Мәндес сөздерді бір бөлек, мағынасы қарама-қарсы сөздерді бір бөлек топтап жаз.
Сұлу, терең, ақ, шыдам, көркем, тайыз, биік, қара, зәулім, мезгіл,уақыт, жақын, төзім, алыс.
2) Сөйлемдердегі бірдей дыбысталып,әр түрлі мағынаны білдіріп тұрған сөзді тап. Олардың мағынасын түсіндір.
Мақта-өсімдік. Сен досыңды мақта. Қой жайылып жүр. Кітапты орнына қой.
3-деңгей
Алма, қара сөздерін әр түрлі мағынада қолданып жаз.
Кестені толтыр.
Сөз және оның құрамы
1-деңгей
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшаларын ажырат
Кітапхана, дәрігер, оқушының, дәптерге, теңізші, далада, жылқышы, аспаз, тәртіпті, сазгер.
Түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтап жаз.
Өнер, мүсінші, сызғыш, көлге, дәптер, кітап, жұмыс, жұмысшы, шеберхана, ән, қалам.
2-деңгей
Берілген сөздердің түбірін бөліп алып, оларға басқа қосымша қосу арқылы жаңа сөз жаса.
Әнді, малға, ұшты, бүркіті, жұмысқа, шебердің.
«Ойлан, тап» Түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді сәйкестендір
Дос гер
Оқу тық
Таза шы
Зер лық
3-деңгей
Кестені толтыр
Түбір+жұрнақ
|
Түбір+жалғау
|
Түбір+жұрнақ+жалғау
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |