Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Науқасты тыныс алу органдарын эндоскопиялық зерттеу әдісіне дайындау және мақсаты



бет36/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

34. Науқасты тыныс алу органдарын эндоскопиялық зерттеу әдісіне дайындау және мақсаты.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.
Бронхоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Үш күн бойы сұйық тағам қабылдамайды және қақырық түсіретін дәрі қабылдайды және жасамас бұрын жөтелге қарсы дәрі беріледі
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеудің мақсаты мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.
3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.
4. Зерттеудің алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.
6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.
7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.
8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.
9. Науқасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз

35. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ФГДС) дайындау және мақсаты
Мақсаты: нақасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі
елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның
келісімін алыңыз.
2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
3. Науқасқа зеріттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік
препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.
4. Науқасты зеріттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл
тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.
5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.
6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа
ескертіңіз(науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткағатүкіріп отырады)
7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық
кабинетіне ертіп апарыңыз.
8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ертіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта
қалпына келгенше 1-1.5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.
Ескерту:
- т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;
- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет