Дидактикалық ойын «Бірдейлерін тап» немесе «Жұбын тап»


ДҮНИЕДЕ ЖОҚ ЖАНУАР» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕМЕСІ



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі18,53 Kb.
#22250
1   2   3
Байланысты:
Дидактикалық ойын

ДҮНИЕДЕ ЖОҚ ЖАНУАР» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСТЕМЕСІ
Нұсқау: Зерттеушілерге стандартты ақ парақ пен қарапайым жұмсақ қалам беріледі. «Дүниеде жоқ жануар» суретін салу.

Нәтижені өңдеу:

1) Суреттің парақта орналасуы

Сурет салынатын ақ парақтың жоғарғы, төменгі жақтары бар, сондай-ақ сол жағы мен оң жағы, дәл ортасы бар. Егер сурет ақ парақтың дәл ортасына салынса, адам (зерттелуші) өзін өзгертуге ұмтылмайтындығын, өзінің қазіргі өмірі өзіне жайлы екенін білдіреді.

Егер сыналушы (зерттелуші) суретті парақтың жоғарғы жағына салса, онда оның қазіргі өмірінің жайсыздығы, оған өзінің риза еместігі көрінеді. Сурет неғұрлым жоғары орналасса, адам солғұрлым өз өміріне қатты риза емес.

Егер сурет парақтың төменгі жағына (ортадан төмен), горизанталь сызықтан төмендеу орналасса, сыналушының ынжықтығы, өз кемістіктерін сезінетінін, жасырынып жұртқа көп көрінбей жүруге бейімдігін, өмірге деген енжарлығын, өзін жұртқа нашар танытатындығын көрсетеді.



2) Суреттің өлшемі

Суреттің қалыпты орташа өлшемі 4-5 см. Егер сурет едәуір үлкен болса, онда адамның өзін жарнамалауға, жұртқа танымал болуға тырысуы.

Ұсақ сурет – адамның өзінің өзіне сенімсіздігін, еңсесі түсушілдігін білдіреді. Микросуреттер, өлшемі 2-3мм, хайуанның түрі білінбейтіндей суреттер – адамның неғұрлым шизофренияға (психикалық ауытқыларға) жақын екенін көрсетеді.

3) Жануардың сыртқы көрінісі

Сыртқы көрінісіне қарай (жануарлар ) 3 түрге бөлінеді:

А) ірі, күшті, мысалы, тырнақты жыртқыш немесе тісі ақсиған оларды қатерлі дейді;

Б) өлшемі орташа немесе бейтарап (жуастау) тиінге немесе мысыққа ұқсас;

В) кішкентай, нашар, қуатсыз (әлсіз) хайуан немесе қорқынышты емес, мысалы, инелек, көбелек.

Салынған суреттерге қарай отырып адамның бұл дүние өзін қалай сезінетіндігін аңғаруға болады. Шынында мұндай суретті индивидтің (тұлғаның) автопортреті деуге болады.



4) Суреттің солға немесе оңға қарай ығысуы

Ақ парақты қақ бөлетін тік сызықтан суреттің солға немесе оңға қарай ығысуын қарастырайық. Әрбір суреттің мағынасына қарай бас жағы (басы), көбінесе оның басы болады. Егер суреттің басы ортасына солға қарай бұрылып тұрса, онда индивид (жеке адам) өз жоспарын және ойын орындай алмағаны, оның өмірдегі енжарлығы.

Егер суреттің басы оңға қарай бұрылып тұрса, ол адамның белсенділігі, әрекетшілдігі. Оң қол әрекет құралы, яғни іс-қимыл құралы, сол қол – ішкі өмір қорғанысы, сыртқы обырлықтан сақтану.

5) Жануар денесінің таяныш сипаты:

- егер хайуанның денесі сымбатты, күші аяқтарға қойылса, зерттелуші өз тұжырымдарын негізделген, жақсы тексерілген мәліметтерге сүйенген, ол негіздердің шындығына сенімді;

- егер фигура (сурет) таяқтарға бекітілетін болса (мысалы, тауықтың аяғы сияқты) онда адам өзіне-өзі сенімсіз, белгілі бір шешім қабылдарда қиналады деген белгі;

- егер фигураның аяқтары яғни қаңқа сүйектерінің қозғалмалы буындарынан тұтасып тұрса, онда адам белгілі шешім қабылдауға келгенде қатты қиналып, өз ойларын қайта-қайта тексергіш болады;

- егер фигураның аяқтары түзу мықты немесе бір-бірімен параллель орналасса, зерттелушінің ойлары езбе, мылжың, ешқандай жаңалығы жоқ болғаны;

- егер фигураның аяқтары әртүрлі, біріне-бірі ұқсамайтын болса, зерттелушінің ойы анық болғаны;

- егер фигураның аяқтары тұғыр, тастабан болса, онда зерттелуші еш күдіктенбейтін, өзін біреуге тықпалайтын адам;

- егер суретте аяқтар көрінбей қалса, хайуан ішімен (қарнымен) жатса, сыналушы сенім ойларын біреуге тықпаламайтын адам.

6) Дешальдардың ерекшеліктері

Салынған суретте жануардың жүні, сыртқы терісі әртүрлі болып боялуы мүмкін, кейде керсінше суреттің жалпы көрнісі көмексілеу, боялмай жобамен сызылады. Мысалы, қажыған (шаршаған) адамның салған суретті тек жалпы контурын салумен қанағаттанады, оның суретті тәптіштеуге күш жігері жетпей тұрған сияқты.

Күш жігері неғұрлым зор адам суретті нақтылап салады.

Кейбір адамдар хайуанның көзін нобоймен сыза салады, олар тұйық адамдар болып табылады.

Егер хайуанның аяқтары немесе құйрығы жоғары бағытталған сызықтармен кескінделсе, сыналушының күш жігерінің жоғарлығын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет