарай аттылысы бар, жаяуы бар ағылған адамдар да қисапсыз. Жан-жақтан айдалып келiп, үйлердiң сыртын ала тартылған шарбақтарға қамалып жатқан малдардың саны да есепсiз. Бұл малдар — Керiмбай болыстың тойына “тойана” ретiнде түскен малдар. Ауыл үстi айқай-шу. Бiр шетте әлдекiмдер домбыра, қобыз тартып, ән салып жатса, бiр шетте жастар жиналып, алтыбақан тебуде. Әр ақбоз үйдiң алдында қойылған үлкен-үлкен ошақтағы қазандарға толтыра ет салып, ас дайындап жатқан аспаздар да өзара айқайласа сөйлеседi. “Әй, жай сөйлесеңдершi. Iштегi кiсiлерден ұят-ты” — деп ақбоз үйлердiң есiгiнен сығалай қараған қызметшi жiгiттер бақырып-бақырып қояды.

Сүлеймен, Құлажан, Нұржан үшеуi Досалы би ауылынан шыққалы берi жұптарын жазбады. Бүгiн де солай. Таң азанымен тұрып алып, қай үй қай елден әкелiп тiгiлгенiн қызықтап, үйлер арасын аралай ұзақ жүрдi. Түс әлетiне таман өздерi қонған үйге қайта келдi. Ордабек болыс Қазығұрт маңындағы жаныстар үшiн жиырма бес үй тiктiрген. Соның бiрi шабандоздарға арналған. Сүлеймен осы шабандоздармен бiрге. Өз үйлерiнiң алдына келгенде:



    • Қанша үй санадық? — дедi Құлажан.

    • Бiздiң үйлердi қосқанда, тiгiлген киiз үйдiң барлық саны сегiз жүз жиырма сегiз болды, — дедi Нұржан.

    • Түһ, бiр тойға екi рулы елдiң үйi тiгiлiптi-ау. Мұндай жиынды бұрын-соңды кiм көрген, — дедi Сүлеймен.

Осы сәт ар жақтағы би-болыстар отырған үйден Көбек шықты:

    • Қайда жүрсiңдер? Билер iздетiп жатыр сендердi. Келiңдер, кiрiңдер үйге!

Үшеуi Көбектiң соңынан ере, он екi қанатты ақбоз үйге кiрдi. Үй iшi тола адам. Төрде Ордабек болыс пен Тәжiбай ұлық қатар жайғасыпты. Берiректе Досалы, Сүгiрәлi, Естемес, Бекен сияқты билер отыр. Бәрi Тәжiбайдың оң жағында малдас құрып отырған бiр кiсiнiң аузына қарап қалыпты. Дастархан шетiне тiзе бүккен бұлар да соның әңгiмесiне құлақ түрдi.

    • …Сол асқа екi мыңдай үй тiгiлдi. Отыз шақырымдық бәйгеге бес жүз ат қатысты. Бәйгеге қырғыз сарыбағыш Телiбайдың атына шақ келер жүйрiк болмады. Бiздiң үйсiндердiң апарған аттары төртiншi-бесiншi болып қалып қойды. Есесiне, бiздiң ақындар ешкiмге бет қаратпады. Әсiресе Үмбетәлi мен Өмiрзақ ерледi. Анау қасқарау жаныстағы Кенен де сөзден тосылмайды екен. Бiрақ неге екенiн қайдам, аста Жамбыл көрiнбедi…

    • Бүкiл қазақ-қырғыз болып асын өткiзген сол қырғыз Шәбден манаптың өзi көзi тiрiсiнде бүйрегi орыстарға бұрып тұрған дей ме, қалай? Одан соң оны түк дүние жимаған кiсi болған дейдi. Сол рас па, Нұралы? — дедi Тәжiбай сөйлеп отырған кiсiнiң сөзiн бөлiп.

    • Шәбден түгiлi, оның әкесi Жантай да орыстарға сатылып кеткен жоқ па. Шәбденге олар сый бердi, атақ бердi. Иығына жалтылдақ пәгүн, белiне алтын қылыш тақты. Бұрын да Шәбденнiң айтқанынан шыға алмайтын сегiз рулы аз ғана қырғыз оған орыстың ақ патшасы сәлем хат жазып, сый-сияпат бергенiн көргенде, оны өз Құдайларындай көрiп кеттi де. Сондықтан да қырғыздар арасында оған тең келер манап, иық тiрестiрер би, сөз таластырар шешен болмады. Бiр елдiң сүтiнiң қаймағы, айран пiсер күбiсiнiң пiспегi сол болды. Алайда Шәбден сонысына қарамай, дүние-дәулет жинамағаны рас. “Ол өлгенде артында үш әйелiмен қатар үш жылқысы, тоғыз торпағы ғана қалды” деп күлiседi қырғыздар.

    • Аста бәйгенiң неше түрi болды?

    • Қазақ-қырғызға ортақ бәйгенiң барлық түрi болды. Аламан бәйгеге — бiр үйiр жылқы, бес жүз сом, құнан бәйгеге — бес жылқы, үш жүз сом тiгiлдi. Балуандар күресiне — үш жылқы, екi жүз сом. Ақындар айтысына да екi жүз сом мен үш жылқы. Көкпардың әр салымына — бiр құнаннан. Бас салымға бiр айғыр,

екi ту бие және жүз сом. Айтып-айтпай не керек, сол Шәбденнiң асы өткелi төрт жылдан берi Талас қырғыздары мен Жетiсу, осы Қаратау өңiрiнде ондай жиын әлi болған жоқ. Мынау Керекеңнiң тойы Шәбденнiң асына жетпесе де оған жетеғабыл болып тұр.

    • Ал ендi, Нұралы, айтшы, — дедi Ордабек сөзге араласып.

  • Кеше түндегi қонақасыда Керiмбай болыстың өзiнен сұрауға мұршамыз болмады. Анығын айтқанда, көп адамның ортасында екшелеп сұрай алмадық. Сен бiздiң елдiкi болсаң да, Керiмбайдың жақынысың. Тегiң — шымыр ғой. Әрi ақынсың, әрi осы тойдағы тойбасылардың бiрiсiң. Осы үйде тек Қазығұрт жақтан емес, сонау Шыршық, анау Сарысу, мынау Шу бойынан келiп отырған игi жақсылар да бар. Солар да естiсiн. Бұл тойдағы бәйге түрлерi мен шарттары қандай болмақ?

    • Мұның бәрiн тойдан бiр жетi бұрын белгiлеп қойғанбыз. Егер келген қонақтар бәйге үстiне үстеме салым қосамыз десе, ерiк өздерiнде. Керiмбай болыс пен оның ағайындары бұл тойға тiгiп отырған бәйгесiнiң ең қомақтысы — аламан бәйгеге берiледi. Оған үш жүз ат қатысады. Шабыстың ұзақтығы — отыз бес шақырым. Аттардың басы Жуантөбе маңынан жiберiлiп, Шақпақтың Батырөлген жырасынан айналып өтiп, жiберiлген жерге қайтып келедi. Мұның бас бәйгесi — он бес жылқы, жүз сом. Екiншi, үшiншi келген аттарға бес-бес жылқы мен елу сомнан. Төртiншi мен бесiншiге — бiр-бiр айғыр, жиырма бес сомнан пұл. Қалған он бес орынға қой-тоқты, шапан-шаттықтай сыйлық берiледi. Құнан бәйгеге де үш жүз ат қатысады. Оның бас бәйгесi — бес жылқы, бес қара, жүз сом. Қалған он орынға бiр-бiр тайдан. Ақындар айтысының жеңiмпазына — екi жылқы, бiр қадақ күмiс пен елу сом. Аударыспаққа да сондай. Балуан күреске он бес жұп шығады. Он бес жұптың төртеуiнен басқасы бiр-бiрден-ақ күреседi. Салмағы жеңiл, кiшкентай балуандарға берiлетiн жүлде — бiр қой. Орта салмақтыларға — бiр тайдан. Ең мықты тiгiс — түйе балуандарға берiледi. Түйе балуандар екi жұп болуы тиiс. Екi жұп бiр-бiрiмен күресiп болған соң, олардың екi жеңiмпазы өзара қайта күреседi. Осы күресте жеңген балуан тойдың “бас балуаны” болып табылады. Оның жүлдесi — үш жылқы, үш өгiз, жүз сом. Екiншi орынға — екi жылқы, бiр өгiз,

елу сом. Айтпақшы, сiздердi өздерiмен бiрге түйе балуандыққа түсетiн бiр жiгiттi ертiп келдi дедi ме, қалай? — деп Нұралы Ордабекке қарады.

    • Бұл сырды қазiрше айтпаймын. Кезiнде бiр-ақ көресiңдер.

    • Бүгiн кешке ақындар сайысы болады. Ал ертең азанымен құнан жарыс пен балуандар күресi басталады.

    • Көкпарды тойдың соңына қарай қалдырған ба? — дедi Естемес би.

    • Аламан бәйге мен көкпар бiр күнде болады. Есенқұлдың тоғызын тағы да дайындап келiп отырсыңдар ма? — дедi Нұралы ақын Естемеске қуақылана қарап.

Нұралының “Есенқұлдың тоғызы” деп отырғаны шегiр руынан шыққан бiр үйдiң тоғыз ұлы. Үлкенi — осы жиындағы ұлық Тәжiбай. Тәжiбайдан бастап, қалған сегiзi де шабандоз. Бұлардың iшiндегi ең мықтысы Сыдық дегенiмен, қалғандары да одан бiр мысқал кем түспейтiн ат үстiндегi ойындардың дүлей шеберлерi. Тоғызы ентелеп додаға түскенде, бұларға қарсы тұрар ешкiм болмай қалушы едi. Ортада жатқан көкпарға отыз-қырық атты шабандоз бiрден лап қойғанда, жiгiттiң — жiгiтi, аттың — аты ғана шыдайтын тартыста делебесi қозып, арқасы көтерiлiп кететiн Сыдық: “А, Құдай, а, әруақ! Я пiрiм, қолдай көр!” — деп айқайлап бiрiншi болып түсер едi. Өзiнiң тарамыс денесi мен ұзын бойы сымтемiрдей иiлiп, жерден көкпарды көтерiп алуға жүдә икемдi. Мұндайда оған жан-жағында анталап тұрған өзi секiлдi темiр тақым, құрыш бiлектi мықты көкпаршылар жабыла кетiп, атыман қоса түтiп жiберердей қыспаққа алатын. Сыдық олардың ешқайсына дес бермей, қолындағы қырық келiдей нән текенi тақымға бiрден баспай, екi қолымен жоғары көтерiп алатын да: “Уа, атаңа нәлет, Байсейiт? Уа, тумай кеткiр, Нұрымбет, Жорабек! Қайда тұрсыңдар?!” — деп iнiлерiнiң аттарын атап айқайлар-ды. Өңкей жарау аттарға мiнiп, додашылардың ортасына кiрмей, шетте айналшықтап жүрген iнiлерi: “Мұндамыз, Сыдық. Көкпарды лақтыр берi”, — деп шуласатын. Олардың дауыстарын естiсiмен, Сыдық көкпарды қаумалаған көкпаршылардың бастарынан асыра соларға қарай лақтырып жiберетiн. Қандай мықты шабандоздармен бiрге додаға түссе де, көкпарға бiрiншi

болып қолы тиетiн Сыдық теңдесi жоқ көкпаршы бұл күнде. Қайбiр жылы Шымқаладағы сейiлде оның мынау отырған ағасы Тәжiбай өзi мен сол Сыдық бастаған шетiнен көкжал атанған сегiз iнiсiне сендi ме, бiр жарым мың ат қатысқан көкпардың шешушi салымында: “Уа, жарандар! Ендi Есенқұлдың тоғызы



  • бiр жақ, күллi қара қазақ бiр жақ болып шабысайық”, — деп астамсыған. Оның сөзiне елiрген Сүгiрәлi болыс сонда: “Тәжiбай дұрыс айтады. Есенқұлдың тоғызы — бiр жақ, күллi қара қазақ

  • бiр жақ болып додаға түсiңдершi. Қызық болсын”, — дейдi. Мұны естiген Естемес би: “Уа, болыс, Тәжiбай айтса, бұл сөзiн ол желiккенiнен айтып тұрған шығар. Ал болмайтын уәждi дақпырттап, саған не жоқ. Сен де Тәжiбай тоқтат, күллi қара қазаққа тоғызымыз қарсы шабамыз деген пиғылыңды. Тоғызың шетiнен қайыспас қара нар, шөкпес атан болсаңдар да, нардың тұмсығын қайырар көп дойыр қамшы, атанның тiзесiн бүктiрер қалың қол бар мұнда. Есiрiп, ентiге бермей, тарт жүгенiңдi, бас екпiнiңдi!” — деп екеуiн де басып тастапты. Осы сөзден кейiн Тәжiбай райынан қайтыпты. Бiрақ манағы айтқан сөзi шын асылық болды ма, кiм бiлген, сол сейiлдегi көкпарда Тәжiбай аттан құлап, тобығы шығыпты. Iнiсi Жорабектiң аяғы сыныпты. Мұның бәрiн Сүлеймен Көбектен есiткен. Бұл оқиға осында отырғандардың бәрiне де белгiлi. Нұралының есiне сол түсiп, жаңағы сөзiн Естемеске қарай әдейi айтты.

    • Әй, Нұралы-ай, — дедi Естемес оның қытымырлана сөйлегенiне лезде жауап қатып. — Есенқұлдың тоғызының атын Қазығұрт маңы мен Арыс, Шаян бойында отырып ауызға алсаң жарасар едi. Ендi Қаратау асып, елден жырақ, кiсi елiне келiп отырғанымызда баяғы бiр iстi көңiлiне оралтқаның тым сөлекет болып кеткен жоқ па? Арамызда Есенқұлдың тоғызы түгел болмаса да анау қасыңдағы Тәжiбай бастаған төртеуiн ерте келдiк. Оған қоса атқа қонса, әруақтары тасып кететiн Құлажан мен Нұржан, Дүйсен мен Сәт деген перiлерiмiз тағы бар…

    • Жә, Естемес, қоя тұр қызбаланбай, — деп Ордабек болыс оның сөзiн бөлiп, бар денесiмен Нұралыға бұрылды: — Бiзге көкпардан бұрын жаңа өзiң айтқан балуан күрес қызық болып тұр. Неге десең, көкпарға, оған қоса бәйгеге түсудiң әдiс-тәсiлдерi

мен жөн-жобасын бiз әбден бiлемiз. Сен әлгiнде түсiндiрiңкiреп айтпадың. Түйе балуандарды күрестен бұрын бiр-бiрiмен таныстырып қоясыңдар ма?

    • Болыс-еке, өзiңiз бiлесiз, қазақтың ас-тойларында өтетiн күресте кiлем үстiне шығатын балуандар ертерек бiр-бiрiн бiлулерi шарт емес. Ортадағы қазы жан-жақтағы жұрт iшiнен күреске деген талапкерлердi айқайлап шақырады. Өзiн мықтымын деп есептеген жiгiттер ешкiмнiң зорлығынсыз-ақ ортаға шыға бередi. Оның шартын мана айттым. Күрес он бес жұптан аспайды. Сайыс тәсiлi — кәдiмгi қазақша күрес болғанымен, балуандар бiр-бiрiн қандай әдiспен болса да — лақтырып жығуына да, көтерiп жығуына да, жамбасқа салып алып ұруына да болады. Егер жазатайым балуанның бiрi жарақат алса, оған той берушiлер кiнәлi болмайды. Айтпақшы, Берной ұлығы бәйгеге шабатын аттарымен қосып, екi күрескерiн де жiберiптi. Екеуiнiң де бет- ауыздарын сап-сары жүн басқан, аюдай денелi екен.

    • Орыс па олар?

    • Екеуi де орыс. Қастарында жылмаңдаған бiр қазақ тiлмәш бар. Соның айтуынша, әлгi екеу бiрден түйе балуандыққа түспек көрiнедi. Осыны естiгенде, “осы тойда оларға төтеп берер бiр қазақ табыла қояр ма екен” деп қобалжып қалдым. Тұқымың құрғырлардың денесi iрi-ау, iрi.

Осы кезде сырттан қызметшi жiгiт кiрдi:

    • Сiздерге Керiмбай болыстың өзi келе жатыр. Қасын

да қырғыз Әскен манап пен Әулиеатанаң ұлығы Микай орыс бар.

    • Ә, Керiмбай болыс ұлық пен манапқа тойына жиналған қонақтарын таныстырып жүр екен ғой. Сендер, шетте отырған балалар, сыртқа шыға тұрыңдар, — дедi Нұралы.

Көбек Сүлеймен мен Құлажанға қарап “тұрыңдар” дегендей ымдады да, тысқа беттедi. Дастархан шетiнде отырған жастардың бәрi оған iлесе шықты. Бұларға тура үй алдында соңына бiрталай нөкер ерткен Керiмбай мен орыс ұлығы қарсы кездестi. Керiмбай болыстың үстiнде оқалы зерлi шапан. Басында құндыз бөрiк. Қасындағы орыстың бүкiл денесiне жабысқан жылтыр киiмiнiң омырау тұсында жалт-жұлт етiп жылтыраған моншақ тәрiздес бiрдеңелер iлiнген. Қос иығында көзге қораш көрiнетiн шашақты

тақия секiлдi кигiзiлiп қойған погондары бар. Белiнде салбыраған қылыш. Көбек бастаған топ шыға берiсте олармен қарама-қарсы кездесiп, шетке ығысып кетуге үлгере алмай қалғандықтан, ұлық пен болысқа қол берiп амандасуға мәжбүр болды. Ұлық бiрiнен- бiрi өткен, еңгезердей-еңгезердей Сүлеймен, Құлажан, Нұржан үшеуiне аңтарылып қарап тұрды да, бұлардың ұсынған қолдарын алды. Құлажан мен Нұржанды қайдам, Сүлеймен ұлықтың қолын алғанда алақанына құдды бiр жұп-жұмсақ әйелдiң қолы тигендей болды. Мұнымен күлiмсiрей, құшырлана амандасқан оның қолын Сүлеймен де ықыласпен алайын деген ниетпен сәл ғана қысып қалды. Ұлық “ой” деп дауыстап жiбердi де дереу қолын тартып алды. Содан соң: “Ох, какой сильный казах. Ох, какой здоровый казах”, — деп қолын ауырсына сiлтеп, басын шайқай, Керiмбайдың соңынан iшке кiрiп кеттi.

    • Мына орыс не айтты? — дедi Құлажан Көбекке қарап. —

Сүлеймендi жақтырмай, кәпiрше бiрдеңе дедi ғой.

    • Менi түсiндi дейсiң бе? Одан да кеттiк өзiмiздiң үйге. Сол жерде ет жеп, қымыз iшейiк.

Ордабектiң бәйгешiлерi мен шабандоздарына арналып тiгiлген үйдiң iшiнде ешкiм жоқ. Жiгiттер той қызығын қызықтап кетсе керек. Бұлар үйге кiрiп, ендi жайғаса бергенде: “Ас-ауқат керек пе?” — деп аспаздың бiрi есiктен сығалады. “Қазiрше осы бесеумiзге арнап әкеле бер”, — дедi Нұржан. Көп кешiкпей орталарына дастархан жайылып, буы бұрқыраған табақ-табақ ет келдi. Көбектен бас-қалары ашығып қалған екен. Ләм деспей бiрден тамаққа бас қойды.

    • Сүлеймен, бағанағы Нұралының сөзiнен кейiн ертеңгi

күрестен қорқып отырған жоқпысың? Сен белдесер балуандар аюдай орыстар екен, — дедi Көбек.

    • Өзiмен ұстасқан қазақтың бәрiн жеңiп бiттi ғой. Ендi орыспен де бiр күресiп көрсiн де,— деп күлдi Нұржан

Сүлеймен жауап қатпай, иығын қомдады. Аналар болса әрдеңенi айтып, мұны келемеждеп бiраз күлiсiп отырды. Араларындағы қу тiлдi Битбай жұртты тағы күлдiрейiн дедi ме:

    • Мен бiлсем, бұдан балуан шықпайды. Неге дейсiндер ме? Шын балуан болатын адам аз жеп, көп қимылдаушы едi. Мынау аз қимылдап, көп жейдi ғой. Алдындағы ауқаттан түк қойған жоқ. Бiз бiр табақ палау мен бiр жiлiк ет жегенде, бұл екi табақ ас жеп, сүйектердiң майына дейiн шағып, жаланып өлiп барады.

Менiң ағамның үйiнде дәу өгiз бар. Жем-шөптi қанша берсең де жайпап тастайды. Ал арбаға жексең, мәстектей күшi жоқ…

Әзiлге онша жоқ, алаңғасарлау, ұр да жық мiнездi Сүлеймен Битбайдың сөзiнiң аяғын күтпей:



    • Өй, сен, менi сонда жаман мәстекке теңеп отырсың бе? Көрсетейiн саған мәстектi, – деп Битбайдың желкесiнен бiр ұрды. Битбай жазған қас қылғанда, тура соның оң жағында отырар ма. Ұзын тiлi демесең, сидиған арық денелi, бостау кiсi. Сүлейменнiң жәй ғана ұрғанынан дастархан үстiне етпетiнен құлап түстi. Сорлының бетi тура алдындағы табақтағы палауға былш еттi. Әлгiнде оның сөзiне күлмей отырған жiгiттер, осы

кезде ду күлдi. Битбай болса:

    • Әй, ұратындай не жаздым? Неге ұрасың сонша? — деп орнынан көтерiле сала, бетiне жабысқан майлы күрiштердi сүртiп жатты.

    • Бұдан былай оған абайлап сөйлейтiн болдың, — дедi Көбек күлкiсiн тиып.

    • Әншейiн жәй ұрғанымның өзiне бүктетiле қалдың. Егер қатты ұрғанымда желкең үзiлiп кетер екен-ау.

    • Сенiң шоқпардай қолыңның ұрғанда жәйi қайсы, қаттысы қайсы екенiн итiм бiлiп пе? Менi бұлай ұрғаныңнан гөрi, бiр боқтап алғаның тәуiр ғой.

    • Бұдан былай, Битбай, бұл қара диюдың жынымен ойнама. Ал қазiр қарын тойдырып болсаңдар, сыртқа шығып, той қызығын тамашалайық.

…Сол күнi бұлар кешке дейiн той салтанатын қызықтап жүрдi. Кешке ақындар айтысы басталды. Сүлеймен ақындар айтысына қызықпады. Күн бата қонақ үйге келiп жатып қалды.

Ертесiне ол күн шықпай оянды. Түннiң қай мезгiлiнде келгендерi белгiсiз, серiктерi қалың ұйқы құшағында жатыр. Оларды оятып алмайын деп, орнынан жайлап тұрды да дыбысын бiлдiрмей тысқа шықты. Тойлы ауыл да ендi ғана ұйқыдан тұрып, қыбырлай бастапты. Есiк алдындағы дәу самауырынға шай қойып жатқан бiр қызметшi:



    • Ә, балуан жiгiт. Кеше түнде болған қызықтардың бәрiнен қалып, ерте жатып қалғаның қалай? Әлде бүгiн түсетiн күресiңе шаршап қалмайын дедiң бе? — дедi.

    • Менiң күреске түсетiнiмдi қайдан бiлдiң?

    • Осы жердегiледiң бәрi “Түйе балуандыққа түсетiн жiгiт осы” деп сенi сыртыңнан сөз етiп жүр. Естуiмше, сен жаныстың жiгiтiне ұқсайсың. Мен де — жаныспын. Саған, бауырым, күресте жеңiс тiлеймiн. Қәзiр сәске әлетiнде күрес басталады.

Оған жауап қатпады. Құманды алып жуынды. Осы кезде оның қасына Көбек пен Құлажан келдi.

    • Қалай, батыр? Азанымен тұрып алып, ауылдағыдай жаттығу жасап алдың ба?

    • Мұның түнiмен ұйықтатпай, Қаратауды айналдыра жүгiртiп шығу керек едi.

    • Сендер менiң қамымды ойламай-ақ, бүгiн жарысқа түсетiн өз аттарың жайында ойласаңдар неттi,— деп гүжiлдедi Сүлеймен.— Неге әрдеңенi айтып мылжыңдай бересiңдер?!

    • Сөзiмiз саған жақпайтын болса, қойдық онда. Расында, Көбеке, Сүлейменнiң шамына тиетiн сөздi айта бермейiк. Күреске түсетiн жiгiттiң көңiлi жақсы болмағы лазым, — дедi Құлажан Көбекке су құйып тұрып.

Аздан соң бұлардың жанына басқа жiгiттер де жиналды. Оладың бiрi жуынып, бiрi әңгiме айтып, шай дайын болғанша дабырласып тұрды.

Х


Сәске әлетiнде құнан жарыс басталды. Он бес шақы-рымға созылған жарысқа үш жүздей құнан сап түзеп, Қаратаудың етегiндегi далиған тегiс дала лезде ат тұяғының дүбiрiне толды. Ордабек болыс қосқан сегiз құнаның ешқайсысы бәйгеге iлiне алмады. Бұған намыстанған болыс ат баптаушы жiгiттерге:

    • Баптаған құнандарыңның бiрде бiрi еш болмаса үшiншi- төртiншi орынға да iлiге алмауы не сұмдық?! Өңкей буаз байталдарды жиып әкелгеннен саусыңдар ма, түге, — деп бұлқан- талқан болды.

Оның жанындағы билер мен атбегiлер болыстың сөзiне жауап қата алмай, жерге қарасты. Осы кезде үстерiне қызыл шапан, ақ белбеу таққан екi жiгiт келдi:

    • Болыс-еке, анау жайма шатырлы үйдiң жанында күрес басталғалы жатыр. Балуандарыңыз болса, сонда алып барыңыздар.

    • Жаңағы Досалы қайда кеттi? Күресетiн баламыз осында ма? Алып жүрсеңдершi.

    • Күресетiн баламыз дайын тұр. Ол — мынау, — деп Тәжiбай ұлық Ордабекке Сүлеймендi көрсеттi.

    • Ал, Құдай мен әруақ қолдай көрсiн өзiңдi, балам. Төле бабаңның рухы жебесiн.

Ордабек бастаған топ күрес алаңына келсе, мұнда көп халық жиналып қалыпты. Той басшылар күресетiн жердi әдемi таңдапты. Киiз үйлер тiгiлген ауылдың ортасында кiшкене шошақ төбе бар екен. Биiктiгi атты кiсiдей сол шошақ төбенiң үстi ат айналардай жайпақ. Сол жерге шығып күресетiн балуандар сайысын төмендегi адамдардың бәрi айқын көрiп тұруға мүмкiндiктерi бар. Әлгiнде ғана құнан бәйгенi тамашалап келген қалың жұрт ендi осылай ойысып, төбенi айнала жиылып жатыр. Күреске баға беретiн қадiрлi меймандар отыратын жерге арнайы шатыр тiгiлiптi. Қызметшi жiгiттер көлденең жұртты сол шатырға жақындатпай, оны қоршай тұр. Ордабек, Естемес, Тәжiбай, Досалы төртеуi топтан бөлiнiп, солай кеттi. Бiр кезде төбе үстiнде тұрған күрестiң бас қазысы:

    • Ортаға бiрiншi жұп шығады. Қане, қандай балуан бар? Шығатын балуанның жасы он бестен аспайтын болсын,— деп айқайлады.

Сол-ақ екен, жиылған жұрт өз балуандарының аттарын атай айқайлап, гуiлдесiп кеттi. Әлден соң шығыс жақта тұрған топ арасынан бiр бала төбе басына шықты. Артынша екiншi талапкер де көрiндi. Бас қазы олардың аты-жөнiн сұрап алды да, оны бар даусымен жұртқа жария еттi.

Күрес басталды. Бiрақ бiрiншi жұптың сайысы ұзаққа созылмады. Сарысу жақтан келген тәпелтек бала Таластан келген ұзын бойлы баланың жауырынын оп-оңай жерге тигiздi. Содан екiншi жұп шықты. Бұлардың күресi де жұрт айызын қандыра алмады. Үшiншi, төртiншi жұптар да ұзақ күреспедi. Тек сегiзiншi және тоғызыншы жұпқа шыққан балуандар ғана бiраз уақытқа дейiн бiрiн-бiрi ала алмай, ұзақтау арпалысты. Кезек оныншы жұпқа келгенде:



    • Әй, қазы! Мұндай күрестi өз ауылымызда да көрiп жүрмiз ғой. Өңкей iлмиген бiреулердiң алыс-жұлысын қызықтап қашанғы тұрамыз. Ортаға нағыз балуандарды шақыртсайшы! — деп айқай салды жұрт iшiнен бiреу.

    • Шынында, мықтылар шықсын да! — деп iлiп әкеттi екiншiсi. Артынша: “Иә, дұрыс. Мықты балуандарды шығарыңдар!”, “Кезектi түйе балуандарға берiңдер!” “Қазақтың атан жiгiттерi қайда?!” — деп жұрт шуласа түстi. Төбе басында тұрған бас қазы

“шуламаңдар” дегендей екi қолын жоғары көтердi.

    • Алдымен мына ұлық пен болыс-билерден ұлықсат сұрайық,

  • деп олар отырған жаққа бұрылды. — Ардақты ұлық һәм болыс-билер, ортаға түйе балуандарды шығара берейiк пе?

Арнайы шатырдың қақ төрiнде отырған Әулиеата ұлығы мен Керiмбай болыс өзара сыбырласты да, қазыға қарап “бастай бер” деп бас изестi.

    • Уа, халайық. Ендi ұлық пен Керiмбай болыстың ықтияры бойынша, түйе балуандыққа түсетiн күрескерлердiң сайысын бастаймыз. Тойбасылар арасында келiсiлген шарт бойынша, оған төрт балуан шығуы тиiс. Араларыңызда салмағы алты пұттан, яки тоқсан келiден асатын жiгiттерiңiз болса, онда да күресемiн деген ниетi болса, ортаға шығарыңыздар! Кәнеки, төбе басына бiрiншi болып кiм шығады?!

Мыңдаған адам тағы да гуiлдесiп кеттi. Бiрақ қанша гуiлдесе де, төбеге шыққан бiрде бiр балуан болмады. Сiрә, ортаға шығуға ешкiмнiң жүрегi дауаламай тұр-ау. Әлден соң қадiрлi қонақтар отырған шатыр жақтан белуардан жалаңаштанған екi орыс төбеге қарай жүрдi. Топырлап тұрған жұрт оларға жарыла жол бердi. Бермегенде қайтсiн, екеуiнiң жалаңаш ұсқыны тiптен қорқынышты. Екеуi де апайтөс кеуделi, жалпақ иықты. Бұлтыңдап ойнаған қолдарының бұлшық еттерi олардың орасан қара күштiң иелерi екенiн айқындап тұрғандай. Бастарының да үлкендiгiн қайтерсiң. Жүздерi сұсты. Кез-келген адам олармен күреспек түгiлi, тура қарауға да именетiндей. Екеуi алшаңдай басып төбе басына шықты.

    • Мынау тұрғандар Берной ұлығының түйе балуандары. Ендi қазақ арасынан шығатындар бар ма?! — деп айқайлады қазы.

Жаңа ғана гуiлдескен жұрттың үндерi шықпай, сiлтiдей тынды. Ойпырмай, еш болмаса күрк деп жөтелген бiр кiсi болсайшы. Мыңдаған қаракөз анау екеуiне тесiлiп, мыңқ демей тұр.

    • Уа, күшiмiз кемiп, қуатымыз азаяйын дегенi ме бұл? Осынша қазақ арасынан мыналарға иық тiрестiрер, күш сынасар бiреудiң болмағаны ма?! — деп саңқ еттi қазы.

Жұрт дүр етiп, бiр қозғалды да, қайтадан жым-жырт болды.

    • Шық, Сүлеймен! — дедi Көбек тiстене сыбырлап. — Шеш шапаның мен көйлегiңдi! Мына екi кәпiр қабан мен қабыланнан күштi емес шығар.

    • Мен қорқып тұрғаным жоқ, нағашы. Менiң алдымда бiр қазақ шыға ма деп тұрғаным ғой.

    • Уа, болсаңдаршы! Бар ма, бiреу?. Жоқ әлде, бәйгенi мына қос орысқа шаппай беремiз бе? — дедi қазы тағы жандаусы шыға.

    • Бар! Бар, балуанымыз! Қазiр жетедi жаныңа, — деп айқайлады Көбек.

    • Қане, жiбер ортаға!

    • О, әруақ! Бар екенсiң-ау, арысым!

    • Бәсе, осынша қазақ тұрып, екi кәпiрге шаппай бәйге бергенiмiз ұят-ты.

    • Жеңiлсең жер көтередi. Шық, бауырым!

    • Қажымұқаннан басқа бұл қазақ балуан ұл тумап па?! Көрсет ерлiгiңдi! — деп әлгiнде ғана тып-тыныш тұрған жұрт дабырласып кеттi.

Бағаналы берi ортаға бiр қазақтың шықпағанына iштей намыстанған Сүлеймен, жұрттың мынадай дабырынан кейiн бар елдiң үмiтi ендi тек өзiнде ғана екенiне көзi жеткендей арқаланып, топ жауға жалғыз аттанған батырдай түксие қаһарланып, шапаны мен көйлегiн тез-тез шештi де, Көбекке ұстатты. Содан өзiн қошеметтей дем берiп, шуласқан халық арасын жарып өтiп, күрес алаңы — шошақ төбенiң үстiне көтерiлдi. Бiрден екi қолдарын кеуделерiне айқастыра қойып, жиылған жұртқа маңғаздана қараған екi орыс-тың қатарына тұрды. Анау екеуiнiң бойлары Сүлейменмен тұрғылас. Бiрақ дене бiтiмдерi жалпақ. Әсiресе қарны шыққан әне бiреуi тiптi жуан. Жалпақ иығының үстiндегi мойны мен қазандай басы бiрiгiп кеткендей. Ерiндерi жұқа болғанымен, танауы сиырдың танауындай кең. Көкпеңбек көздерi зәр шашып тұр.

    • Бiр қазақ шықты. Екiншi бiреу бар ма? — деп дауыс-тады қазы.

    • Мен шығамын! — деп айқайлады топ iшiнен бiреу.

Көпшiлiк “Шық, шық!” — деп шуласты. Бiр жiгiт адамдардың арасын кимелей жарып, балуандардың қатарына келiп тұрды. Оның бойы тапалдау екен. Алайда мығым денелi. Бiрақ қанша дегенмен, ол мына үшеуiнiң қасында кiшкене бала сияқты.

    • Ал, көпшiлiк, ендi менiң сөзiме құлақ сал! Айтпақшы, тiлмәш қайда? Кел берi! Айтқандарымды мына орыстарға түсiндiр. Күрес шарты былай: Мынау тұрған төрт жiгiт қазiр екеу-екеу болып, бiр-бiрiмен күреседi. Осылардың жеңгенi бiраз демалып алған соң, өзара тағы күреске түседi. Соның қайсысы жеңсе, осы тойдың “түйе балуан” атағын сол алады. Егер де күрес үстiнде бiреу-мiреуi мертiгiп қалатындай болса, оған бiз жауапты болмаймыз. Бұл — бiр. Екiншi, өздерiнен сұралық, бiрiншi болып қайсысы қайсысымен шығар екен?

Қазының сөзiн тiлмәш арқылы түсiнген орыстар бiр-бiрiмен аз-кем сөйлестi де: “барлық шартқа көнемiз” дегендей, бас изестi. Содан соң жiңiшкелеуi алға бiр қадам шықты. Мұнысы

  • алғашқы болып мен шығамын дегенiнiң белгiсi. Анау бұқадай болған екiншiден ықты ма, тапал қазақ: “Мұнымен мен күресейiн”, — деп алға зып еттi.

    • Мiне, бiрiншi жұп дайын. Ал сендер, қазiрше пәске түсе тұрыңдар, — дедi қазы Сүлеймен мен екiншi орысқа.

Екеуi ылдиға түсiп, жұрт қатарына тұрды. Төбедегi қазы екi балуанды екi шетке тұрғызып қойып, белбауларын, етiктерiнiң табанын тексердi. Егер етiктiң табанында темiр нәл болса, балуан күреске жiберiлмейдi. Резiңке белбауы бар шалбармен де мұндай күреске түсуге тыйым салынады. Күреске киетiн киiмдердiң осындай тәртiбiн бiлетiн Досалы, анада Сүлеймендi ауылында баптап жүргенде оған арнап, ауы мен тiзесiн кеңдеу етiп, сүр кенептен шалбар, матасы бекем ақ шыттан көйлек, шымқай патсайыдан камзол тiктiрiп берген. Аяғына киетiн жеңiлдеу таза былғары етiктi Тәшкеннен арнайы алдырған. Бүгiн азанда соларды киiп алған-ды.

    • Бiрiншi жұп күрестi бастайды, — деген қазы көтерiп тұрған оң қолын анау екеуiнiң отасына қарай сермедi.

Оң жақтағы орыс екi қолын соза балпаңдай басып, тура алаң ортасына келдi. Ал тапал қазақ төселген кiлемдердiң шетiн баса, жемтiгiн аңдыған мысықтай бұқпантайлап, орыс-ты бiр айналып өттi. Ол қалай айналса, орыс та солай айналып, оның шабуылын күттi. Кiлемдi бiр айналып өткен қазақ сәл тыныстады да, “уап” деп орысқа қарай сұмдық жылдамдықпен атылды. Сол атылғаннан ананың белiнен қапсыра құшақтап алып, тiке көтерiп, лақтырып жiберуге талпынды. Жұрт “лақтыр, лақтыр!” деп шу еттi. Алайда орыс, басы иегiнiң астынан ғана келiп тұрған қарсыласының бұл ойын дереу сезiп, оның жауырынын екi қолымен орай құшақтап, мытып-мытып қалды. Ерен күштiң мықтылығына шыдай алмаған қазақ балуаны орыстың белiнен қолдарын лезде босатты да еңкейiп барып, аяқтарына жармасты. Жазғанның қолдары тiзе сыртын дөп қысқанымен, басы орыстын екi бұтының арасына кептеле кеттi. Орыс өзi ойлаған бiр тәсiлмен оны жерге бұрқ еткiземiн деп ойлады ма, кiм бiлсiн, сәл еңкейiп барып, қос бiлегiн ананың қарнына сала бергенде, қазақ “ауп” деп оны көтерiп алды. “Уа, жарадың! Лақтыр ендi жерге!” деп халық

тағы дуылдады. Дегенмен оның орысты лақтырып жiберуге шамасы келмедi. Әйтсе де, көтерген күйi оны үш-төрт мәрте айналдырып-айналдырып алды да, кiлем үстiне былш еткiздi. Орыстың бұрын күреске түсiп жүргенi осы жерде анық көрiндi. Анау жiгiт бар пәрменiмен алып ұрғанда, жамбасымен құлап бара жатып, айналып үлгердi. Сондықтан да кiлемге жауырынымен емес, етпеттей құлады. Қазақ жiгiт ендi оның белiнiң сыртынан қапсыра құшақтап, өз үстiнен ауната жығам деп ойлады ма, өзi де жата қалып, бар күшпен тарта бергенде, анау пәле жылдамдық қылып мұны басып қалды. Бұдан кейiн орыс оны сол басып- жаншыған күйi екi иығын кiлемге қадап бiр-ақ тынды.



    • Бұл күресте Берной ұлығының балуаны жеңдi, — деп жар салды қазы. — Өз қазақтарының жеңiлiсiне намыстанған халықтың үнi шықпай, демдерiн iшiне тартты. — Келесi жұп төбе басына шықсын!

Сүлеймен мен дәу орыс төбе үстiндегi қазының қасына қатарласты. Қазы бұлардың да киiмдерiн тексердi. Орыстың аяғында Сүлеймендiкi сияқты етiк емес. Қонышы тобығынан сәл ғана асатын қысқа бәтеңке. Бұтында екi жағында көк жолағы бар қыжым шалбар. Қазы оны жетектеп, кiлемнiң арғы бұрышына апарды. Екі балуан екi шетте бiр-бiрiне бетпе бет қарап тұрды. Қазы төбе жиегiне барып, оң қолымен ортаны нұсқады:

    • Екiншi жұп күресiн бастайды. Ал жiгiттер, бастаңдар! Сүлеймен екi адым алға жылжыды. Орыс тарп-тарп басып,

бұған үш-төрт қадамдай жерге келiп тоқтады. Күреске түскенде әдетi ме, кiм бiлген, екi алақанымен екi құлағын жауып алып, әзiрейiлдей кейiпте түксиiп тұр. Мынадай түсi зәрлi, жирен сақалды, қызыл шашты, жүзi қатулы кәпiрдi бұрын кiм көрген. Сүлеймен одан бiр сәт iштей ығайын дедi.

“Намысты берме, бауырым!”. “Анау шарадай қарнын жарып, iшек-қарнын ақтарып жiбер!” “Қорықпа, семiз адам қопал болады”, — деп жан-жақтан айқайлаған көпшiлiктiң дауыстары дем бердi ме, аз сәттен кейiн iшкi қобалжуын басып, бiлектерiн сәл алға соза, қарсыласына жақындады. Бұл жақындағанда анау “уаһ” деп ақырып, екi қолын бұған қарата сермедi. Дауысы жер жарардай жуан екен. Сүлеймен артқа қарай шегiндi. Тырс еткен



дыбыс шығармай, тынып тұрған топтың iшiнен: “Селт етпе, жiгiтiм, жақындай бер! Ақырғанның бәрi арыстан емес”, — деп бiреу айқайлады. Бiрақ алға баспады. Есесiне, анау әзiрейiлдей орыс жан-жағына қолдарын жазып жiберiп, бұған қарай жүрдi. Сол жүргеннен тоқтамай, бірден бассалды. Екеуi ұстаса қалғанда, жұрт гу еттi. Орыс бар күшiмен Сүлеймендi бiрден лақтырып тастайын дедi ме, мұны құшақтаған күйi ырғап-ырғап алды. Алайда ойлағаны бола қоймады. Ол құшақтаған кезде бұл бар күшiн жиып, тырыса қалды. Анау үшiншi мәрте ырғай бергенде, оны аяғынан шалып тұрып, жамбасқа алуға тырысты. Бiрақ өгiздей болған пәленiң ауыр денесi оңайлықпен қозғалмады. Қайта өзiн мытып, сол жаққа қарай еңкейтiп барады. Оң жақ мойнынан орап алған қолы құдды бiр шойын темiрдей мықты екен. Сәл босаңсыса мойны жұлынып, жерге бiр-ақ түсердей. Тегеуiрiндi күштен жаны қиналып, маңдайынан шып-шып тер шықты. Сонда да қарсыласына оңайлықпен бой бермей, тырыса түсiп, бiр сәт көзiн жұмды. Көзiн аз-маз сәт жұмды ма, жоқ ұзақ уақыт жұмды ма, бiлмедi, ашып қалса, еңкейген басы жердегi кiлемге жақындап қалыпты. Тура құлақ түбiнен орыстың ырс-ырс етiп демалғаны бiрте-бiрте күшейiп, мойнына оралған қолдары бiр сәт босаңсыр емес. Дәл осы кезде: “Балам, оң қолыңмен тiзеге жармас”, — деп құлақ түбiнен сыбырлаған бiреудiң дауысын есiттi. Оның кiмнiң даусы екенiн саралауға да мұршасы болмады. Мойнын қатып ұстаған қолдардан бұлқынып қап, оң жағына көз салды. Өзiн басып бара жатқан орыстың бiр тiзесi тура тұмсық алдында тұр. Орыстың бөксесiнен қатып ұстаған қолдарын зып еткiзiп босатты да, тiзеге жабысты. Лезде бар күшпен тiзенi жоғары көтерiп, бойын тiктедi. Бұдан мұндай оқыс қимылды күтпеген орыс балуан бiр аяғымен селтеңдеп тұрып, мойынға қайта шап бердi. Сүлеймен ышқына тiзенi өзiне тартты. Келесi сәтте ананың бар денесiн ұстап тұрған бiр аяғын шалып жiберiп, шалқасынан түсiрдi. Анау сүрiнiп құлаған атан нардай, жердi ойып жiберердей салмақпен оңбай құлады. Денесi сонша ауыр болса да ептiлiгiн қара. Кiлем үстiне екi иықпен емес, бiр иықпен құлады. Ол жерге құлағанда, Сүлейменнiң тiлеуiн тiлеген қалың көпшiлiк жер-көктi бастарына көтерiп, шулап кеттi. Сол

шудан екiленіп, орыстың үстiнен баса қалып, мыти түстi. Анау оңайлықпен берiлер емес. Бұл кеудесiне отыра қалып бар күшпен қанша мыжғылап басса да бiраз уақыт берiлмей, екiншi иығын кiлемге тигiзтпедi. Аздан соң оны бұлай ала алмайтынын бiлдi де, қолдарын иықтарынан босатып, орыстың екi аяғының ортасына тiзерлеп отыра қалды. Орыс кеудесiн көтерiп тұра бергенде, оның екi аяғының тiзе тұстарын бүйiрiне ала құшақтап, лып етiп орнынан тұрды. Содан анау бұлқынып үлгергенше, аяқтарын екi қолтығына қысып алып, оны арбаша сүйрей жөнелдi. Кiлем шетiне дейiн сүйреп барды да, айналдырып-айналдырып жiбердi. Орыс бар денесiн босаңсытып жата қалды. Бұған да керегi осы едi. Үстiне құлай кетiп екi иығын кiлемге жанши қойды. Қазы “күрес бiттi” дегендей қол көтердi. Айналадағы жұрттың қуанышында шек жоқ. Бiреулер жүгiрiп келiп, Сүлейменнiң үстiне шапан жапты. Терге малшынып, ырсылдап әрең демалған Сүлеймен алғашқыда қасындағылардың кiмдер екенiн байқай да алмады. Маңдайын алақанымен сүртiп, алдына қараса, қарсысында ақ боз ат мiнген, қара сақалды қара киiмдi кiсi тұр. Ол бұған қарап, езу тартып күлгендей боп тұрды да, зым-зия ғайып болды. Өз-өзiне сенiңкiремей, басын бiр шайқап алып тағы қараса, әлгi кiсiнiң орнынан халықты көрдi. Жаңағы кiсiнi қай жерде көргенiн есiне түсiре алмады. Есiне түспедi. Есiне түсер ме едi, егер алқынып Көбектер жетiп келмегенде.



    • Өй, жарайсың, жиен! Бұл дәу орысты жер қаптыратыныңды

әу баста-ақ бiлгем. Өй, айналайын, жүр ана жаққа. Бiраз демал,

  • деп ол мұны шетке сүйредi.

Сөйтiп Көбек бiр қолтығынан, Нұржан мен Құлажан бiр қолтығынан демеп шетке шыққанда алдарынан Ордабек пен Досалы шықты.

    • Уа, пәлi. Дию орысқа дес бере алмайды ғой деп, қауiптенiм едiм алғашқыда. Төле бабаңның әруағы қолдады сенi, балам. Ендi ана бiреуiн жеңсең, бар атақ пен мансап сенiңкi, айналайын,

  • дедi Ордабек екпiндей сөйлеп.

    • Қазiрше бiр ғана балуанды жыққан жiгiттi тым асыра мақтау ертерек. Қауiптi сайыс әлi алда. Ендi мұны соған қамдайық, — дедi Досалы бар кездегiдей қатал мiнезiн көрсетiп. — Көбек,

Сүлеймендi жақсылап тынықтыр. Қол-аяғын уқала. Қайта күреске түскенше көп тамақ берiп қойма. Әсiресе, қымыз, айран, сүт берушi болма. Олар буынды босатып, iшектердi осалдатады.

    • Керiмбай сiздерге айтты ма? Екiншi күрес қай уақытта басталады екен?

    • Бие сауым мезгiлден соң. Бiз ұлықтар жаққа қайта барайық.

Сендер кейiн келе бересiңдер.

    • Жүрiңдер, мына үйдiң iшiне кiрiп отырайық, — дедi Көбек. — Әйтпесе, ерiккен кiм көрiнген келiп, Сүлейменнiң

мазасын алар.

Бәрi балуандарға арнап тiгiлген киiз үйге кiрдi.



    • Әйтеуiр, бiр жерiң ауырып қалған жоқ па? — деп сұрады Құлажан.

    • Қазiрше аман сияқтымын.

    • Келесi күресетiн адамың мен бiлсем, жаңағыдан күштi емес сияқты. Қалай дегенмен де, оның айласы мол-ау деймiн. Бағана анау орыс сенi мойныңнан ұстап төмен тұқыртқанда, өзiңдi “әй, жеңiлдi-ау” деп ойлап едiм. Құлап бара жатып аяғынан шап бергенiң мұндай жақсы болар ма.

    • Оның аяғынан қалай ұстай алғанымды өзiм де бiлмей қалдым.

Олар өткен күрес жайында сөйлесiп бiраз отырды. Көбек пен Құлажан Сүлейменнiң аяқтарын, қолдарын әбден уқалап ширатты. Шалқалай жатқызып iшiн, етпеттей жатқызып мойны мен бiлегiн умаждады. Мұның бәрi балуан адамға өте қажеттi-ақ нәрселер.

Жарты сағатқа жуық уақыт өткенде қазы жақтан “күрес алаңына жетсiн” деген хабар жеттi. Жiгiттер Сүлеймендi ортаға ала сыртқа шықты. Төбе маңындағы адамдарда есеп жоқ. Бәрi ентелей, Сүлеймендi бiр көрiп қалуға құмартып, бұларға лап қойды. Көбек пен Құлажан оларды өздерiне жақындатпай керi итере жүрiп, әзер дегенде төбе жанына жеттi.



Төбе үстiнде бағана қазақты жеңген орыс балуаны маңқиып тұр. Жаңағы досының есесiн тап қазiр-ақ қайтаратындай сыңаймен алдыға бiр шүйлiгiп қойды. Қазы “сабыр сақтай тұр” дегендей, оның көкiрегiнен итерiп, кiлем шетiне тұрғызды.

    • Уа, халайық. Қазiр Керiмбай болыстың тойындағы түйе балуан күресiнiң ең ақырғы сайысын бастаймыз. Осы күресте жеңген адам бүкiл Жетiсу, Сырдария облысының ең мықты балуаны болып есептеледi. Соған байланысты мына екi балуанның аты-жөндерiн атап, сiздерге мағлұм етпекпiн. Бiрiншi тұрған мына орыс балуанның аты — Некәлай. Берной ұлығының күрескерi. Жасы жиырма төртте. Бұдан бұрын осындай күреске сегiз рет түсiп, сегiзiнде де жеңiске жеткен. Салмағы жүз бес келi. Ал мынау жас балуанымыздың аты — Сүлеймен. Қазығұрттағы Ордабек болыстың ауылынан келген. Руы — жаныс. Жасы он жетiде. Бұрын ешқандай күреске түсiп көрмеген. Сондықтан да мұның салмағын бiлмеймiз. Сiрә, тоқсан келiден асса керек. Сүйегi iрi, денесi дәу ғой. Бағанағы күресiмiзде балуандардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Ендiгi күресте де, Құдай ондай жазымнан сақтасын. Қане, ендi тынышталыңыздар. Ал балуандар, күреске кiрiсiңiздер, — деп қазы қалыптасқан әдет бойынша, оң қолын жоғары көтерiп, ортаға қарай сермедi.

Қазының қолы сермелгеннен-ақ Некелай балуан кiлем ортасына атылып шықты да, жемтiгiн аңдыған жолбарыстай қатуланып, екi аяғын екi жаққа соза, еңкейiп тұрды. Сүлеймен де қарап тұрмай, бiрден оған жақындады. Екеуiнiң арасы екi қадамдай қалғанда Некелай бойын түзеп, қарсыласының бiр жерiнен шап етiп ұстап алуға ұмтылды. Сүлеймен оның созған қолын қағып жiбердi. Содан бiраз уақыт бiр-бiрiне батпай, кiлем үстiнде айналшықтап жүрдi де қойды. Айналадағы халық болса, Сүлейменге дем берiп, шуласып жатыр.

Бағана тапал қазақпен күрескенде бұл орыс оған бiрден атылған едi. Ендi күрес тәсiлiн өзгерткен сыңайлы. Екi көзiн Сүлейменнiң көзiне қадап, бiресе шегiнiп, бiресе жақындап, мұның аяқ алысын аңдыды. “Бiрiншi болып сен шаппасаң, мен де шаппаймын” дегендей, бұл да ол қалай айналса, солай айналып жүрдi. Осылайша, екi балуан бiр-бiрiне бата алмай, бiршама уақыт өткiздi. Бiр кезде орыс айқайлап жiберiп, еңкейген күйi алға жүгiрдi. Өзi ұзын болса да жолбарыстай ширақ екен. Әп-сәтте қарсыласының екi аяғын құшақтай алып, алға қарай тартып жiбердi. Құдай қолдағанда, Сүлеймен жығылмады.



Қайта жылдамдық қылып, ананың бөксесiнiң сыртынан қапсыра құшақтап, оны тырп еткiзбедi. Ойлаған тәсiлi болмаған Некелай Сүлейменнiң екi аяғының сан тұсынан құшақтаған күйi, екi жаққа қарай итергiлеп, босанбаққа әрекеттендi. Бұл қимылынан да түк шықпады. Содан соң артқа қарай шегiне бастады. Екi балуан ұстасқан күйлерi кiлем шетiне жеттi. Осы сәтте Сүлеймен сәл босаңсып қалды ма, Некелай қарсыласын оңға қарай лақтырып жiберуге талпынды. Бұл одан ажырамады. Ал Некелай жаңағы тәсiлiн тағы қайталады. Қанша дегенмен мығым да күштi денесiнiң серпiнi қатты емес пе. Ұстасып тұрған балуанын лақтырып жiбермегенiмен, өз екпiнiне өзi де, Сүлеймен де аяқ тiреп тұра алмай, қосарлана оңға қарай жылжыды. Жылжып келiп, екеуi шошақ төбенiң тура шетiне келгенде тұра қалысты. Мұны көрген қазы:

    • Тоқтаңдар! Тоқтатыңдар күрестi! Кiлем шетiне шығып кеттiңдер, — деп айқай салды.

Сүлеймен қолдарын орыстан босата бергенде, қазының қазақша сөзiн түсiнбеген Некелай мұны шетке қарай лақтырып жiбердi. Мұндай оқыс қимылды күтпеген Сүлеймен шошақ төбенiң жиегiнен төмен қарай құлап бара жатып, оның белiне жармаса кеттi. Сөйтiп екеуi бiрдей төбе үстiнен төменге қарай сүйретiле құлады.

    • Орыстыкi жөн емес!

    • Осы қылығы үшiн оны жеңiлдiге санау керек!

    • Қазы, орысты күрестен қуып жiбер!

    • Мұндай кезде лақтыруға болмайды, — деп топырлап тұрған жұрт шу-шу етiстi.

Ал бiреулер балуандардың төбе басынан қосақтала домалап түскенiне ха-ха-лап күлiп жатты. Қазы төбе шетiне келiп, пәсте жатқан балуандарды тұрғызды. Содан соң:

    • Тiлмәш қайда? Тiлмәштi шақырыңдар, — деп ұлықтар отырған жаққа қарады.

Жүгiрiп келген тiлмәш Некелайға әлгiндегi қылығының дұрыс еместiгiн түсiндiрiп жатыр. Ол “түсiндiм” дегендей, екi қолын кеудесiне қойып, басын изеп-изеп қойып, төбе басына шықты.

