«Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар» Қазақ тілі, сынып



бет5/6
Дата25.01.2023
өлшемі1,33 Mb.
#62881
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
didaktikaly-oyyndar-men-tapsyrmalar

8.Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.


Мәз болады болысың


Мәз болады болысың,


Арқаға ұлық қаққанға.
Шілтірейтіп орыстың,
Шенді шекпен жапқанға.

Үйі мәз боп, қой сойды,


Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойран,
Үйдегі тыныш жатқанға.

Еш нәрсе емес жұбанар,


Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар,
Бір дәмдіні татқанға.


Үлгі:
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы



Өлеңнен таңдап алынған сөз

Түсініктеме

Болыс

Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...



















9.Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?

Жақын қалды көмбе,


Бұл жерге оны көмбе!
10.Сәйкестендіру тесті
1. Қандай? 1. таза
2. Қай? 2. ақылды
3. Негізгі сын есім: 3. қара
4. Туынды сын есім: 4. ойлы



11.Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.


Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпте де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,


Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,


Қала салсақ, жол салсақ.
2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.
12.Сәйкестендіру тесті

1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз


2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш


13.Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.
1 ____________________________________________
2 ____________________________________________
3 ____________________________________________


14.Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.

Білімді............... жығады, білекті............... жығады.


............ауыз сөздің тобықтай түйіні.


15.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.


Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.


16.Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.


Күлембай
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім


Орнықпайды суылдап...
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап...
Жай жүргенде бір күні,


Үлгі:
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы



Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз

Түсініктеме

Орнықпайды суылдап.



Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет