Дыбыс табиѓаты



бет6/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз.
Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.
5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.

8. Діріл дауыссыз
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл дауыссыз деп атаймыз.
Ол р дыбысы болып табылады.


БУЫН
Сөз айтылғанда, түтас, бірден айтыла алмайды. Сөздердің айтыуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді.
Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуы буын деп аталады. М: ана, ата деген сөздер іштей екі бөлініп айтылады а-на, а-та.
Сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені дауысты дыбыс қана буын жасайды. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді.
Сонымен, буын дегеніміз – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.

1. Буынның түрлері
Буын жеке дауыстыдан және дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпта болмайды. Буын құрамының түрліше болуына бапйланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар. Олар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
1. Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз. Мысалы: а-ға, а-ғе-ке, ба-ға, бо-са, т.б.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз. Мысалы: ат, аз, ақ, ән, әр, өс, өр, ор, оз, ұқ, ұт, үк, ық, ін, т.б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буынды бітеу буын деп атаймыз. Мысалы: бақ, бел, бол, бұлт, бұр, жоқ, жент, дат, зор, қол, көл, соқ, тоқ, паң, таң, заң, мен, нан, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет