Дифференциялап оқытудың ОҚу процесіндегі мүмкіндіктері



бет1/3
Дата02.12.2023
өлшемі29,86 Kb.
#132035
түріҚұрамы
  1   2   3

ДИФФЕРЕНЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ

Аристотель былай деп жазған: «Оқушылар биіктен көріну үшін алдыңғыларға жетіп,соңындағыларды тоспауы керек».


Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі білім алушыға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер–оқытушы мен білім алушыға тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Сондықтан дифференциациялап оқыту қазіргі кезде өзекті мәселе болып табылады.
Дифференциациялап оқыту -білім алушылардың мүдделерін,бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі,яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді[2].
Дифференциация латын сөзінен аударғанда- айырымдау, бөлшектеу, жіктелу, саралау деген мағынаны білдіреді. Даралаудың ерекшелігімен байланысты студенттің жеке тұлға бейнесін ашудағы студентке өзіндік оқу жолына түсуге мүмкіндік беруге, оның өзіндік қабілеттілік деңгейіне және оқу материалының көлеміне қатысты. Білім беру жүйесіндегі ішкі факторлар ең алдымен әр студенттің мүмкіндік қажеттіліктерінің әртүрлі болуы кәсіптік оқытудың пайда болуына себепкер болды. Дифференциациялау және даралап оқыту жүйесінде туындаған мәселелер уақыт өте жалпылама оқыту жүйесінде туындайды.Иа,бұл оқыту жекелеп,педагогтардың оқыту жүйесін студенттің қызығушылығына оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру арқылы жасалған.
Білім беруді дифференциалдау – студенттің өзіндік білім бағдарламасын құруымен ғана шектелмей, өзіндік жұмысты оқытушымен бірге отырып жүзеге асыратын ерекше процесс. Ал бұл оқыту технологиясы талаптарымен де толық үндеседі, өйткені бұл технологияның мәні - студенттің өзіндік шешімдеріне тәуелді болып келеді[4].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет