Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет116/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125
17. Зельдович сынамасы
Оң Зелдович сынамасы қуықтың жарақаттанғанын көрсетеді. Ол үшін қуық қуысына катетер арқылы 300 мл физиологиялық физиологиялық ерітінді енгізіледі. 5-10 минуттан кейін инъекцияланған ерітінді ағызылады және оның көлемі есептеледі. Шығарылатын ерітіндінің мөлшері енгізілген ерітіндіден аз болса, үлгі оң болады.


18. Зимницкий сынамасы
Диагноз қою үшін кей жағдайда жалғыз зәр анализі жеткіліксіз болады. Осы кезде дәрігер арқылы зәрдің спецификалық талдауы жүргізіледі. Бұл сынаманы орындау үшін дәрігер айтқан нұсқаулықты дұрыс орындау қажет, яғни ыдыстың ретті тізімі, сақтау жағдайы және лабораторияға жіберілетін уақыты. Зимницкий бойынша сынама – бүйректің жұмысын анықтауға көмектеседі. Зерттеу кезінде тәуліктік зәрдің жалпы көлемі, зәр тығыздығы, тәулік бойы бөлінетін зәрді ыдыстарға бөлу дұрыс жүргізілуі қажет. Осы көрсеткіштерге байланысты бүйрек жұмысының бұзылысын анықтауға болады.
Зимницкий сынамасы бойынша зәрді дұрыс жинау.
Зимницкий сынамасы бойынша зәр тәулік ішінде белгілі уақыт аралығында жиналады. Қажетті материалды дұрыс жинау үшін қажет:
8 таза ыдыс
сағат (зәрді белгілі уақыт аралығында жинау қажет)
күнделікті қабылданатын сұйықтықты жазатын блокнот (көже, сүт тағы басқа да сұйықтық көлемі жазылуы қажет)
Зерттеу үшін зәрді қалай жинау қажет?
Таңғы алтыда қуықты унитазға босату қажет.
Тәулік бойы әрбір 3 сағат сайын қуықты арнайы ыдыстарға босатып отыру қажет.
Қуықты босататын уақыт тізімі 9:00, 12:00, 15:00, 18:00, 21:00, 24:00, 03:00, 06:00.
Толтырылған ыдыстарды суық жерде жабық күйде сақтау қажет (тоңазытқышта).
Келесі күні таңертең барлық ыдыстарды лабораторияға апару қажет және күнделікті пайдаланған сұйықтық көлемі жазылған қағазды беру.
Зимницкий сынамасын не үшін жүргізеді?
Зимницкий сынамасының басты мақсаты зәрде еріген заттардың концентрациясын анықтау. Зәр тәулік бойы түсі, иісі және көлемі бойынша ерекшеленеді. Зәрдің тығыздығын өлшеу арқылы зәрдегі жалпы заттардың концентрациясын анықтауға мүмкіндік бар. Қалыпты зәр тығыздығы 1003-1035 г/л. Зәр тығыздығының өсуі ондағы еріген заттардың өскенін көрсетеді, төмендеуі – азайғандығын. Зәрдің құрамына негізінен азотты қосылыстар кіреді – ағзадағы ақуызды заттардың алмасуы (мочевина, мочевина қышқылы), органикалық заттар, тұздар. Зәрде глюкоза, белок және басқа да органикалық заттардың пайда болуы бүйрек патологиясын немесе басқа мүшелердің патологиясын көрсетеді.
Зимницкий сынамасының қалыпты көрсеткіштері:
Тәуліктік зәрдің жалпы көлемі 1500-2000 мл.
Пайдаланылған сұйықтық пен шығарылған зәр көлемінің ара қатынасы 65-80%
Тәулік бойы шығарылған зәр көлемі 2/3, түнгі – 1/3
Зәрдің тығыздығы бір немесе бірнеше ыдыста 1020 г/л жоғары
Зәрдің тығыздығы 1035 г/л барлық ыдыста
Зәрдің төмен тығыздығы (гипостенурия). Егер зәрдің тығыздығы 1012 г/л төмен болса, оны гипостенурия деп атайды. Ол келесідей жағдайларды көрініс береді:
Бүйрек жеткіліксіздігі (бүйректің созылмалы амилоидозы, гломерулонефрит, пиелонефрит, гидронефроз)
Пиелонефрит өршуі
Жүрек жеткіліксіздігі кезінде (3-4 саты)
Қантты емес диабет
Зәрдің жоғары тығыздығы (гиперстенурия).
Зәрдің жоғары тығыздығы, егер 1035 г/л- ден жоғары болса. Бұл жағдайды гиперстенурия деп атайды. Келесідей жағдайларды көрініс береді:
Қант диабеті
Эритроциттердің жоғары ыдырауы (серповидті жасушалы анемия, гемолиз, қан құю)
Жүктілік токсикозы
Жедел гломерулонефрит немесе созылмалы гломерулонефрит
Тәуліктік зәрдің жоғарылауы (полиурия). Зәрдің көлемі 1500-2000 литрдан асса немесе пайдаланылған сұйықтықтан 80% болса. Шығарылған зәр көлемінің жоғарылауы полиурия деп аталады және келесідей жағдайларда көрініс береді:
Қант диабеті
Қантты емес диабет
Бүйрек жеткіліксіздігі
Тәуліктік зәр көлемінің азаюы (олигурия)
Тәуліктік зәр көлемі 1500 мл (қалыпты сұйықтық пайдаланған кезде) немесе тәулік бойы пайдаланылған сұйықтықтың 65% құраса төмендегенін көрсетеді. Бұл жағдай келесідей кезде байқалады:
жүрек патологиясы (жүрек жеткіліксіздігі)
бүйрек қызметінің бұзылысы (бүйрек жеткіліксіздігінің кеш сатысы )
Түнгі уақытта бөлінетін зәр көлемінің жоғарылауы (никтурия)
Қалыпты жағдайда күндіз бөлінетін зәр көлемі 2/3, ал түні уақытта – 1/3 құрайды. Бұл көлемнің түнгі уақытқа қарай жоғарылауы жүрек жеткіліксіздігін және бүйрек концентрациялық қабілетінің төмендегенін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет