Дидактика тарихы


Курстық жұмыстың міндеттері



бет2/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
1   2   3   4   5   6   7
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Оқу процесін ұйымдастыра және басқара білу.
-Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.
-Оқыту заңдары, заңдылықтары мен принциптерін, формасын, құралдарын, әдістерін сипаттау.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық – педагогикалық еңбектерге талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, кіші мектеп жасындағы балаларды дидактикалық ойындар арқылы оқытуға арналған әдістемелік нұсқауларды, құралдарын зерттеп қорыту; жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау; эксперимент нәтижесіне баға беру; оларды өңдеу.
Зерттеу нысаны: Дидактика тарихы.



  1. Дидактика туралы ұғым.Оқыту процесінің мәні.

"Дидактика" - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko - оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика-әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімін игеру процесін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды. Әдетте, дидактика пәні білім берудің мазмұны және оқытуды ұйымдастыру деп көрсетіледі. Дидактиканың міндеттері: а)оқытуды суреттеу арқылы түсіндіріп,оны іске асыру жолдарын көрсету ; ә)оқытуды ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін , жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.Оқытудың технологиясын-қолданбалы дидактика деп атайды. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Көптеген ғалымдар дидактиканы зерттеген және солардың бірі : Әл-Фараби оқыту дегеніміз - үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру дейді.


Оқыту - мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс-әрекеті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру. Оқыту процесі - мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті.
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу.
Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі сақталуда.
Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті. 
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.
Осы процесте оқушылар ғылыми білімдер алып, іс-әрекет жасауға үйреніп, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Оқыту баланы дамытады. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны омірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?" деген пікір үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтар туындайды: "Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?", "Кімдерді оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" "Қайда оқыту керек?".
Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика үздік педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің тәжірибесіне енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білу керек, өйткені мектептің, алдында тұрған ірі тәжірибелік міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет