Сөз таптары
1-деңгей
Етістікті тап
Орманшы, жас, отырды, көл, бүркіт, қызыл, жуды, ұшты, ғарышкер.
Етістікке сұрақ қой:
Аспан,ту, пісірді, қар, жазды, ұшты, білгір, сауысқан, бірінші.
2- деңгей
Дара етістікті тап:
Ұйықтап жатыр, жайды, ойланып қалды, таба алмады.
Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
3- деңгей
Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз
Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр.
Дара етістік Күрделі етістік
Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.
Орманда биік ағаштар........
Әсет қолын сабынмен .........
Үсен ағасын мерекемен........
Дәурен дойбыдан жарысқа........
Етістік
1-деңгей
Өлеңді көшіріп, етістікті тауып астын сыз.
Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Көшіріп жазып, болымсыз етістік жасаушы жұрнақтардың астын сыз.
Екі ойлы болма,
Екі ұшты сөйлеме.
Өтірікшінің қасында тұрма.
Ескі доспен ұстаспа.
2-деңгей
Сөздерге тиісті жұрнақтар жалғап, туынды етістік жасап жаз.
Сап, гүл, жыр, арқа, бас, сурет, өр.
«Сөз ойла, тез ойла» Берілген әріптерден сөздер құрап жаз.
Шарты: Құраған сөздер етістік болуы керек.
А, с,т, қ, ш, р, б, д.
Достарыңызбен бөлісу: |