Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Талдауға арналған нәжістен сынама алу ережелері. Нәтижелерді бағалау



бет24/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
25. Талдауға арналған нәжістен сынама алу ережелері. Нәтижелерді бағалау.
Нәжісті зерттеуге алу әдістері туралы түсінік
Науқастарды зерттеудің түрлі әдістері бар. Соңғы кездері олардың сандары күннен күнге көбейіп келеді. Зертханалық әдістерді жүргізу үшін түрлі аспаптар мен құралдар және арнайы дайындық алған медицина қызметкерлер «дәрігер- лаборант, техниктер, қажет. Клиникалық және зерттеулік практикада аспаптық және зертханалық әдістерді кеңінен қолдану, ауруларды тереңірек зерттеуге , бүгінгі күнге дейін белгісіз ауруларды ашуға, сонымен қоса аурулардың ерте диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, ал кейбіреулері диагнозына қарай қатаң көрсетпелермен жүргізіледі.
Нәжісті тексеру арқылы ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық функционалдық өзгерістерді, нәжіс құрамында болатын құрттарды, паразиттер, басқада аурулар анықталады. Лабораторияға нәжісті қағазбен, картон не сіріңкенің қораптарымен жіберуге болмайды. Ыдыстың сыртында пациент фамилиясы, аты жөні, жатқан бөлімшесі мен палатасы, зерттеу мақсаты мен жіберіп отырған адамның қолы қойылған жолдама заттаңбасы болуы тиіс.
Нәжістің маңызына сипаттама.
Нәжіс тоқ ішекте түзіледі және қорытылмаған, негізінен өсімдік клетчаткасынан тұратын қалдықтардан тұрады. Нәжісте тірі және өлі микробтар болады. Нәжістің құрамы тағамның сипатына және ас қорыту жолының қызметіне байланысты.
Нәжістің жалпы анализі нәжістің физикалық қасиеттерін тексереді, химиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізеді. Жалпы талдау үшін нәжісті құрғақ , таза мүмкін болса, шыны ыдысқа жинау қажет.
Нәжістің мақсаты ас қорыту мүшелеріндегі патологиялық, өзгерістер болса, және басқада ауруларға күдік болған жағдайда.
Зерттеу нәтижелері науқасты дұрыс дайындауға, материалды дұрыс жинау, сақтау және тасымалдауға тікелей байланысты.
Нәжісті бөлінгеннен 8-12 сағатқа дейін, 3-5С температурада сақтаған жағдайда зерттеу қажет, өйткені бұл тағам нәжістегі жасырын қанды анықтау реакциясының катализаторлары болып есептеледі.
Нәжістің маңызы: Тәулік бойынша бөлінетін нәжістің мөлшері 120-200гр болады. Өсімдік тектес ас ішкенде нәжіс мөлшері көбейеді. Ал ашыққанда немесе белокқа бай ас қолданғанда нәжістің мөлшері азаяды. Нәжіс мөлшерінің 1,5 кг-ға дейін көбеюі созылмалы энтерит созылмалы, панкреатит ауруларында кездеседі. Тәулігіне нәжіс 1-2 рет бөлінеді. Колит энтерит ауруларында 3-5 рет , дизентерия ауруында тәулігіне 20 ретке дейін бөлінеді.
Нәжістің түрі, консистенциясы оның құрамындағы суға байланысты болады..
Нәжістің қалыпты формасы шұжық тәріздес, біркелкі массалы болады. Патологиялық жағдайда нәжістің түрі өзгереді. Спастикалық колит кезінде нәжіс қой құмалағы түрінде,тік ішек обырында лента тәріздес болады. Нәжістің түрі қалыпты жағдайда қоңыр болады. Сүт тағамдары мен тамақтанғанда ашық сары болады. Патология кезінде жалпы өт өзегі таспен бітелгенде нәжіс тұрақты түрде түссіз болады, А-вирусты гепатит кезінде уақытша түссіз болады, асқазаннан қан кеткен кезде қара түсті болады. Іш сүзегі кезінде күріш қайнатпасын еске салады. Темір висмут қабылдағанда қара түске боялады.
Нәжіс спецификалық иісті болады. Өте мүңкіген иісі шіріген диспепсия кезінде, обыр ыдырауында байқалады. Кілегей нәжісте әрең байқалатын қабат ретінде болады. Энтерит кезінде ол ұсақ тамшы ретінде көрінеді. Ал сигмоидит, колит кезінде түйір ретінде байқалуы мүмкін. Паразиттер нәжіс құрамында көзбен көріну мүмкін (аскарида, острица).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет