Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Зимницкий бойынша зерттеу үшін зәрді жинау, зерттеу мақсаты



бет23/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

24. Зимницкий бойынша зерттеу үшін зәрді жинау, зерттеу мақсаты.
Мақсаты: диагностикалық; бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурезді анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын 8 контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, порцияның №, жинау уақыты, айы күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз. - зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады; - бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын; - зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.
2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.
3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін,
№2 порция –сағат 9-дан 12-ге дейін,
№3 порция –сағат 12-дан 15-ке дейін,
№4 порция –сағат 15-тен 18-ге дейін,
№5 порция –сағат18-ден 21-ге дейін,
№6 порция –сағат 21-ден 24-ке дейін,
№7 порция –сағат00-ден 3-ке дейін,
№8порция –сағат 3-тен 6-ға дейін.
4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.
5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз.
Ескерту: - егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы№»; - порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.
Зимницкий байқауы- бұл бүйрек қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулі бойы анықтауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.
Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.
Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды. Қалыптағы бүйрек қызметіне тән:
- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.
- Барлық 1 тәулікте ішкен сұйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.
- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.
- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.
- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бірн тәулік ішінде едәуір тербеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет