Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу



бет25/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу


Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатынконтейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. 3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатыладыдеп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

  3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

  4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

  5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

  • нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

  • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

  1. Науқас қолғапты шешіпконтейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.

  2. Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).



Ескерту:

  • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

  • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет