Тест тапсырушылар тобы
|
Саны
|
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусының ваканттық
|
197
|
лауазымына үміткерлер
|
|
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
|
70
|
реттеу жөніндегі агентгігінің қызметшілері
|
|
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусы қызметшілері
|
1364
|
Ұлттық қауіпсіздік комитет қызметшілері
|
11
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
|
303
|
технологиялар министрлігінің қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі
|
26
|
агенттігінің қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық
|
23
|
басқармасының қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комитетінің
|
34
|
қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
49
|
Қазынашылық комитетінің қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
|
55
|
жоспарлау министрлігінің қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
|
54
|
қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
|
153
|
қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
|
160
|
қызметшілері
|
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі
|
47
|
агенттігінің қызметшілері
|
|
Барлығы
|
2546
|
[7]-
2014 жылдан бастап бұл тест «Қазмұнайгаз», «Қазақстан теміржолы»
сияқты ұлттық және мемлекеттік компаниялардағы қызметкерлер аттестациядан өткенде міндетті болды. Осы жылы ҚАЗТЕСТ жуйесі мен Назарбаев университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оқу орнының -курс студенттерінің қазақ тілін игеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау жайында шешім қабылданды.
Мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ҚАЗТЕСТ жуйесі жылдан-жылға күш алып келеді. Жүйе қоғамдағы барлық салада жумыс жасайтын тұлғаларды қамти бастады. Құрылғаннан кейінгі алғашқы
есте
Заны
97
3
364
I
)3
ч
)
3
0
46
[7]-
лы»
>лер
мен
гмға
ейін
іан-
иыс
иқы
жылдарында мектеп оқушылар мен студенттер арасында жүргізілген ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын кейін түрлі мемлекеттік қызметшілер, әуе компанияларының бортсеріктері, орта және жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен профессорлық-оқытушылық құрамнан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының, Парламентінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы Сотының, Орталық сайлау комиссиясының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің түрлі деңгейдегі басшылары, облыстық деңгейдегі қалалардыңәкімдері, елімізідегі барлық облыстардағы аудандар әкімдері, қалалардың әкімдері тапсыра бастады.
Қазақстан Республикасы - 130-дан астам ұлт өкілдері өз отаны санайтын көпұлтты мемлекет. Әлемдегі басқа да көпұлтты мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасында да тілдіксаясатосы ұлттардыңтілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу бағытында жүргізіледі. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекітілген. Мемлекеттік ұйымдарда, жергілікті басқару органдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады [9].
Қазақ жерлерінің XVIII ғасырда Ресей империясына қосылғанынан бастап Кеңестер Одағының құрамындағы 80 жыл ішінде елдегі адам өмірінің барлық қатынасында, қоғамдағы барлық коммуникативтік салада орыс тілі басты тіл болған тілдік жағдай қалыптасты. Қазақ тілі қызмет ететін коммуникативтік салалар халық ағарту (балабақша, мектеп т.б.), ғылым (қоғамдық ғылымдар), көркем мәдениет (көркем әдебиет, сахна өнері т.б.), бұқаралық қатынас (радио, телевизия, кино т.б.), дін, тұрмыс пен жанұя салаларымен шектеліп, қоғамдық-саяси өмір (мемлекеттікөкіметтің басқару жүйесі, сыртқы, ішкі саясат, экономика т.б.), ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, көлік (транспорт), байланыс, тұтыну мен қызмет көрсету, ақпарат (жарнама, хабарландыру т.б.) салаларда орыс тілі жетекші тіл болды.
Патшалық Ресей үкіметінің жаулап алған ұлттық территориялардағы ұлттық саясаты жергілікті халықтың бостандығы мен еркіндігін, мәдениетін басу бағытында болды. Орыс мемлекеті үшін Қазақстан өзге тілді аудан ретінде отаршылдық саясат жүргізетін аумақ болды, ал қазақтар «азаматтық деңгейі төмен», «өз тілі жоқ» халық ретінде орыстандыру саясатына ұшырады. Патша үкіметінің жаулап алған жерлердегі тілдік саясаты тілді таңдауға ешқандай мүмкіндік берген жоқ.
Кеңес Одағы кезінде де одақ құрамындағы басқа да республикалар сияқты Қазақстан да орталықтандырылған әлеуметтік-экономикалық құрылымның элементі ретінде Ресейдің ықпалында болды. Қазақ тілі білім беру ісінде, көркем әдебиетте, театр өнерінде, ішінара бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылғанымен, мемлекет басқаруда, экономикада, саясатта мүлдем дерлік қолданылмайтын тілге айналды. Шамамен 1917-1990 жылдарды қамтитын ұзақ уақыт аралығында ана тілін білмейтін, түсінгенмен, сөйлей алмайтын адамдардың екі ұрпағы өсіп, қалыптасты. Халқының саны аз Қазақстан үшін бұл қатерлі жағдай болды.
1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан Республикасының алғашқы қабылдаған заңдарының бірі - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы [9]. Заңда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі анықталды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар мемлекеттік тұрғыдан жүргізіле бастады. Тәуелсіздік алғаннан бері әрбір он жыл сайын Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның орындалуы Үкімет тарапынан бақылауда ұсталады. Республикадағы тілдік жағдай өзгерді. Қазақ тілі қызмет ететін қоғамдағы коммуникативтік салалардыңсаны көбейді. Бүгінгі күні қалыптасып отырғантілдікжағдайды былайша сипаттауға болады: Кеңестік Одақ кезінде білім алған ана тілін шала білетін немесе қазақ тілін мүлде білмейтін қазақтар және өзге үлт өкілдері орыс тілін қолданады, ал тәуелсіздік кезеңінде білім алған, саналы өмір жолын бастаған қазақтар мен өзге ұлт өкілдері екі тілді де пайдаланады.
Елдегі тілдік жағдайдың бұлайша өзгергені мемлекет басшылығының Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың тілі мен мәдениетін сақтап қалуына барынша жағдай жасай отырып, қазақ тілінің Қазақстанның көпұлтты халқын біріктіруші тіл ретіндегі рөлін барынша көтеруге бағытталған тілдік саясатының арқасында болып отыр.
Бүгінгі күні республикада Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасап жатыр [6]. Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, ¥лт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленген бағдарламаның “Мемлекеттік тіл - ұлттық бірліктің басты факторы” атты негізгі мақсатын іске асыру аясындағы міндеттердің қатарында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу көрсетілген. Қазақтілін білу дәрежесін бағалау тілдік саясат қағидаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бағалау қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуына және оның бәсекелестік қабілетін көтеруге көмектеседі. Осы орайда ҚАЗТЕСТ республика азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың тетігі ретінде анықталды.
ҚАЗТЕСТ жүйесін құрудың алдында тілдік білімді бағалаудың халықаралық үлгілері зерттелді деген болатынбыз. Олардың ішінде ағылшын тілінің американдық үлгісін бағалауға арналған ТОЕҒЬ (Теві оТ Епдіізһ аз а Ғогеідп І_апдиаде), британдық үлгісін меңгеруді бағалауға арналған ІЕЬТ8 (ІпіегпаііопаІ Епдіівһ ЬапдиадеТезіз Зузіет), французтілін меңгерудің ОАІ_Ғ/ОЕІ_Ғ (Оіріоте АрргоТопсІі сіе І_апдие Ғгап$аі8е/Оіріоте сГЕіисІеб еп І_апдие Ғгапраізе) жүйелері, неміс тілінің меңгеру деңгейін бағалаудың 08Н (Оеиізсһе Зргасһргйіипд Ғйг сіеп Носһзсһиігидапд) жүйесі, орыс тілін меңгеру дәрежесін анықтайтын ТОКҒІ_ (Теві о( Кивзіап аз а Ғогеідп І_апдиаде) жүйелері талданды [7].
Аталған жүйелерді АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей сияқты ірі мемлекеттер мемлекеттік тілін сақтап қалу, оның қолданыс
70
аясын ұлғайту, тілді білуді міндеттеу сияқты мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің құралы ретінде қолданып жатқаны сөзсіз. Бұл елдерде жұмыс жасау үшін, білім алу үшін мемлекеттіктілді білу міндетті болып саналады. Тілдік білімді бағалаудың шетелдік жүйелерін, тіпті олардың қандай да бір деңгейін меңгеру қандай да бір әрекеттің бір түрімен ғана айналысуға мүмкіндік береді. Мысалы, Кембридж емтихандарының (СІСІ-ЕЗ) КЕТ (Кеу Епдіізһ Тезі) тестісін жақсы тапсырған адам қонақүй немесе мейрамхана бизнесі саласында қызмет етуге, РЕТ (Ргеіітіпагу Епдіізһ Тезі) тестілері Затзипд сияқты белгілі компанияларда жұмыс істеуге, ