Дыбыс табиѓаты


СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет12/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
СӨЗ МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын — семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған.
Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.


СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ КЕЛТІРІНДІ (АУЫСПАЛЫ) МАҒЫНАСЫ
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз («М. М.»), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр.
Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын т y p a м a ғ ы н a дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы ма-ғынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің к e л т i p i н д i немесе a y ы c п a л ы м a ғ ы на с ы дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет