СӨЗДІҢ ДЫБЫС‚ БУЫН ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ Дыбыс тіркесін дұрыс т‰сініп‚ нақты анықтау ‰шін‚ алдымен‚ сөздің буын‚ дыбыс құрамын
жыға танымай болмайды. Ең бастысы‚ жазудың жетегінде кетіп‚ әріпке алданбау керек.
А. Байтұрсынұлы: “… сөз жазылу керек айтылуы бойынша‚ яғни сөз ішінде қай дыбыс
естілсе‚ сол дыбыстың харпі (әрпі)жазылсын” (326-б.) – деуін десе де‚ еріндік дауыстыларды бас
буыннан әрі жазбағаны белгілі.
Кезінде ол: “Орыста бір сөз дыбысына қарай жазылып‚ он сөз дыбысына қарамай жазылатын
болса‚ қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып‚ бір сөз ғана дыбысына қарамай жазылады” (360)‚
– деп жазса‚ бұл к‰нде дыбысына қарамай жазылатын сөздердің ‰лесі біз ойлағаннан әлдеқайда
көп.
Мәселен‚ яғни‚ рахмет сөздерінің дыбыс‚ буын құрамын екінің бірі аңғара қоюы екі талай.
Мұның әрқайсысы төрт буынды болып келеді. Бұлардың құрамында дыбыс заңына қайшы жазу
арқылы пайда болған хм‚ ғн “дыбыс тіркестері” бар. Сонда бұлардың айтылуы: ыйағыный‚ ырақымет (ырақым + ет т‰рінде қабылданса керек). Жазылуына көзі ‰йренгендер‚ бұған ‰рке
қарайтыны анық. Неге бұлай болуға тиіс? Қазақ тілінде й‚ р ‰нді дауыссыздарынан сөз
басталмайтыны анық. Ал хм‚ ғн – қатаңнан соң қатаң‚ ұяңнан соң ұяң дыбыстар келеді дейтін
заңға қайшы келеді. Осылай кез-келген сөздің дыбыс‚ буын құрамына сын көзбен қарау керек
болады. Сөздің буын құрамын анықтаудың төте жолы – өлеңде тексеру. Сонда рақмет‚ Ақмет сөзі 11 буынды қара өлеңде өзін былай танытады:
Қожақымет‚ дегенге‚ Қожақымет‚
Бір қой сойса‚ болады бір қазан ет.
Көргендінің қызы деп сөз айтып ем‚
Көңлімді қалдырмадың ырақымет.
Мұндағы Қожақымет – Қожа Ахмет т‰рінде жазылып ж‰рген сөздің халық тілінде айтылуы‚
дұрысы да осы‚ яғни Ахмет Ақымет т‰рінде айтылып‚ жазылуға тиіс. А. Байтұрсынұлы өз атын
осылай жазғаны анық. (Тіл тағылымы. 49‚ 91‚ 173‚ 263‚ 335-б. қараңыз). Көзіміз ‰йренген рақмет
(рахмет) те дұрысы төрт буынды сөз екеніне к‰мәніміз болмауға тиіс.
Жазу арқылы буын саны кеміп кеткен сөздердің шын табиғаты осылай өлең жолдарында
жақсы танылады.
А. Байтұрсынұлы 1912 жылы жазылған “Жазу тәртібі” дейтін мақаласында былай дейді:
“Негізгі жол: айтуы басқа сөздерді басқа жазу. Бұлай болғанда: “айт” деген сөзбенен “айт” деген
сөзді бірдей жазсақ‚ жолсыздық болмай ма? Бұл екі сөздің мағынасы қандай басқа болса‚ айтылуы
һәм сондай басқа” (384-б.)
Әңгіме жазу арқылы омонимге айналып кеткен зат есім‚ етістік “айт” туралы екенін аңғарсақ
керек. Діни мейрам – айт‚ дұрысы‚ айыт болуға тиіс. Бұған өлең арқылы да көз жеткізуге болады:
Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп‚
Аштықтан өңі кеткен беті де арып.
Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр‚
Дегенге: “Құтты болсын”‚ айыт шәріп. С. Торайғыров.
Немесе:
Айытқа жұрт сирек келді‚
Кемпірді шал с‰йреп келді. Д. Еркінбеков. Шашу.