ВАРВАРИЗМ СӨЗДЕР, (TІЛ БҰЗАРЛЫҚ)
Варваризм сөздерге бір тілдің өзінде баламасы бола тұрып, сол тілге қажеттілігі болмаса да, басқа тілден орынсыз қолданылған сөздер де (ужасно деген сөздің қазақшасы — сұмдық, дальше дегеннің бублеті — әрі, әрі қapaй, отлично — өте жақсы т.б.), ауызекі сөйлеу мен халық ақындарының шығармаларында тыңдаушының көңілін тауып күлдіру, әзіл-қалжың айту максатымен де («Киргизский красивой, Қыздары оның сұлуы-ай, я прошу поцелуй, He женатый, холостой» (Жаяу Мүса), қоғамдағы жағымсыз, қу бұзақы адамдардың екі жүзді мінез-келбетін, жексұрын қылықтарын халық алдында мазақ, сықақ етіп, келемеждеу мысқалдау мақсатымен де, қаламгердің өз геройларын басқадан айрықша көрсету үшін қолданған варваризмдері де (— Нешево, нешево, — деді ол, суыққа піскен беті алмадай қызара бөртіп, — не бойся, он хороший (C.M), жатады.
КІТАБИ ЛЕКСИКА
Кітаби лексика дегеніміз көне жазба нүсқаларда қолданылатын бүкіл түркі халықтарына ортақ сөздер.
Кітаби лексиканың өзіне тән нормасы бар, белгілі бір дәстүрге байланысты қалыптасып, көне түркі тілінің ізі бойынша жазылып, қолданыс тапқан. Көне дәуір ecкерткіштері мен жазба әдеби нұсқалардың тілі қазақ тілінен мүлде басқаша, халыққа түсініксіз тіл емес. Өйткені, кітаби тілдің негізі — көне түркі, тілі, ол қазақ халқына жат тіл емес, етена жақын тіл.
Кітаби тілдің үлгілеріне қиссалар тілі де жатады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қиссалар мазмұны мен сюжетіне қарай екі түрлі болып келеді. Бірінші — шығыстың классикалык әдеби үлгілері негізінде жырланған кисса — дастандар: («Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-зарлық», «Боз жігіт» T.6.). Бүл поэмалардың тақырыбы — жеке адамның бас азаттығы, махаббат, адамгершілік жайлары. Екінші — ислам діні пайғамбарлары мен сахабаларын марапаттайтын поэмалар («Сал-сал», «Жұм-жұма», «Мәликаждар», «Кер-баланың шөлінде» т.б.).
Кітаби тілдің дәстүрі көне дәуірлерге қарай шегіне береді. XIX ғасырда жазба тілдің кеңейіп, етек алуына қарап кітаби тілді тек осы ғасырдың екінші жартысының жемісі деп қарауға болмайды.
Кітаби тілдің елеулі белгілері: a) — ертедегі әдебиеттің тұрақты дәстүрінің болуында, ә) — көркем баяндаудың стандартты формасының болуында, б) — кітаби лексикадағы сөздердін әуел баста тіл бүзарлық (варваризм) жолымен еніп, кейіннен бүл стильде тұрақты болып қолданылуында.
Can (кітаби формасы — саф) сөзінің мағынасын таза деген сөз толық бере алмайды, сондықтан оны (can) қолданбайынша болмайды. Баз, барша, баезы сөздері қазір де қолданылып жүр. Мысалы, мәдени, саяси, әдеби, рухани, ғылыми, ресми т.б. көптеген сөздердің тіпті олардың кітаби лексикаға жататынына қарамастан, орнығып кеткені белгілі. Әрине, кітаби лексика дегенді тек қана араб, парсы сөздері деп түсінуге болмайды, ондағы араб-парсы сөздері оның бір стилдік белгісі ғана.
Кітаби тілдің элементтері ұлы Абай шығармаларында да кездеседі, мұны Абай жазба тіл дәстүріне бір табан жақындауды, оны берік сақтауды терең сезінгендігінен деп білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |