Дыбыс табиѓаты



бет13/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

Сөздің көп мағыналылығы
Тілдегі бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады. Әр сөзді сөйлемде өз орнына, өз мағынасында дұрыс қолдану үшін сөздің негізгі мағынасын білу өте қажет. Сөздердің мағынасы сөйлем ішінде белгілі контексте ғана айқындалады. Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды, бір мағыналы болып келмейді. Кейде бір сөздің әр сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та келеді. Мысалы, Жер бір тәулікте өзінің осін бір айналып шығады. Колхозшылар жер жыртуға кірісті. Олар екеуі екі жерде тұрады. Шырағым, қай жерің ауырады деген сөйлемдердегі жер сөзінің мағынасы әр сөйлемде әр түрлі болып құбылылып тұр. Бірінші сөйлемде планета ұғымында, екіншіде егіс ұғымында, үшіншіде орын деген мағынада, тертіншіде apa деген ұғымда қолданылып тұр.


ОМОНИМ СӨЗДЕР
Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал).
Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, — өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен «реніш» деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қанда да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасывда ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.
Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады:



Көп мағыналы сөздер

Омоним сөздер

адамның басы таудын басы судың басы

адамның басы аяғыңды жай бас көрікті бас

Омоним сөздердің айырықша бір түрі есебінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, opфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды.
Омофондар дегеніміз — біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер. Мысалы, Асшы ac даярлайтын адам. Ащы — қарсы мағынасы — тұщы. Екеуінің де айтылуы — ашшы. Қарала — қарама-қарсы мағынасы — ақта. Қapa ала Қapa mүc пен ақ түстің аралас келуі; екеуінің айтылуы — қарала.
Омографтар дегеніміз — біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы: бөлме («үйдің бөлігі») бөлме (бөл деген етстіктің болымсыз түрі), mapmna («столдық қағаз салатын жәшігі»), mapmna (тарт деген етістіктің болымсыз түрі). Жұп-жүбымен келген осы секілді омографтардың сыңарлары айтылуда екпін арқылы ажаратылады. Екпін аталған сөздердің зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет