Күтілетін нәтиже:
Қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін тереңдетеді, бекітеді.
Өз ойын жүйелі айта білу, сөйлеу қабілеттері артады;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
Танымдық деректермен қаруланып өз ойын еркін жеткізіп, ізденгіш, шығармашыл тұлға қалыптасады.
2.1. Дыбыс және әріп.
Адам сөйлегенде дыбыс шығады. Бұл дыбыстардан сөздер жасалады. Сөздегі дыбыс саны әртүрлі болады.
Мысалы: жер, көк сөздері 3 дыбыстан тұрса, балақай, балапан сөздері 7 дыбыстан құралған.
Сөздің айтылуымен қатар жазылуы да бар. Сондықтан дыбыстар белгілі бір таңбамен белгіленеді. Әр дыбысқа берілген таңба әріп деп аталады. Яғни әріп – дыбыс таңбасы. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар.
Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Әріптерді жазамыз, көреміз.
Әріптердің қалыптасқан атаулары бар. Оларды есте сақтау үшін әріптер белгілі бір жүйеге келтірілген. Оны әліпби деп атайды.
Қазақ әліпбиінде 40 әріп, 25 таңба, 37 дыбыс бар. Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар.
Тапсырмалар.
1. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ә) __________________________________________
Б__________________________________________
Дыбысы жоқ болса да,
Алфавитте орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол табыңдар.
Шешуі _______ ____
2. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің –Ана,
«Б» дегенің-бала.
«Б» дегенің –баға,
«Бестен» басқа алма.
Достарыңызбен бөлісу: |