Дидактика тарихы



бет6/7
Дата15.12.2023
өлшемі62,82 Kb.
#138540
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды

Белгілі дидакт ретінде Ян Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді. Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға тақырып, тәжірибе алмасты (англия, швеция, венгрия және т.б.).


Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде 17 ғасыр және 18 ғасырда Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды. Орыстың ұлы педагогі К.Д.У.шинский 19 ғасыр 60 жылдарында былай деп жазды: “балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогикалық бастауын біз Коменскийдің “дүниенің картинкалар арқылы бейнелеу” еңбегі деп есептейміз”. Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады. Лейбництің айтуынша, декарт пен бекон философияның, коперник астрономияның дамуында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын. Ұлы педагогтің қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жазған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласында жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті. Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақ уақытында өткізіледі. Сонымен бірге балалардың ойын уақытында дидактикалық ойындарды пайдалануына мүмкіндік береді. Бала қателескен жағдайда оның ойлауына, дұрыс шешімге келе алуына мүмкіндік жасау керек. Мұғалім кейде баланың ойлауы үшін бағдар сілтейді. Дидактикалық ойындар сабақ кезінде өткізілетіндіктен, оқу жүйесіне саналады. Ойын мазмұнына қарай білімділік, тәрбиелік, көрнекілік сөздік, іс-әрекеттік міндеттер атқарады. Бірақ мұның өзіне тән әдістемелік жолдар бар:
1)дидактикалық ойынды өткізген кезде мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Бұл үшін алдымен мұғалімнің өзі көңілді, қызықты ойынға ықыласымен араласып, қуаныш сезімінде болуын ұмытпауы керек: күлкі, қалжың, әзіл, юморға негізделген ойын балаларды тез еліктетеді. Мұғалім ойынды тек ұйымдастырып қана қоймай, өзі де қатысуы керек. Талап ойынның мақсаты мен міндетіне қарай құрылады.
2) дидактикалық ойынды ұйымдастыруда тәрбиеші алдымен ойынға баланы қызықтырарлықтай мүмкіндік жасауы керек. Сол негізде баланың ақыл-ой белсенділігін арттырады. Баланы қызықтыратын ойыншықты, суретті, әсіресе, ойынның мазмұны мен ережесіне берілген тапсырманы орындау әрекеттерін және оны саналы түрде орындауды ұмытуға болмайды.
3)мұғалім белгіленген ережені орындауын қатаң түрде талап етеді. Бұл баланың талапты орындауға, ережені бұзбауға үретеді. Тапсырманы ар-ұжданымен орындауға ұмтылады.
4)егер барлық бала ойынға белсенді түрде қатысса ғана ұжымдық дидактикалық ойын алдына қойған мақсатына жете алады. Бала өмірінде ойын олардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіре түсудің тамаша құралы. Сол себепті мұғалім ойын жөнінде кеңесіп, пікір алмасып жаңа материалдар көзқарастар жинақтап іс-тәжірибесін толықтырып отырғаны жөн.
Cонымен, оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілік мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекетттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенеде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу-бұл оқушылар тарпынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі , танысу әрекеті.
Оқыту үрдісі – оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.
Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.
Сонымен дистанциялық оқытуға түрлі субъектілер қатысады. Кластық синхрондық және асинхрондық деген түрлері бар. Дистанциялық оқыту телеқатынас құралдары арқылы жүзеге асады.
Дистанциялық оқыту тұтас дистанциялық курстың элементі (оқушылар мұғалімнен бөлек), немесе іштей оқу элементі (мұғалім интернет қорлары мен технологиясын іштей оқу процесінде қолданады).
Дистанциялық курсты жобалауға дистанциялық жұмыстарды нақтылау, шолу енеді. Дистанциялық жұмыстар демонстрация түрлері, кіріспе сабақ, жеке жұмыс консультациялар, дистанциялық конференциялар, веб-жұмыс дистанциялық олимпиадалар. Дидактикалық ойындар жоспар бойынша сабақ уақытында өткізіледі. Сонымен бірге балалардың ойын уақытында дидактикалық ойындарды пайдалануына мүмкіндік береді. Бала қателескен жағдайда оның ойлауына, дұрыс шешімге келе алуына мүмкіндік жасау керек. Дидактикалық ойындар сабақ кезінде өткізілетіндіктен, оқу жүйесіне саналады. Ойын мазмұнына қарай білімділік, тәрбиелік, көрнекілік сөздік, іс-әрекеттік міндеттер атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет