Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ректороманоскопия) Дайындау және мақсаты



бет37/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

36. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ректороманоскопия) Дайындау және мақсаты.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және
сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі
қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді,
клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде
зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс – әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшараның мақсаты, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз.
2. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз.
3. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2
сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс.
4. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.
5. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз.
6. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту :
- ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыққа енгізіледі;
- ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі;
- егер де науқастың іші қатса , онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы
қойылады;
- науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге
десеңіз , тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді.

37. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (колоноскопияға)
дайындау және мақсаты.
Колоноскопия - бұл аспаптық әдіс. Жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігін эндоскоптың
иілгіштің сүңгісі көмегімен зерттеу.
Әдістің диагностикалық маңызы: Колоноскопия жуан ішектің сілемейлі қабығын тұп-тура
қарайды. Эндоскоп жуан ішектің кез-келген бөлігіне аналь тесігі арқылы енгізіледі. Қарағанда
қабыну үрдісі, ішкі геморрой, сызат, эрозия, қан құйылу, қатерлі ісікте табылады. Әдісте мазок
жағынды алу, шырышты қабаттан соскобты жасау. Биопсия жүргізу.
Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындықты қамтамасыз ету, науқасқа хабарлау және
науқасты оқыту.
Науқастың күрделі мәселелері:
Науқастың мәселелері:
- Алда болатын манипуляцияға, науқастың негативті қарым-қатынасы;
- Араласу алдындағы қорқыныш;
- Ұялшақтық;
- Емшараны жүргізгенде дискомфортты сезіну;
Қолдану көрсетілімдері:
-Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктер ауруларын диагностикалау үшін;
-жуан ішектің зақымдану ұзақтығын анықтау үшін және хирургиялық операцияның көлемін
таңдау;
-морфологиялық деңгейде диагнозды анықтау үшін;
-жуан ішектің жоғары орналасқан бөлімдерінің сілемейлі қабығын визуальды қарау;
-Диспансерлік және профилактикалық қаруларды жүргізу үшін;
-Ішек түйілуінде, қан кеткенде, бөгде заттар және тағы да басқа ауруларда және тоқ ішектің
жаралануында.
Қарсы көрсетілімдері: бейспецификалы ойық жаралы колиттің ауыр түрлері, Крон ауруы,
ішектен қан мол кету, жүрек өкпе жетіспеушілігінің ауыр түрі, ауырсыну синдромы бар тік ішек
аймағының жедел аурулары. Құрсақ қабырғасының жарығы, III сатыдағы гипертониялық ауру.
Асқынулар:
- Жуан ішектің тесілуі
- Шажырқайдың керілуіндегі ауырсыну реакциясы
- Жуан ішектің сірнелі қабықтың жарылуы
Дайындаңыз: колоноскопты, фортрансты, колоноскопияға жолдаманы
Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қабылдауға болмайды: етті,қара нанды, жеміс-жидектер мен көкөністерді , көктерді,фасоль
мен горохты, саңырауқұлақтарды, жидектерді, шемішкені,жаңғақты,сүйегі бар вареньені, соның
ішінде кішкене шаттауығы бар (қарақат немесе таңқурай ) жүзімді,кивиді.
Активированный угольді қабылдамаңыз
Қабылдауға болады: сорпаны, пісірілген етті, балықты,тауықты, сырды, ақ нанды, майды,
печеньені, кампотты, және кисельді.
Тексеру қарсаңында: тек қана сұйық тамақ қабылдауға рұқсат беріледі(сорпа, кисель,
жұмсақсыз сөктер)
1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оны жасауға оның келісімін
алыңыз
2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз
3. Дайындық ереженің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс
шықпайды)
4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз
5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады.
6. Фортранс препараттарының ерітіндісі зерттеуге дейін тағайындалады.
1 пакеттен аз қолдану керек (1литр ерітінді) 15-20кг дене салмағына
7
.

8. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен)


9. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз. Бақылау мен
тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазартудайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты : науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың


сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз : залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту
клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Цистоскопияны дәрігер жасайды , мейірбике көмекші қызметін атқарады.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа психиологиялық дайындықты жүргізіңіз , зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның
келісімін алыңыз.
2. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
3. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін
ескертіңіз , оны гигиениялық емшара іс-әрекетіне сыртқы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
4. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
5. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
6. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятық кабинетіне ерітіп барыңыз.
7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
8. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет