Дидактика тарихы



бет5/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
1   2   3   4   5   6   7
2.Оқыту түрлері

Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.


Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.
Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің, меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.
Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.
Мотив — оқу қызметінің маңызды бөлігі.
Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д .Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады.
Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ыңыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері - қажеттілік, қызығушылық.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады.
Мұғалімнен, "екіліктен қорқып оқу" жағымсыз қылыққа жатады.
Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің әлементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді.
Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда.
Догматикалық оқыту- европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. 
Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б.
Түсіндіру — суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік - мұндай оқытудық негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау - оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту - негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудық кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады:
Түсіндіру - суреттеу арқылы оқытудық жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін саңтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. "Дайын" білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады.
Сондықтан дидактикада, әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады.
Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылы жаңа білімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, ережелер, алгоритмдер қалыптасады.
Проблемалық оқыту процесі мынадай:
• Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.
• Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.
• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқьшы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түп деректер арқылы тексеру.
• Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.
Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.
Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңя ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8.
Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз жеткізген соң, мүғапім енді басқа мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып оқушылары мұндай есепті шығарудың тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан олар мұны бірдей шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды).
Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.
Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.
Гипотеза жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.
Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.
Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу, оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдың дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.
Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек. Бағдарламалық оқыту:
Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.
Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады; оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар.
Б. Скиннер (1904 ж. туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктеріге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бұған дейін жабық тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оқиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді. 
Бірізділік бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А. Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген.
Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған білетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдады. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың келесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдаламамен жұмыс істеу тапсырылады.
Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауаптарды таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді.
Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту бағдарламаларымен жұмыс істейтін қазіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар.
Бастауыш мектеп мұғалімдері көбіне бағдарламалық оқытудың элементтерін долданады. Арнайы жасалған топтама-тапсырмаларда оны орындау алгоритмі көрсетіледі. Тапсырманы тексеру үшін карточка-трафареттер қолданылады.
Аралас бағдарламада ақпараттардың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардың жеке ерекшеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әр түрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау.
Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз - оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау.
Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалау идеясының дамуы нәтижесінде блоктың, содан кейін модульдық оқыту пайда болады.
Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді.
Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына үқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі.
Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады.
Модуль дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары.
Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрсетілген.
Модульдар арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді.
Модульдық сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы " Нені үйрену керек?"- деген сұраққа жауап береді.
Келесі кезеңде оқушыны тақырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, дипфильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі.
Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б.
Модульдық сабақ мұғалімнің бақылаумен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі.
Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзәнің 
іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды.
Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтың жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларға береді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы "5", 21-23 ұпайлған "4", 17- 20 ұпай алған "3", 17-ден төмен "2" деп бағаланады.
Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады.
Біліміне қарай саралап оқыту
Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудың мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі.
Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдасуға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады.
Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, онда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тесттен өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі.
Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар.
Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар.
Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек.
Кейбір оқушылардың кеңістік туралы түсініктері дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады.
Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады. 
Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады.
Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн тәртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет. 
Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды.
Жекелеп оқыту үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері:
• тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оқитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады;
• тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы оқитын оқушыларға көп, күрделі тапсырмалар беріледі;
• тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындауды жеңілдету үшін көмекші материалдар;
• сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі, күрделілік деңгейі де әр түрлі тапсырмалар жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі;
• тапсырманың бірнеше варианттарын оқушылар таңдайды. Бұл тәсіл көбіне материалды бекіту кезінде қолданылады.
Математика сабағында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: "Бірінші күні бақшаға 8 қатар алма ағашын отырғызды. Әрбір қатарда 6 алма ағаштары бар. 2 күні тағы да 4 қатарға 12 алма ағашын отырғызды. 2 күнде барлығы қанша алма ағашы отырғызылды?" Жақсы оқитын оқушылар белгіленген уақытта осы есепті, осыған ұқсас есепті шығарып немесе құрастырады. 2-топ өздеріне белгілі тәсілмен шығарады. 3-топ (үлгерімі өте нашар) есепті тірек сызба, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы шығарады.
Тәжірибеде есепті шығару үшін мынадай саралау тәсілдері сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті:
• өздік жұмыстың бір вариантын жеңілдету және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру;
• есептерді оқушылардың деңгейіне қарай беру; математика сабағында жақсы оқитын оқушылар тапсырманы тез орындап, бос отырады. Тәжірибелі мұғалімдер оларға күрделі, қосымша тапсырмалар жазылған карточкалар әзірлеп әкеледі.
Саралап оқытуды қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оқитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіріледі.
Сонымен саралап оқыту барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады.
Топтық оқыту
Өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді.
Өзара оқыту (жұптың оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды.
Топтың бір тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топ ішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді.
Топтардың бір-бірін оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды.
Мұғалім рөліндегі оқушы - бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады.
Топтарды құру тәсілдері:
• формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру;
• оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына себепші болады;
• оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді;
• сынып немесе мұғалім алдымен белгілі бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек:
• мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған топтарда жаңа топ жетекшілері сайланады.
• мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі сұрақтарының тиімдісін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған топқа кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады.
• алдымен топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың құрамына кіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына байланысты.
• бір тақырып бойынша жан-жақты білім алу. Мысалы "тарих", "техника", "тәжірибе", "есеп", "ойын", "қиын мәселе". Оқушылар өздерінің нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет түрлерін таңдап, топтарға бірігеді.
Топтық жұмысты оқушылардың өздерінің ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді тапсыру формасын береді. Топ эксперимент өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға, экскурсияға барады. Мұндай форма топтық жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады.
Топтарды кезең бойынша құру. Алдымен 3-5 оқушы тақырыпты оқып, мәселені шешіп, жақсы бағаларын алған соң топтарға бірігіп, сабақ кезінде басқа оқушылардан бөлек жұмыс істейді. Қалған оқушылармен мұғалім өз жоспарымен оқу жұмысын атқарады. Оқыту барысында топ саны көбейіп, белгілі бір өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді. Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай жүре береді. Мұндай форма оқушылардың топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады. 
Топтардағы жұмыс істеу технологиясы
Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері:
• сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу;
• "ой майданы" әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу;
• алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы;
• оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу -оларға қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарыы әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы;
• ұзақ уақыт шығармашылық тапсырма орындау - объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма орындау және басқалары;
• семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу.
Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әр түрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмей айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әр түрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соқында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылайды.
Білім беруді ақпараттандыру;
Білім беруді ақпараттандырудық мәні;
Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының; көмегімен дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.
Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
ХХғасырдық соқында өндірістік дамыған елдерде ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.
Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа технллогиялардың, электрондық құралдардық пайда болуына себепші болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал -қағаз, пленка да бар.
Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.
Білім беруді ақпараттандырудық теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.
Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр.
Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б.
Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.
"Визуалдық білім" термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті метіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдық екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттың өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттың технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.
Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі басты бөліктердің бірі - ақпараттық мәдениет. Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Технологияның екіншісі - компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші — оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер жүйесі жинақталды. Оқытатын жүйенің кең таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттьщтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар. Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық оқыту жүйелері. Ерекшелігі: оқушыларды диагностикалап, модель жасап, соған сай білім алатын жеке бағдарлама беруі.
Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық процестің мәнді жағы - мұғалім мен оқушы іс-әрекетін өзгертуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де көп жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады. Электрондық техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал, ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды деп айту қиын.
Білім беруді ақпараттандыруға әсер етуші факторлар
• ашық ақпараттык коғам жағдайында білім берудің мәнін философиялық түсіну деңгейі;
• білім беруді акпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат;
• ашық ақпараттык қоғам жағдайындағы білім беру мәні;
• педагогикалык теория мен білім беру тәжірибесінің деңгейі;
Дамыған елдерде ақпаратқа тәуелділіктің артуы және ақпаратты өңдеу, тасымалдау құралдарын пайдалану тиімділігі, дамудеңгейі 80-жылдардың соңында жаңа "ұлттық ақпараттың қор" ұғымының пайда болуына әкелді.
Ақпараттық қор дегеніміз - түрлі құжат түрінде берілген ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады. Ақпараттық қор интеллектуалдық қордық бір бөлігі.
Адамзаттың білімін ұжымдық, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.
Ақпараттың қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып табылады.
Ақпараттық қор — қоғам қызметінің жаңа функционалдық категориясы және маңызды компоненті.
Ақпараттық сауаттылық - қоғамды ақпараттандырудық, ақпараттың қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудық алғышарты мен маңызды факторы болып табылады.
Ақпарат - ең жоғары құндылық, ал адамдардық ақпараттың сауаттылығы - олардың еңбек әрекеттілігін анықтайтын фактор. Бұл қоғамда білім беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.
Білім беру стандарттарындағы информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АКТ оқыту мақсаты
• бағдарламалау дағдыларын дамыту;
• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибе қосымшаларды пайдалануға үйрету;
• желіден, СВ-КОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т.б.;
• желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Оқытушы
• оқыту мақсатындағы программалық құралдар жасақтау технологиясын меңгеруі тиіс;
• оқу ақпаратын бере, құрылымдай білуі тиіс;
• білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас тәсілдерін жобалай, білім алушының оқу-танымдық қызметі нәтижелерін автоматты түрде бағалаудық жаңа әдістемелерін таба білуі тиіс.
Электрондық оқулықтарды құрастырудық педагогикалық технологиясы.
• Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандырудық кең көлемді құралдары;
• Пәндік білім мен оны игеру тәсілдері аумағында ғалымдар мен педагогтардың жетістіктерін жинақтау мен сақтауға мүмкіндік беретін ашық дамушы әдістемелік жүйе;
• Оқытудық дидактикалық принциптеріне сүйеніп оқушылар мен студенттердің жеке потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған оқушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Өз білімін жетілдіру және өзін көрсету тәсілдерін, педагогикалық ақпарат қорын, дидактикалық қорды жинақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін мұғалімдер мен оқытушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас жағдайында мұғалім және оқытушының басқарушы ретінде мақсаттан нәтижеге бағытталған оқыту процесін автоматтандырудың қашықтан оқыту формалары.
Мақсаттық бағытталған электрондық оқулық модулінің мақсаттың бағытталуы оның білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына сай екендігін анықтайды. Электрондық оқулықтың ерекшелігі - ақпараттық-оқыту ортасы көлемді. Оқулықта энциклопедиялық бағыттағы бағдарламадан тыс ақпараттар берілуі мүмкін.
Ғылымилық принципі жүзеге асыру модульдерді құрастыру процесінде оқушыларды ғылыми білім жүйесімен таныстыруға бағытталған. Бұл әлемнің объективті сипатын, пәндерді зерттеу негізі болып табылады. Сондықтан модульде жеке "Глоссарий", "Ұғымдар", "Заңдылықтар", "Категориялар" деп бөліп көрсеткен жөн.
Жүйелік принципі оқу элементтерінің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар сипатында ашылады. Жүйеліліктің негізгі сипаты - оның бүтіндігі, реттілігі, салыстырмалы тұрақтылығы.
Көп жылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық зертеулер көрсеткендей, оқытудың тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, солғұрлым тез қабылданады. Бұл заңдылық Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Л.В.Занков үлестерін қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сипатталған.
Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматтандырушы әлектрондық оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар - интерактивті әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі.
Қазіргі кезде білім берудің барлық деңгейінде 93 электрондық оқулық, оның 22-і мектеп оқушылары үшін 17 пәннен жасақталды.
Ашықтығы. Мобильдігі. Икемдігі.
Ашықтық, мобильділік және икемділік принципі модульді құрастыруда материалды жаңартуға, жаңа информациямен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінің қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті
Гипермәтін - компьютер көмегімен сызықтық және параллель сілтемелер қолданылатын мәтіндердің жиынтығы.
Электрондық оқулықта гипермәтін құрылымдандырылған мәліметтер қорын (білім, ақпарат), терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды сипаттайды.
Гипермәтінмен жұмыс, бір жағынан - оқу танымдылығын арттыру болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығының құрамдас бөлігі болып табылатын студенттерді танымдылық біліктіліктермен қаруландыру.
Иерархиялық принцип зерттелетін пәнді қалыптастыруда категорияландыру процесін жеделдетуші объект туралы ақпаратты функционалдық-жүйелік ұйымдастыру.
Көрнекілік (визуальды) принципі гипермәтінде иллюстрациялық материалды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан мәтінді "жандандырса", екінші жағынан білім алушыларды танымал адамдардың бейнесуреттермен, қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен таныстырады.
Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардық оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Оған әр түрлі субъектілер қатысады:
Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б.
Дистанциялық оқытуға тән нерсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.
Оқушылар еңбек тәртібін сақтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.
Синхрондық сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс істейді. Синхрондық сыныптарда оқушылар кез келген уақытта келіп жұмыс істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.
Дистанциялық сабақ элементтері
Оқу материалы. Мұғалім оқытудық диалогтың түрі басталғанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді. Оқушыға керекті материалдар мынадай тәсілдермен беріледі.
• СВ-КОМ немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета "қағаз" құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.
• файлмен электрондық почта арқылы жіберіледі.
• дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.
• веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.
• оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады.
Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.
Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б. көрсетеді. Интернет желісі бойынша экскурсия жүреді. Оқушылар бір-біріне көрнекіліктерін көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер көру үшін серверге салып қояды. Осы процестерді алыстан мұғалім басқарады.
Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция, бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.
Материалды түсіндіру. Мұғалім оқушыларға өзінің бейне-дәрістерінің жазбаларын жібереді. Кейде Интернет желісіндегі білім қорларына сілтеме жасап жіберген жақсы.
Мұғалім пікірталастарды басқарады.
Пікірталас, веб-форум, е-mаіl-конференция, чат-пікірталас тәртіптеріне өте алады.
Оқушылар мұғалімге сұрақ бере алады. Сұрақтар электрондық хат арқылы, ұжымдық rаm - сабақ кезінде жеке "терезе" арқылы, т.б. беріледі.
Оқушы оқушыға сұрақ береді.
Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді, өзінікін білдіреді. Бейнеконференция режимінде мұғалім оқушының талқыланып отырған мәселеге қатынасын көреді. Мәтіндік электрондық тележелілерде клавиратура белгілерінің көмегімен жасалатын бет пішіндер бар: мысалы(:-) жымию, т.б. Кейбір телеқатынастық бағдарлама көңіл-күйді білдіру үшін қосымша құралдар ұсынады.
Мұғалім оқушыларды бағалайды. Дистанциялық оқытуда мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде, ал үй тапсырмаларын, тестілерді, шығармашылық тапсырмаларды, зерттеулерді кез келген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді.
Дистанциялық оқыту құралдары.
• электрондық почта (Е- mаіl);
• электрондық журналдардық, конференциялардың тізімі (тақырып бойынша);
• нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;
• тез хабарласу жүйесі (Интернет-пейджер);
• Интернет жүйесіндегі www. WеЬ-сайт ішіндегілер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, оn-line-дық виртуалдық кітапханаларға кіреді. WеЬ -бетте басқа беттерге, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.
• WеЬ -сайтқа жазатын белсенді арналар. 
FTR серверлер және файлдік архивтер.
• Интернеттің факсимилдік қызметі.
• Интернеттегі телефон - LР.
• Мобильдік телефон көмегімен интернетке шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет