Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


 Өңештің зақымдануы. Себептері. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Асқынулары және хирургиялық емі



бет18/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125
Байланысты:
Диафрагманы концепциясы. Операциялы емге к рсеткіш, операция а-1

18. Өңештің зақымдануы. Себептері. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Асқынулары және хирургиялық емі. 
Өңештің зақымданулары
Өңештің оқшауланған ашық және жабық зақымданулары өңештің терең орналасуына және басқа құрылымдармен тығыз қатынаста болуына байланысты сиреккездеседі. Өңештің зақымданулары сыртқы (ашық) және ішкі(жабық) болып бөлінеді. Өңеш қабырғасының ішінен болатын жыртылулары мен жарақаттары жұтылған заттардың әсерінен болуы мүмкін (тіс протездері, тауық, сиыр және балық сүйектері, еттің, нанның,картоптың үлкен бөлшектері). Психикалық ауру адамдарда кейде жұтылған қасықтардың, шанышқылардың, пышақтардың және басқа заттардың әсерінен өңеш зақымданулары байқалады.
Ашық жарақаттар суық және оқ ататын қарулар әсерінен болады. Жарақаттар жиі мойын, кеуде және құрсақтың өтпелі жарақаттары кезінде байқалады және көрші ағзалардың – кеңірдек, өкпе, жүрек, ірі қантамырлар, қалқанша без және т.б. зақымдалуларымен үйлеседі.
Жеке топқа интраоперациялық зақымдалуларды,сонымен қатар, диагностикалық және емдік іс-әрекеттер кезінде (эзофагоскопия, буждау, кардиодилятация, трахея интубациясы) болатын зақымдануларды жатқызады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мойын, кеуде және құрсақ бөліктерінің зақымдануларын ажыратады.Өңештің зақымдануы, сонымен қатар, көкірекаралыққа және өкпеге жасалған операциялар кезінде болуы мүмкін. Өңештің спонтанды жыртылуына себеп: мас болу, құсу, шамадан тыс тамақтану жатқызылады. Жоғарғы өңештік сфинктердің жабылған күйіндегі өңеш пен асқазандағы қысымның жоғарылауы оның қабырғасының бойлай жыртылуына әкеліп соғады,әсіресе, бұл өңештің көкет үстіндегі бөлігінде кездеседі.Өңеш бойлай жыртылғанда, жиі көп жағдайда жыртылу асқазанға дейін жетеді. Өңештің асқазанға өтетін жеріндегі спонтанды жыртылулар Бурхаве синдромы деп аталады. Өңештің барлық қабырғасының жыртылуы – көкірекаралыққа өңешқұрамындағы заттардың өтуіне және медиастиниттің дамуына әсер етеді.
Жіктелуі (В.С.Савельев, А.И.Кириенко, 2006 ж.).

  • Зақымдану деңгейі:өңештің мойын, кеуде, абдоминалды бөлімдерінің зақымданулары.

  • Орналасуы: алдыңғы, артқы, сол жақ және оң жақ қабырғаларының қарама-қарсы қабырғаларының зақымданулары және циркулярлы зақымданулар.

  • Зақымдану себебі:сыртқы жарақат(тесілген, кесілген, жұлынған, оқ жарақаттары, бөгде заттар, хирургиялық операциялар немесе аспапты манипуляциялар, ятрогенді зақымданулар),спонтанды жыртылулар.

  • Үйлескен зақымданулар: медиастиналды плевраның,трахео-бронхиалды жолдардың,ірі қантамырларының,көкірек аралыққа жалған ену жолы. ,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет