Терең веналардың тромбозы кезінде антикоагулянттарды, фракцияланбаған жəне төменмолекулярлық гепаринді қабылдау, сирақ тамырларының жеке (изолированном) тромбозында варфарин мен гепаринді жұптастыру, өкпелік артерияның тромбоэмболиясы кезінде антикоагулянттарды, фракцияланбаған жəне төменмолекулалық гепаринді енгізу.
Гепаринді қолданудың 3-5 күні науқаста тромбоцитопения туғызуы мүмкін, ал тромбоциттер санының 30%-көп төмендеуі гепаринді қабылдауды тоқтатуды қажет етеді. Яғни, гемостазды қадағалау қиындай түседі, əсіресе амбулатория жағдайында. Сондықтан ең тиімдісі төменмолекулярлық гепаринді - далтепарин 100 ХБ /кг 2 рет/тəул. т/а, надропарин 100 ХБ/кг 2 рет/тəул. т/а тағайындау, себебі олар тромбоцитопенияның дамуына сирек алып келеді. Сонымен қатар қанның ұю жүйесін бақылауды қажет етпейді. Емдеу курсына 10 10 инъекция жеткілікті, одан кейін науқас тікелей емес əсерлі антикоагулянттарға (варфарин, аценоккумарол) көшеді.
Қабынуға қарсы терапия – ибупрофен 400 мг күніне 3 рет, ацетилсалицил қышқылы 1 г күніне 3 рет, напроксен 250 мг күніне 2 рет, натрий диклофенагы 50 мг күніне 2 рет, парацетамол 1 г күніне 4 рет. Май түріндегі гепарин.
Тромболитикалық терапия тромбтарды ерітіп, магистральды веналардың өткізгіштігін қалыртастыруға көмектеседі. Терапия мықын-сан, қолтық бұғана асты сегменттердің тромбоздарында көмектеседі.Тромболитиктерден стрептокиназа, целиаза, урокиназа, трмболитин және т.б қолданады. Тағайындағанда жауапкершілікпен қарау керек, қан кету, ТЭЛА дамуы мүмкін.
Хирургиялық емі - тромбэктомия
Кеуденің жабық жарақаты. Төс сүйегінің сынуы. Клиникалық көрінісі, диагностикасы және емде тактикасы.
Жаракат механизмі – төс сүйегі алдынан артқа бағытта тура күш түсу немесе қысылуы. (жол көлік апатта кеудемен рульге соғылу) Шектелген төс сынығы салыстырмалы түрде сирек, жиі олар қабырғаның шеміршекті бөлігінің сынуымен бірігеді.
Аздаған жарықшалардың ығысуымен болған төс сынығында мүмкін: плевраның зақымдалуы, жүрек соғылуы, перикардқа және миокардқа қан құйылуымен және ауыр жүрек жұмысының бұзылуымен.