Күрес қайта басталды. Бұл жолы екi балуан бiрiншi айқастағыдай аңдысып, ұзақ жүрмедi. Қазы белгi берiсiмен-ақ, алыса кеттi. Орыс тағы да жылдамдық танытып, Сүлейменнiң аш белiне тап берген. Ал Сүлеймен оның жауырынының сыртынан құшақтай қапсырып алған. Екеуi осылайша, бiр-бiрiн жыға алмай, жұлқыласып көп тұрды. Әлден уақытта Некелай мұны шалқалай iшiмен көтерiп алды да, кiлемге топ еткiзбек болып серпи бергенде, өзi шалқасынан түстi. Шалқасымен түскенiмен кiлемге жауырынмен құламады. Қырынан түстi. Ендi екеуi жатқан күйлерi алыса бастады. Дегенмен орыс кiлем үстiн бұрын талай көрген кәззәп емес пе, алысып жатып, Сүлейменнiң үстiне шығып үлгердi. Абырой болғанда, Сүлеймен бiр қырынан жатыр едi. Анау үстiне шығып алып, қанша тартқыласа да, берiспей қойды. Ендi Некелай басқа әдiске көшiп, мұның бiр аяғын қос қолымен ұстап, қайыруға кiрiстi. Сүлеймен екiншi аяғымен оның қолдарын итерiп, кеудесiн сәл көтердi де екi қолымен ананың бiлектерiне шап бердi. Ол босанбақ болып тартыншақтай бергенде, оны бар күшпен еңкейте тартып, аяқтарын оның iшiне тiрей қойып, өзiнен асырып, лақтырып жiбердi. Некелай сорлы кiлем шетiне баспен барып қадалды. Мыңдаған адам тағы шу еттi. Бiрақ Некелай орнынан атып тұрды да, жайлап көтерiле берген Сүлейменге бассалды. Сәтiн салғанда, орыс мұның иығына тура қарын тұсымен келiп жабысқан едi. Сiрә, екпiнiмен мұны құлатып салам деп ойласа керек. Ендi Сүлеймен шапшаңдық қылып, оны көтере орнынан тұрып кеттi. Содан қаһарланған ол, бар күшiн жиып тұрып, иығында жатқан орысты кiлемге алып ұрды. Әрi өзi де бар салмағымен оның үстiне шаншыла құлады. Шаншыла құлағанда, оны майып қылайын деген ойы жоқ-ты. Бағанағыдай аунап үлгертпей, орыстың екi жауырынын кiлемге бiрден тигiзу едi. Орыс осы жолы онсыз да кiлемге қос жауырынымен қадалған- тын. Сүлеймен үстiне құлағанда, “Ой, мама” деп шыңғырып жiбердi. Одан соң тырп етуге шамасы келмей, бiр қолымен иек астын, бiр қолымен көкiрек тұсын ұстап, ырс-ырс етiп, серейдi де қалды.

    • Тағы да Сүлеймен жеңдi! — деп айқайлады қазы қос қолын

жоғары көтерiп. — Жеңiс — қазақтiкi!

Сол-ақ екен, айнала қым-қуыт айқай-шуға толды да кеттi. Сүлеймендi көтермелеп айқайлаған мыңдаған адамның шулы дауысынан құладын дүз — Билiкөл даласы толқып, кәрi Қаратаудың көк шыңдары мен жалтыр құздары дiр-дiр еткендей едi. Тiптi айғыр кiсiнеп, тұлпар жер тартып, бура ақырғандай болды.



    • Уа, жаса, Сүлеймен!

    • Уа, қыраным! Анаң сенi мұзбалық етiп туған екен!

    • Арыстан екенсiң, айналайын!

    • Қайратың мен бабың бiрдей екен, батырым! — деп айқай салған жұрттың қуанышында шек болмады.

Бiрақ жұрттың өзiн бұлайша қошеметтеп, құрметке бөлеп, айқайлап жатқаны Сүлейменге титтей де әсер етпедi. Қайта өзiнен жеңiлiп, жерде тұруға шамасы келмей, ыңырсып жатқан Некелайды айналшықтап, “Осы жазғанға бiрдеңе болып қалды ма?” деп оның қасынан ұзап кетпей тұр. “Не болды?” — деп сұрайын десе, орысша тiл бiлмейдi. Орыс болса “ананы шақыршы” дегендей, қазыны қолымен нұсқап-нұсқап қояды. Күреске қазылық еткен кiсi Некелайды “жеңiлгенiне намыстанып, тұрмай жатыр” деп ойлады ма, оған назар да аудармай, төбе шетiнде болыстар мен ұлық отырған жаққа қарап тұр.

    • Мына орысқа бiрдеңе болып қалды-ау деймiн. Барып көрiңiзшi.

    • Бұл неге тұрмай жатыр өзi? — деп қазы оның қасына барды.

Онымен бiрге тiлмәш та жеттi оған. Тiлмәш орыспен аз-маз сөйлестi де:

    • Бiраз қабырғалары мен бұғанасы сынып кеткенге ұқсайды. Өзi тұра алмайды. Кiлемге салып көтерiп кетпесек болмас, — дедi ол қазыға қарап.

Осы кезде төбе басына жүгiрiп Көбек пен Құлажан келдi.

Екеуi келе сала Сүлеймендi құшақтай алды.



    • Неғып тұрсың бұл жерде? Сен жеңдiң! Болды, жүр! Ендi түсейiк пәске. Болыстар жаққа барайық.

    • Тұра тұрыңызшы. Мына орыстың бiр жерi сынып кеткенге ұқсайды.

    • Құрысын, кәпiрiң. Бiр жерi сынбаса, қирап қалсын. Әйтеуiр өзiң амансың. Осыған шүкiр де. Кеттiк, бол! Ана жақта ұлық пен Керiмбай болыс сенi күтiп отыр. Саған разылығын бiлдiрмек.

Етекке түскен соң Құлажан қолындағы шапанын Сүлейменнiң иығына жапты. Ол шапанды желбегей жамылған күйi Көбекке ерiп, игi жақсылар отырған шатырға келдi. Қатарласа жайғасқан би-болыстардың қақ ортасында кешегi өзi амандасқан ұлық отыр. Сүлеймендi көрген ол орнынан жайлап тұрды. Оған iлесе би-болыстар да өре түрегелдi.

Ұлық Сүлейменнiң қолын алмады. “Кешегiдей қолымды қысып ауыртып жiберер” деп ойлады-ау, сiрә. Тек:



    • Молодец, Сулайман. Ты хорош! Ты сильный! — дедi езу тартып.

    • Жеңiсiң құтты болсын, балам! Бұдан да мықты балуан бола бер, — дедi Керiмбай болыс.

Ұлық пен Керiмбай болыстың мадағын естiген соң бұлар өз үйлерiне келдi. Сүлеймендi көруге құмартып, құттықтауға келген адамдардар да есеп жоқ. Бiрақ оларды Көбек iшке кiргiзбедi…

Ертесiне үш жүз ат сап түзеп, отыз бес шақырымдық аламан бәйге басталды. Аламан бәйгеде сиқым Мақұлбектiң қарагерiне жетер ат болмады. Ордабектiң атбегiсi баптаған ақжал ат екiншi болып келiп, бес жылқы, елу сомды қанжығасына байлады. Ал мыңнан аса ат қатысып, үлкен Қаратаудың арғы жағы бiр бөлек, бергi жағы бiр бөлек болып шабысқан шабандоздар сайысы — көкпарда атышулы шегiр Сыдыққа тең келер ешкiм болмай, бас салым бәйгесiн сол алды.

Бiр күннен кейiн күрес пен көкпардан ешкiмге дес бермеген жiгiттерiне разы болып, көңiлi масаттанған Ордабек байбатша Билiкөл жерiмен қош айтысып, би-болыстарын, шабандоз- атбегiлерiн, атқосшы-қызметшiлерiн, жалпы, өзiмен бiрге тойға келген үш жүздей қалың нөкерiн ертiп, елге, Қазығұртқа қарай бет түзедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет