Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Пациенттерді ішкі органдардың УДЗ жүргізуге дайындау



бет38/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

39. Пациенттерді ішкі органдардың УДЗ жүргізуге дайындау.
Іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі,талақ) және бүйрек
Мақсаты : зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері : іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз : дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.
Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты
дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп , оның рұқсатын алыңыз.
2. Дайындау ережесін бұзуының.
3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыныз.
4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел(газ) жинауды болдырмайтын
тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер , жеміс-жидектер, сүт
тағамдары, қара нан , бұршақ тағамдар, жеміс сөктер) , таблеткалы іш айдайтын дәрілер.
5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын
дәрілерді қабылдамайды.
6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.
7. Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз.
8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.
9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.
10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.
11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр
қосалқылары):
- науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;
- науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін
ескертіп қойыныз;
- науқастан зерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.

40. Пациентті ЭКГ, спирография жүргізуге дайындау.
ЭКГ – жүрек қызметінің жұмысы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды (биотокті) графикалық тіркеу әдісі. Электрлік тоғының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты болады.
Қалыпты электрокардиограмма Р Q R S Т деген тісшелермен белгіленеді.Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі стандартты тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі бар.
ЭКГ (электрокардиограмма) түсіру техникасы.

  1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі,тамақтан кейін 2сағ.өткенде.

  2. Науқастың жағдайы–кушеткаға жатқызып.

  3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ.ерітіндісімен дымқылдатады

  4. Электродты салу реті:

А. – қызыл – оң қолдын білегі.
Б. – сары – сол қолдың білегі.
В. – жасыл – сол аяқтың балтыры.
Г. – қара – оң аяқтың балтыры ( жер ).

Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау:


V1 – IV қабырға аралықта төстің оң жағында
V2 – IV қабырға аралықта төстің cол жағында
V3 – IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта
V4 – V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында
V5 – V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында
V6 – V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында

  1. ЭКГ аппаратын жерге қондыру; ЭКГ аппараттың кабелін тоққа қосу, аппаратты іске қосу;

  2. Изоэлектро сызыққа аппараттың қаламын орнату;

  3. Бақылау микровольтін тіркеу («М» немесе «50» кнопкаға басу арқылы) және «mV» кнопканы басу;

  4. ЭКГ тіркеуді бастау;

- I стандартты тіркемеге кнопканы орнатамыз;


- «М» немес «50» басып 3-4 комплексті тіркейміз;
- II, III –кнопкаға бірінен кейін бірін басып, AVR, AVL, AVF

  1. Кеуде тіркемелерін жазуға кеуде электродтарымен қолданамыз; . Кнопканы mV жағдайына қойып, бақылаймыз да микровольтті тіркейміз.

  2. Аппаратты сөндіреміз; электроттарды шешеміз. ЭКГ лентасын толтырамыз; күні, науқастың тегі, аты жөні, жасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет