Дифтонг дауыстылар. С.Мырзабеков т.б. ғалымдардың дәлелдегеніндей қазақ тіліндегі и, у әріптерінің дыбыстық таңбасы ій, ый ұу, үу түрінде келеді. Оны І.Кеңесбаев дауысты дыбыстардың қосынды дыбыс түрінде келуі, яғни дифтонгоидтар деп атады, немесе «жалған дифтонгтар» .Себебі құрамындағы екі элементтің алғашқы сыңары дауысты буын құрағыш, екіншісі- дауыссыз буын құра алмайды. Сондықтан «жалған дифтонгке» жатады: құуыр, бійе, ійне, бійлеу.
Сондай-ақ барұу, келүу, бій, тарыйхый сөздеріндегі и, у фонемаларын тұйық дифтонг деуге болады. Дауыссыз дыбысқа тынған сөзге жалғанатын қосымша қалай жалғанса, и, у дыбысына біткен сөзге де қосымша солай жалғанады.Мысалы: тәу. Жалғауының III жағы дауысты дыбыстарға –сы, -сі түрінде, ал дауыссыздардан кейін –ы, -і түрінде жалғанады: туы, биі т.б.
Ю әрпі. 1) Тіліміздегі байырғы сөздерде:
а) йұу: қараю, құю, қартаю, жою;
ә) йүю: үю, сүю, кею, күю, серею;
б) и әрпінен кейін:
ұу-қию, жию, сию
үу- кию, тию, делдию
2) Орыс тілінен енген сөздерде:
а) сөз басында және дауысты дыбыстан кейін- йу-юбилей, каюта;
ә) дауыссыздан кейін(жіңішке у) : люстра, сюжет, бюджет.
Я әрпі 1) иа: ая,боя, сая, қарая;
2) и әрпінен кейін а:қия, сия, сұрқия.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар: Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дауыссыздар мен дауыстылардың айырма белгілері қандай?
Қазақ тілі дауыстылар құрамының түрліше сипатталып келу себебі не?
Қазақ тілі дауыстыларын тұңғыш зерттеген еңбектер кімдердікі?
Дифтонгоид дыбыстар туралы қазақтың қандай ғалымдары пікір білдірді?