Дыбыс табиѓаты



бет31/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

СӨЗ ТАПТАРЫ


Тілдегі сөздердің мағынасы алуан түрлі. Бір топ сөздер заттың атын білдіреді, онымен бірге заттың сындық, сандық белгілерін білдіретін сөздер де бар: жақсы адам, қызық кітап, жасыл жапырақ, отыз үй, қырық бала, он жылқы дегендердегі адам, кітап, жапырақ, үй, бала, жылқы — заттардың аты; жақсы, қызық, жасыл — сындық белгілері; отыз, қырық, он — сандық белгілер.
Өмірдегі заттың қимылын, қимылдың болған мезгілін, орнын, қалай болғанын білдіретін де сөздер бар: Әкем кеше жоғары отырды дегендегі отырды — заттың қимылын, кеше — қимылдың болған мезгілін, жоғары қимылдың орнын білдіріп тұр.
Осындағы әкем деген сөздің орнына ол деген сөзді қолдануға болады: Ол кеше жоғары отырды. Мұндай сөздер езінше бір топ құрайды.
Сонымен бірге адамның кеңіл күйін білдіретін сөздердің мағынасы жоғарыдағы сөздерден басқаша: алақай, қап, әттеген-ай, үһ т. б.
Тілдегі сөздердің мағынасы ғана мұнда түрліше болып қоймайды. Олардың түрленуінде де үлкен айырма бар, бірімен-бірінің тіркесуінде де ерекшелік мол, сөйлемдегі орны мен қызметі де түрлі-түрлі.
Осы ерекшеліктеріне қарай, қазақ тіліндегі сездер төмендегіше бөлінеді:


1.ЗАТ ЕСІМ.
2.СЫН ЕСІМ.
3.САН ЕСІМ.
4.ЕТІСТІК.
5.ЕСІМДІК.
6.ҮСТЕУ.
7.ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР.
8.ОДАҒАЙ.
9.ШЫЛАУ.


Зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді жалпы атаумен есім сөздер (есімдер) деп атайды.


СИНТАКСИС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Синтаксис – герктің сөзі: құру, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Ол сөз тіркесін, сөйлемді және оның түрлерін зерттейді. Қазақ тілі синтаксисі үш саладан тұрады:



  1. Сөз тіркесі синтаксисі.

  2. Жай сөйлем синтаксисі

  3. Құрмалас сөйлем синтаксисі.

Сөздердің байланысу тәсілдері


Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен гармматикалық байланыста қолданылады. Кез-келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланыса бермейді. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі бір заңдылығы бар. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер жалғау арқылы, шылау арқылы, сөздердің орын тәртібі арқылы, интонация арқылы байланысады.



  1. Сөздер септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары арқылы бір-бірімен байланысқа түседі. Осы жалғаулардың қатысуымен сөздің өзара байланысынан белгілі синтаксистік қатынас, грамматикалық мағына беріп отырады.

Мысалы: Мен өз Отан+ым+ды сүйе+мін. Мұндағы (-ым) тәуелдік жалғауы, (-ды) табыс септігінің жалғауы, (-мін) жіктік жалғауы.



  1. Сөздер ретіне қарай шылаулар арқылы байланысады.

Мысалы: Қазақ елі бейбітшілік үшін ынтымағын нығайтады. Мұнда көмекші рөл атқарып тұрған үшін шылауы, ол мақсаттың мағынасын тудырып тұр.



  1. Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады.

Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар түруы арқылы анықтауыштың қатынаста орын тәртібі арқылы байланысқанын көрсетеді. Ал егер осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыз сөйлем туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түседі.



  1. Интонация арқылы байланысу. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болуымен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады.

Мысалы: Ол – бухгалтер.

Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу түрлерінің бес түрі бар. Олар: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.





  1. Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы бір жақта және 1-2 жақьарда жекеше, көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс дүкеннен жүгіріп шықты деген сөйлемде Ілияс пен шықты, бастауыш пен баяндауыш ІІІ жақта қиысып тұр.

  2. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. Осындағы менің әкем , Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матасып тұр.

  3. Бағыныңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардағы сөздің атау мен іліктен басқа септік жалғауларының біреуі жалғану не шылауы арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды.

Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр.

  1. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.

Отаным десем ойыма
Айдын шалқар көл түсер...
Осындағы айдын, шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады.

  1. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сыңардың орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрін жанасу деп атайды.

Биыл ол мектепті бітіреді. Бұл сөйлемдегі биыл (бағыныңқы) сөзі бітіреді (басыңқы) сөзімен арасына сөз салып та, ол мектепті биыл бітіреді болып қатар тұрып та байланысады.

СӨЗ ТІРКЕСІ


Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған – бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт – басыңқы сыңарлар.


Сөз тіркесі құрамына қарай жай және күрделі тіркес болып бөлінеді. Мысалы: ағаш үй, алтын сағат – жай тіркесте, ақ боз ат , сары ала тон дегендер күрделі тіркестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет