https://infourok.ru/bastauysh_synyptar_shn_diktanttar_zhinay_aza_tl_1-4_synyptar_-376077.htm диктант жинақтарының арасынан бірін таңдап алыңыз. Таңдап алған диктанттыңыздың жоғарыдағы диктанттың қай түріне жататынын анықтаңыз.
Диктант. Мақалдар.
Өнер көңілдің – анасы,
Ақылдың баласы.
Досың саған қараса,
Қасың жерге қарайды.
Білім арзан, білу қымбат.
Диктанттың түрі- Көшіру диктантты
Сөз саны- 16 сөз
Сынып – 1-2 сыныпқа беріледі
Диктант жаздыру барысында нені басшылықққа алу керек. Бастауыш сынып оқушыларына диктант жұмысын жүргізуде қойылатын талаптарды теріп жазыңыз.
Диктант та әдеттегі сабақтардай ұйымдастыру кезеңінен басталады, яғни оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын байқау, қалам, дәптерлерінің (диктантқа арналған ) парта үстінде дайын жатуы талап етіледі. Бұдан әрі оқушылардың назары тақтаға аударылып, онда алдын-ала жазулы тұрған диктанттың тақырыбын дәптерлеріне жазып алу тапсырылады. Мұғалім мәтінді оқымас бұрын, диктант жазу тәртібі туралы қысқаша түсінік береді.
Диктант мәтініне қойылатын талаптар:
а) көлем сынып ерекшелегіне сай болуы тиіс;
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ;
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн;