Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет22/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

«Қазақ тілі және аударма мәселелері», «Қазіргі қоғам талабы - мемлекеттік тілді білу», «Абай - қазақ халқының ұлы ақыны» сияқгы тақырыптар сәтсіз таңдалған тақырыптар қатарына жатады.

Соңғы талап - тақырыптың тілдің стильдік нормасына сай құрылуы, яғни атауда бірдей сөз тұлғасының қайталанбауы, изафеттіктіркестердің дұрыс құрылуы, сөздер мен сөз тіркестері грамматикалық заңдылыққа сәйкес байланысуы тиіс. Бұл айтылғандарға зерттеу жұмысының тілін талдау кезінде қайта ораламыз.


Практикалық тапсырма.



  • Оқытушы мен студент арасындағы тақырып таңдау туралы диалогпен танысыңыз. Әңгімені қалай аяқтар едіңіз? Неге?

Оқытушы: Қандай тақырыпты таңдадыңыз?

Студент: Университеттегі академиялық адалдық туралы жазғым келеді.


Оқытушы: Неліктен дәл осы тақырыпты таңдадыңыз?


Студент: Бақылау жұмыстары, емтихан кезінде тапсырманы өзі орындаған студенттөмен, ал көшірген студентжоғары баға алыпжататыны жасырын емес. Студенттердің барлығы академиялық адалдықты сақтау керек екенін біледі, бірақ бұл тәртіп жиі бұзылады. Неге?


Оқытушы: Бұны білу сізге не үшін қажет?


Студент: Академиялық адалдық қағидатының сақталмауы біздің университетте нормаға айналып кете ме деп қорқамын. Олай болса, студент оқу бітіргеннен кейінгі ересек өмірінде да осылай жасауы мүмкін ғой.


Оқытушы: Сонда сіз мына сұрақтардың қайсысына жауап іздегіңіз келеді? Академиялық адалдық деген не? Академиялық адалдық қағидаттарын тиімді енгізудің жолдары қандай? Студенттердің академиялық адалдық қағидаттарын бұзуының себептері қандай?


Студент:..., себебі....



33

  • Сәтсіз құрылған тақырыптарды көрсетіңіз, ойыңызды дәлелдеі өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

«Мемлекет пен діннің арақатынасы»


«Лаңкестікпен күрес»


«Халықаралық келісімшарттардың рөлі»


«Жайсаңбек Молдағалиевтің шығармашылық жолы» «Мемлекет имиджін қалыптастырудың кейбір мәселелері» «Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы концепт аясы» «Италияның Орта Азия елдерімен екіжақты келісімдері» «Шанхай ынтымақгастық ұйымы үшінші мыңжылдықта пайда болған ең жас өңірлік халықаралық ұйымдардың бірі ретінде»

  • Мына тақырып атауларын қос нүкте, жақша белгілер\ пайдаланып, қысқартыңыз

а) «Араб, иврит тілдеріне ортақ діни және классикалық есімдердің ағылшын антропонимдерінің қорында алатын орны мен олардың қазақ антропонимдерінің қатарындағы көрінісі»


ә) «Әлемдік сараптамалық талдау орталықтарының рейтингіне салыстырмалы талдау жүргізу негізіндегі сараптамалық талдау орталықтарының бүгінгі даму үрдісі»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет