Мақал мен мәтелдер. Тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тipкестеріне идиомалық тіркестермен қатар ғасырлар бойына coзылған ұзақ дәуірдің өмір тәжірибелерінен екшеліп алынған сөзі ұйқасымды, мағыналары тұжырымды болып келетін халықтық мақал мен мәтелдер де жатады. Тілдегі қолданылып жүрген әрбір мақал, мәтелдер ауыздан-ауызға беріліп, талай ғасырларды көктей өтіп, тілде сақталып, өңделіп қолданылып келе жатқандықтан, мақал мен мәтелдегі сөздер де, белгілі дәрежеде тұрақталған, қалыптасқан тіркесте айтылады: Еңбек қылсақ ерінбей, тояды қарның тіленбей; Ырыс алды — ынтымақ; Ел үмітін ep ақтар, ep атағын ел сақтар деген қазақ мақалдарының құрамына енген сөздер белгілі тұлғада, белгілі орында тұрып қалыптасқан. Олардың көпшілігінін морфологиялық тұлғасын не қалыптасқан орнын өзгертсе, мақалдардың мағынасы бұзылады.
Мақал мен мәтелдің идиомалық тіркестегі сөздерден мына сияқты ерекшеліктері бар: идиомалық тіркестегі сөздер өздерінің жеке турғандағы мағыналарын сақтамай, сол тіркес күйінде; бір ұғымды білдіріп, жігі ажырамай бір логикалық топ ретінде жұмсалса, мақал мен мәтелдердің құрамына енген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарын сақтап, синтаксистік қарым-қатынасы жағынан мүшеленіп тұрады. Мысалы: өнер білсең, өлмейсің; Өтірікшінің шын сөзі зая деген мақал мен мәтелдердегі әрбір сөз өз мағынасында колданылып, әрқайсысы сөйлемнің белгілі мүшесі түрінде айтылып жүр.
Тұрақты сөз тіркестеріне фразеологиялық, идиомалық тіркестер және мақал мен мәтелдер ғана еніп қоймайды. Сонымен қатар, екі, кейде одан да көп сөздердің белгілі дәрежеде қатар айтыла келіп, бастапқы мағыналарын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркес ретінде қалыптасқандары да тілде жиі кездеседі. байлау, жан қалта, төс қалта, қол сағат, бет орамал, қол орамал, аяқ, киім, бас киім, темір жол тағы сол сияқты алуан түрлі сөздер де жатады.
Бұл сияқты сөз тіркестері әр сөздің бастапқы мағыналарын сақтай отырып бір ұғым ретінде жұмсалатын болғандықтан, бұларды лексикалық тіркестер деп атауға болады.