Жалпы халықтық тілде қолданылатын, белгілі тілдің сөздік құрамына енетін сөздер сол тілде сейлеуші адамдардың бәріне бірдей түсінікті болып келеді. Ал жергілікті диалектіге енетін сөздер бір тілде сөйлейтін халықтың тұтас бір облысында, не бірнеше облысында тұратын адамдарға ғана түсінікті болып, өзге облыс адамдарына түсініксіз болады.
Кейде бір облыстағы тұратын адамдардың күн көріс кәсібінін түріне байланысты сөз ерекшеліктері де кездесіп отырады. Мысалы, балық аулаумен кәсіп ететін жердің адамдары үкі (мұз астынан балық аулау үшін ойылған ойық), прогон (бір ойықтан екінші ойыққа дейін мұз астымен ауды жүргізетін ұзын сырық), сүймен (мұз оятын ағаш сабы бар, ұшты жұмыр темір) деген сияқты сөздерді, ал егінді шығырмен суаратын жердің қазақтары ебей (шығыр дөңгелегінің кимасы), ауыт (шығыр суы құйылатын жер), жай (шығыр суы жүретін кіші арық) деген сияқты сөздерді; Қарағанды кеншілері лава (көмір шығаратын жер), крепшілер (көмір алынған жерді ағашпен бекітушілер), қайла (көмір қазатын құрал) деген сияқты сөздерді қолданады.
Сөйтіп, белгілі бір мамандық пен кәсіп түрінің көлемінде ғана қолданылатын құрал-саймандардың, бұйым атауларын білдіретін сөздерді п p o ф e c c и o н a л д ы қ (өндірістік) л e к c ик a дейді. Профессионалдық лексиканың термин сөздерден айтарлықтай ерекшеліктері бар. Терминдік сөздер ғылымның бір саласының әдеби тілдегі қалыптасқан атауы болса, профессионалдык сөздер ұсақ мамандыққа кәсіптің түріне ғана байланысты болады да, сол мамандықпен айналысатын адамдарға ғана түсінікті болып, сол маңдағы шаруашылықтың өзге түрінде жұмыс істейтін адамдарға түсініксіз болуы да мүмкін. Профессионалдық сөздер қазақтың байырғы сөздерінен тиісті сөз тудырушы тәсілдер арқылы жасалуы да, орыс тілінен енген сөздер арқылы жасалуы да мүмкін.
ЛЕКСИКАНЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоғамдағы адамдардың еңбек процесінде өзара түсінісіп, пікір алысуының еңбекті ұйымдастыруда, еңбек өнімін арттыруда ерекше маңызы бар. Белгілі тілдің сөздік құрамына енетін, сол: тілде қолданылатын сөз байлырын, халық қазынасын іріктеп ұстаудың, дұрыс пайдаланудың жазу, сөйлеу тілінде ерекше зор маңызы бар.
Қазақ тілінің сөз байлығын сарқа пайдаланған ақын, жазушы жоқ және қазақ тіліндегі сөздер толық жиналып, әр сөздің мағыналары есепке алынатын түсіндірмелі сөздік толық жасалған жоқ. Сөйте тұрса да, тілдегі бар сөздерді әркім өзінің керегінше, өзінің білгенінше пайдаланады.
Белгілі идеяны, пікірді білдіру үшін жалпы халықтық тілдің сөз байлығындағы сөздерді шығарманың түріне сәйкестеп іріктеп, екшеп, талғап пайдаланудан туатын лексикалық ерекшеліктерді стильдік ерекшеліктер дейді.
Жазба әдеби тілдің стилі ауызша сөйлеу тілден белгілі дәрежеде ерекше болып келеді. Ауызша сөйлеу тілде қолданылатын жеке сөздер мен сөйлемшелерді жазба әдеби тілде қолдануға болмайды. Мысалы: нан же, тағы бір acan жібер, төрге шық, оттама (сөйлеме) т. т.
Көркем шығарманың тілі ғылыми шығармалардан ерекше болып келеді. Көркем шығармада қолданылатын сөздер, көбіне, сөздің ауыс мағынасында ұсталып, әрбір сөздің мағынасы белгілі контексте ғана тиянақтальга отырады. Абай Құнанбаев «Қар жауып, күн суытып, қыс түсті» деудің орнына «Қыс» деген өлеңінде:
Ак, киімді, денелі, ак, сақалды, Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Дем алысы — үскірік аяз бен қар, Кәрі құдаң — қыс келіп,әлек салды,— деп суреттейді.
Ғылыми шығармалардың тілі, ондағы қолданылатын жеке сөздер өзінің дәл нақты мағыналарында ғана қолданылады. Ғылым тілінің стилі бейнелеу, әсірелеу скяқты көркемдік тәсілдерді қолдануды көтермейді. Ғылымдағы берілетін анықтамалар мен ережелер әрі қысқа, әрі әрбір сөзі дәл түсінікті болу керек.