Дидактика тарихы


Дидактика және жеке әдістемелер



бет3/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дидактика тарихы Айтимбетова

1.1.Дидактика және жеке әдістемелер

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді ". Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:


• оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бөлу;
• әр сыныпқа бір бөлме беру;
• күніне 4 сабақ өткізу;
• әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
• қоңыраудық соғылуы;
• тәртіп;
• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудың қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
Адамның дүние туралы түсінігі алғашында анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды.
Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттықтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудың түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді.
Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді.
Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды.
Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды құптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
• Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту. 
• Қысым жасамай оқыту. Ынтымақтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорқытпау, еркін ұстау, өз күшіне сендіру.
• Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
• Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттар алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
• Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
• Озу идеясы сабақта, алда өтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
• Ірі блоктар идеясы. Оқулықтың 3-4 тарауы бір сабақта оқылады.
• Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін нығайтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
• Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
• Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетанымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудың тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айқын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
•  мұғалімнің қатты сөйлеуі;
•  суреттердің бояуының ашықтығы;
•  әсердің күштілігі;
•  затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
•  І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;
•  аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;
•  білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
•  мектептерді комьютерлендіруді 2002 жылы аяқтау;
•  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
•  ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
•  білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет