Дифференциялап оқытудың ОҚу процесіндегі мүмкіндіктері


Бұл оқыту технологиясының қарастыратын міндеттері келесілер



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі29,86 Kb.
#132035
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ДИФФЕРЕНЦИЯЛАП ОҚЫТУДЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ

Бұл оқыту технологиясының қарастыратын міндеттері келесілер:

  • жалпы білім беруді білім алушылардың еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;

  • оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі математиканы тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету,оқушының білім алу әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

  • білім беру мазмұнын жаңғырту және оның компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру [3].

Дифференциалдық оқытуда топтарға түрлі ерекшеліктерге қарай бөледі:
1.Психологиялық ерекшеліктеріне қарай
2. Оқу үлгерімі бойынша бөлу
3. бағдарына қарай бөлу.
Менің дифференциациямда бағдар бойынша бөлінген, бірақ оқушыларды топтастырғанда оқу үлгеріміне көбірек мән бердім.
Дифференциалды оқыту негізінде мен мемлкеттік стандартқа сәйкес үш топқа бөлді:

  • базалық

  • кеңейтілген

  • тереңдетілген

Сабақтың құрылымында білім оқушыларға дайын күйінде берілмей, проблеманы шешу түрінде беріледі, соның ішінде өздігінен шешуге. Сонда, Білім оқытудың мақсаты емес, проблеманы шешу құралы болу керек. Яғни алатын білімнің проблеманы шешу үшін қажет екендігін оқушы түсіну керек, сонда ғана оның қызығушылығы және белсенділігі артады. Оқушылар топқа бөлініп, проблеманы шешу үшін қажетті ақпаратпен жұмыс жасау керек, іздену керек, топтың ішінде талдап, шешу жолдарын қорытып, анализ жасау керек. Ал мұғалім тек қана керек кезінде барып, көмек беруіне болады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі.
Ал Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Олай болса, мұғалімнің міндеті оқушыларды қоғамның қажеттілігін өтей алатын біліммен қаруландыру. Рудик бойынша айтсақ, өмірге қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды, сондықтан қазіргі уақытта бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осыған байланысты біздің ұжымның басты мақсаты-оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Сол мақсатпен мен сабақ құрылымын алдымен үш құзыреттілікке бағыттадым.
1. мәселені шешу – мұғалімнің шеберлігінен көрінеді, себебі, сабақтың құрылымында мақсат нақты қойылса, оған байланысты проблемалық сұрақ тақырыпты ашуға дұрыс бағытталса, мәселені шешу құзыреттілігі де дұрыс қалыптасады.
2. Ақпаратпен жұмыс – тапсырмалардың нақты болуына және топтағы оқушылардың жұмысына байланысты, ол үшін мұғалім тапсырмаларды дұрыс құрастыру қажет, оқушы тапсырманы алғаннан соң, ешбір сұрақ қоймай бірден түсініп, өздігінен орындап берсе, ол дұрыс құрастырылған, ал керісінше оқушы сұрақ қойып, мұғалім тапсырманың орындалуын түсіндіріп берсе, онда тапсырманың құрылымы дұрыс емес. Сондықтан әр тапсырма оқушының деңгейіне сай болуы керек, немесе топтағы оқушылардың деңгейіне сай болуы керек.
3. Коммуникативтік құзыреттілік- бұл да мұғалімнің шеберлігіне және технологияны тиімді пайдалануына байланысты, ең бастысы оқушылардың топта және жұпта жұмыс істеуіне байланысты.
Жоғарыда аталып өткен үш құзыреттілік қалай жүзеге асырылғандығын, мұғалімдердің белсенділіктері қай жерде көрінгендігіне тоқталар болсақ, ол үш деңгейде бағаланды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет