Дыбыстар тіркесі



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.01.2023
өлшемі234,11 Kb.
#61347
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-лекция

(менмендік), лу (балуан), рр (зәрредей), ру (шаруа) нк (зиянкес), нб (жанбас), нг (мінгес), тн 
(қатнас), қм (тоқмейіл), қл (мақлұқ)‚ бл (қаблан), бр (аб-рой), ср (ысрап), зм (мазмұн), жн 
(мәжн‰н), жл (мәжліс), ғн (мағна), ғл (мағлұмат), дд (м‰дде), кқ (көкқасқа), сс (ыссы), сш 
1
Îìàðîâ Å. 0. 0 ñî÷åòàíèè çâóêîâ êàçàõñêîãî ÿçûêà. – 1920-30 æûëäàðäà¹û ºàçຠòiëi æ¼íiíäåãi 
çåðòòåóëåð. ²àðà¹àíäû, 1994, 23-32-á. 
1
Ðàèìáåêîâà Ì. Ñî÷åòàíèå ñîãëàñíûõ ôîíåì â êàçàõñêîì ÿçûêå. – Ñá. “Ôîíåòèêà êàçàõñêîãî 
ÿçûêà”. Àëìà-Àòà, 1969, ñ. 108-113. 
2
Ðàèìáåêîâà Ì. Ñòå÷åíèå ñîãëàñíûõ ôîíåì â íà÷àëüíîé ïîçèöèè êàçàõñêîãî ñëîâà. — 
Òþðêñêàÿ ôîíåòèêà — 90. Òåçèñû äîêëàäîâ. Àëìà-Àòà, 1990, ñ. 98. 
3
Èñåíãåëüäèíà À.À. Òèïîëîãèÿ ñî÷åòàíèè ñîãëàñíûõ êàçàõñêîãî è ðóññêîãî ÿçûêîâ, â èõ 
ôîðìå è ôóíêöèè. — Âîïðîñû êàçàõñêîé ôîíåòèêè è ôîíîëîãèè. Àëìà-Àòà, 1979, ñ. 99-130.
4
Ðàáèíîâè÷ À.È. Ñî÷åòàåìîñòü ñîãëàñíûõ â êàçàõñêîì ÿçûêå. – “Ñîâåòñêàÿ òþðêîëîãèÿ”. Áàêó, 
1970, ñ. 77-87. 


3
(қосшы). Қолы көтере алмайтын шоқпарды беліне қыстыруға тырысқан автордың талабына алла 
разы болсын айтып, осымен жылы жауып қоя қойған дұрыс болар. 
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесімін ғылыми т‰рде ж‰йелеп, саралап беру міндетін өз 
мойнына алған С. Мейірбекова бұдан кандидаттық диссертация жазып, табысты қорғады. Жұмыс 
талай талқылау, ескертулерден кейін, шыңдалып, шымырланып, “Строй казахского языка. 
Фонетика” (1991) деген академиялық еңбектен орын алды. Кітаптың соңында дауыссыздардың 
тіркестерінің т‰рлері және оларды бұлтартпай дәлелдейтін мысалдар бар. Біз солардың көңілді 
к‰пті ететін тұстарын ғана көзден өткізуді жөн көрдік. 
Олар: ру (аруа), рпп (серппестен), лл (алла), йу (хайуан), йқт (ұйқтау), сс (қисса), нкт 
(реңкті), ңкс (реңксіз), мл (мемлекет), ну (жануар), бб (махаббат), дд (м‰дде), км (хикмет), км 
(ақмақ), бс (жібсу), ту (пәтуа), қм (тоқмейіл), ғм, (бағлан), ғу (дағуа), жн (мәжн‰н), зм (мазмұн), 
зз (ләз-зат), су (рәсуа), ши (жашнай), шс (лашсыз). 
Дыбыстардың т‰рін, ‰ндесуін дұрыс т‰сінбей тұрып, әріп пен дыбысты ажырата алмай тұрып, 
дыбыстардың тіркесімін анықтау көзсіз батырлық. 
Орыс, қазақ тілдерінің дыбыстық ж‰йесінің арақатысын салыстыра зерттеген М. Ж‰сіпов бұл 
тілдердегі дауыссыздардың тіркесіне көңіл бөлген
1
. Қазақ тілінде 527 дауыссыздар тіркесімін 
анықтайды. Оның 259-кірме сөздерде, 268-і қазақ сөздерінің құрамында ұшыраған. Тіркестердің 
т‰рін көрсеткенмен, қандай сөздердің құрамында кездесетіні мысалмен дәлелденбеген. 
Сондықтан оның қазақтың өз сөзінде, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде кездесетінін 
анықтау қиын. Тек ғл, гн, қл, йу сияқты орыста жоқ әріптер тіркестері ғана көңілге к‰дік 
ұялатады. 
А. Айғабылов: “С. Мейірбекова көрсеткен тіркемесінің ішінен 14 тіркесім әріп тіркесімдері 
болып шыққан. Олар: йу, ну, ғу, ту, ру, су, сш, қм, км, бб, дд, бд, бж, бз тіркесімдері. Ол дыбдыр, 
сыбдыр, к‰біжіңде, абзал сөздері дывдыр, сывдыр, к‰вжінде, авзал т‰рінде ғана айтылады. Себебі 
қазақ тілінде б дыбысының буын соңында келмейтіні айтылады. Бұл бір себеп. Екіншіден, екінші 
буынды бастап тұрған д, ж, з дыбыстары ұяң. Бұл ұяң дыбыстар буын соңында тұрған б 
дыбысының п-ға айналуына м‰мкіндік бермейді, сондықтан б дыбысы д, з, ж дыбыстарымен 
тіркесу ‰шін в – ға ауысады
2
”, – дейді де, одан әрі “алып жібер, сатып же, доп жоқ тіркестері 
айтуда алыв жібер, сатыв же, дов жоқ болып айтылады” – деп біраз жерге барады. Ұяң бд, бж, бз 
тіркесімдері несімен келіспей тұрғанын, қатаң п-ның не ‰шін қажет болғанын т‰сіну қиын. Ал б-
ның в болып айтылатынын дәлелдеу керек болады. Бір қызығы, автор өзі тапқан вд, вж, вз 
тіркестерін жалпы тіркестердің тізбесіне қоспайды. 
А. Айғабылов С. Мейірбекованың 14 тіркесімін алып тастап, жаңадан 26 тіркесім қосады. 
Олары: рр (аррақ, беррек, саррақ), мр (қымран), тн (шатна, қатна), ғн (мағна), зн (қазна), сн 
(есне), тм (патма), сл (есләм), см (ысман), др (бадрай), қр (бақрай), кр (көкрек) осылай жалғаса 
береді. Егер бұл тіркесімдерді заңды деп мойындар болсақ, қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң ұяң 
тұрады дейтін тілдің негізгі заңының к‰л-талқаны шығады. “Елдің тілі бұзылуына ең алдымен 
оқығандары себеп болады” (X. Досмұхамедов) деген осы болады. 
Адамның ең сезімтал м‰шелері (сөйлеу органдары) арқылы жасалатын дыбыстар да өте 
сезімтал, сезгіш; көрші дыбысты өзіне ұқсатуға тырысады, олай болмаған жағдайда өзі 
бейімделеді, яғни актустика-артикуляциялық жақтан игеріп, немесе игеріліп тұрады. 
Фонетикалық ілімнің шалағайлығынан қазақ тілінің өзіне тән осындай дыбыстық жарасым, 
‰йлесімдер жазуда аяқ асты болып, ескерілмей қалуынан пайда болған жасанды тіркестер 
тілімізде к‰н санап көбеюде. Жоғарыдағы “зерттеушілерден” келтірілген тіркестер – соның бір 
көрінісі. 
Әдетте орыс зерттеушілері дыбыс тіркестерін сөз форма (т‰бір, т‰бір мен қосымша) 
деңгейінде қарайды. Біздің зерттеушілер де негізінен осы тұрғыдан ізденген. Бұл, әрине, дұрыс. 
Қазақ тілі ‰шін мұнымен шектеліп қалу жеткіліксіз, сөз бен сөздің аралығына да зер салу керек 
болады. Өйткені т‰бір ішінде, т‰бір мен қосымша аралығында қатаңдардан соң тек қатаң, 
ұяңдардан соң тек ұяңдар тұрып, ‰нділерді жолатпайтын болса, сөз бен сөздің арасында олардың 
қайсы бірі ‰нділерге (н, м) кет әрі емес: ‰шмың, төртмың, бесмың, ж‰змың, ‰шнан, төртнан, 
беснан, ж‰знан. 
1
Äæóñóïîâ Ì. Çâóêîâûå ñèñòåìû ðóññêîãî è êàçàõñêîãî ÿçûêîâ. Ñëîã. Èíòåðôåðåíöèÿ. 
Îáó÷åíèå ïðîèçíîøåíèþ. Òàøêåíò, 1991, ñ. 75-120. 
2
 Àé¹àáûëîâ À. ²àçຠòiëiíi» ìîðôîíîëîãèÿñû. Àëìàòû, 1995, 30-40-á. 


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет