Дыбыс табиѓаты



бет22/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

ЛЕКСИКОГРАФИЯ


Бұл — гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын); деген сөздерінен алынып біріктіріліп, тіл ғылымында бір тілдің сөз байлығын, тілдеп бар, қолданылып жүрген сөздерді жинастырып, жүйеге келтіріп, сөздік етіп бастырып шығару деген грамматикалық термин ретінде қолданылады.
Қазақ тілшің өзге салалары сияқты, қазақ тілінің сөз байлығы да революцияға дейін арнайы ғылыми зерттеудің объектісі болған жоқ. Қазақ тілінде қолданылатын сөздер есепке алынып, жүйеленіп, алфавит тәртібіне келтіріліп, қазақ тілінің сөздігі жасалған жоқ деуге болады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілін практикалық жағынан үйрену мақсатымен орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздік жасаудың бірнеше тәжірибелері жасалды. Қазақ тіліндегі бар және болуға тиісті сөздіктердің түрлері мына төмендегілер:
1.Түсіндірмелі сөздік. Бұл — тілдегі болатын сөздіктердің ең көлемдісі және сез байлығын есепке алуда, сөздердің мағыналарын анықтауда ең маңыздысы деуге болады. Тілдегі бар сөздер алфавит тәртібімен беріледі де, әрбір сөздің неше түрлі мағынасы болса, сонша сөйлемдер алынып, сөздің мағыналары түсіндіріледі.
2.Этимологиялық сөздік. Бұл — бір тілдегі сездердің осы күнгі тұлғасының қалай пайда болғандығын, шығу төркінін белгілі мысалдармен талдап түсіндіретін сөздіктің түрі. Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасалуы, шығуы жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді.
3.Терминологиялық сөздік. Белгілі тілдегі қолданылып жүрген әрбір ғылым саласындағы термин сөздерді есепке алатын сөздіктің түрін терминологиялық сөздік дейді. Терминдер әр caлалы болатындықтан, сөздіктің бұл түрі бір кітап болып шықпай, ғылымның әр саласының терминдері өз алдына бөлек сөздік болып, бірнеше кітап түрінде шығуы да мүмкін.
4.Орфографиялық (емлелік) сөздік. Белгілі тілде сауатты жазу үшін емлелік ережелердің жинағының болуы жеткіліксіз. Тілдегі қолданылып жүрген алуан түрлі сөздердің жазылуын емлелік, орфографиялық ережелерге сиғызу мүмкін емес. Сондықтан бірқатар сөздердің қалай жазылатындығы сөздікте ғана беріліп, сол арқылы дұрыс жазу дағдысы тұрақталуға, қалыптасуға тиісті. Сөйтіп, тілдегі көп қолданылатын сөздердің жазылу үлгісін алфавит тәртібімен белгілі кітапқа тізіп берілген сөздіктің түрін орфографиялық (емлелік) сөздік дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет