Дыбыс табиѓаты


СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ



бет23/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерің, олардың мағыналары мен қызметтерін талдайды. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-қатынасқа түседі де, түрлі өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет атқарады.
Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар. Сол тұлға арқасында әрбір сөз бір бүтін единица ретінде қызмет етеді. Сөздің құрамының әр түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Сөздер кейде түбір қалпында жұмсалса, кейде оларға түрлі қосымшалар жалғану арқылы жұмсалады.
Сөздің лексикалық немесе грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектері морфемалар деп аталады. Морфеманың да өзіне тән мағынасы және өзіне тән сыртқы дыбыстық формасы болады. Морфема дегеніміз — сөздің езіне тән мағынасы бар ең кішкене бөлшегі.
Сөздердің ішінде жалаң түбір сөздер де (am, ac, із, жап), қосымша арқылы жасалған туынды сөздер де (атақ, астық, тершең, ізде) бар. Бұл тұлғалармен қатар, екі түбірден біріккен сөздер де (бүгін, белбеу, әкел, алабота, сексен), екі түбірден бірігіп жасалған қос сөздер де (бала-шаға көзбе-көз, кімде-кім) екі түбірдің тіркесуі арқылы жасалған сөздер де (темір жол, кемпір қосақ, ақ құба, он алты, алакет, қызмет em т.б.), бірнеше түбірден қысқарып кұралған сөздерде (Каз TAГ, ТМД, КазМ¥У, E.K.) бар. Осы айтылған негізгі түрлеріне қарай сөздер жалаң және күрделі сездер деп екі салаға бөлінеді.


ЖАЛАҢ СӨЗДЕР
Жалаң сөз дегеніміз — құрамында түбір сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөздер. Мысалы: бас, бастық, басшы, басқар, басқарма деген сөздердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, — түбірлес сөздер.
Олардың ішінен тек бас деген сөз ғана түбір сөз болады.Бұл сөз осындағы өзге сөздердің бәріне бірдей тұлға жағынан да, мағына жағынан да негіз ретінде қызмет етеді. Осы ортақ негізді, түбірді әрі қарай тек дыбыстарға бөлшектеуге (мысалы: ба-с; б-ас, б-а-с) болады, бірақ ондай дыбыс бөлшектерінен ешқандай мағына шықпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет