18. Өңештің зақымдануы. Себептері. Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Асқынулары және хирургиялық емі. Өңештің зақымданулары Өңештің оқшауланған ашық және жабық зақымданулары өңештің терең орналасуына және басқа құрылымдармен тығыз қатынаста болуына байланысты сиреккездеседі. Өңештің зақымданулары сыртқы (ашық) және ішкі(жабық) болып бөлінеді. Өңеш қабырғасының ішінен болатын жыртылулары мен жарақаттары жұтылған заттардың әсерінен болуы мүмкін (тіс протездері, тауық, сиыр және балық сүйектері, еттің, нанның,картоптың үлкен бөлшектері). Психикалық ауру адамдарда кейде жұтылған қасықтардың, шанышқылардың, пышақтардың және басқа заттардың әсерінен өңеш зақымданулары байқалады.
Ашық жарақаттар суық және оқ ататын қарулар әсерінен болады. Жарақаттар жиі мойын, кеуде және құрсақтың өтпелі жарақаттары кезінде байқалады және көрші ағзалардың – кеңірдек, өкпе, жүрек, ірі қантамырлар, қалқанша без және т.б. зақымдалуларымен үйлеседі.
Жеке топқа интраоперациялық зақымдалуларды,сонымен қатар, диагностикалық және емдік іс-әрекеттер кезінде (эзофагоскопия, буждау, кардиодилятация, трахея интубациясы) болатын зақымдануларды жатқызады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты мойын, кеуде және құрсақ бөліктерінің зақымдануларын ажыратады.Өңештің зақымдануы, сонымен қатар, көкірекаралыққа және өкпеге жасалған операциялар кезінде болуы мүмкін. Өңештің спонтанды жыртылуына себеп: мас болу, құсу, шамадан тыс тамақтану жатқызылады. Жоғарғы өңештік сфинктердің жабылған күйіндегі өңеш пен асқазандағы қысымның жоғарылауы оның қабырғасының бойлай жыртылуына әкеліп соғады,әсіресе, бұл өңештің көкет үстіндегі бөлігінде кездеседі.Өңеш бойлай жыртылғанда, жиі көп жағдайда жыртылу асқазанға дейін жетеді. Өңештің асқазанға өтетін жеріндегі спонтанды жыртылулар Бурхаве синдромы деп аталады. Өңештің барлық қабырғасының жыртылуы – көкірекаралыққа өңешқұрамындағы заттардың өтуіне және медиастиниттің дамуына әсер етеді.
Жіктелуі (В.С.Савельев, А.И.Кириенко, 2006 ж.).