Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет52/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125
Этиологиясы :

  • Суықтың ұзақ әсер етуі-үсік шалу

  • Аяқ травмалары

  • Шылым шегу

  • Авитаминоздар

  • Ауыр эмоцианалдық күйзелістер

  • Психикалық бұзылыстар

  • Инфекциялар

  • Аутоиммунды процестердің бұзылыстары




    • Патогенезі:

    • Көптеген авторлар қан тамырлардың спазмы бүйрек үсті безінің гиперфункциясына байланысты дамитын гиперадреналинемия әсерінен тұрақты болып келеді деп есептейді.

    • Ұзақ уақыт дамыған артериялардың спазмы мен vasa vasorum қан тамырының созылмалы ишемиясына әкеледі, осының нәтижесінде интиманың гиперплазиясы, адвентициясының фиброзы мен қан тамырдың өзіндік нервті аппаратының дегенеративті өзгерістері туындайды. Интиманың өзгеруі салдарынан тромб түзіліп, тамыр қуысының тарылуы мен облитерациясы дамиды. Егер сырқаттың басында көбіне аяқтардың дистальды бөлімдерінің, әсіресе балтыр мен табанның тамырлары зақымдалса, кейіннен патологиялық процеске ірі артериялары (тізе асты, сан, мықын ) қосылады. Артериялар бойымен қан ғымының жедел баялауы тіндік алмасу қамтамасыз ететін микроциркуляторлы тамырлардағы қан ағымын бұзады да, тіндерге оттегінің тасымалдануы төмендеп, тіндік гипоксия дамиды және артериоло-венулярлы анастомоздар ашылған кезде тіндік гипоксия күшейеді.

    • Тіндерде оттегінің азаюы тотықпаған өнімдердің жиналуы мен метаболикалық ацидозға әкеледі. Осындай жағдайда қан қоюланып, оның коагуляционды белсенділігі, эритроциттердің агрегациясы, тромбоциттердің адгезивті-агрегациялық қасиеті жоғарылап, дезагрегациялық қасиеті төмендейді. Тромбоцитарлы агрегаттар түзіліп, микроциркуляторлы жүйені тежей отыра зақымдалаған мүшенің ишемиясының дәрежесін ауырлатады және шашыранды тамырішілік тромб түзілуінің себебі болуы мүмкін. Метаболизмнің жергілікті бұзылыстарының үдеуі тіндерде дистрофиялық өзгерістерді туындатады. Оларда мембранотоксикалық әсері бар гистамин, серотонин, кинин, простагландиндердің мөлшері жоғарылайды. Созылмалы гипоксия клетка мен тіндерді лизиске ұшырататын лизосоманың ыдырауы мен гидролазаның босауына әкеледі. Осының нәтижесінде тіндер некрозы мен протеолитикалық ферменттердің жинақталуы жүреді. Организм белоктың ыдырау өніміне сенсибилизацияланады. Микроциркуляцияның бұзылысын ауырлататын және жергілікті гипоксия мен тіндер некрозын күшейтетін патолгиялық аутоиммунды процестер дамиды.




    • Клиника және диагностика:

    • Зақымдалған мүшенің артериальды қан айналымының ауырлық дәрежесіне және жеткіліксіздігіне байланысты облитерациялаушы эндартерииттің 4 сатысын ажыратады.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет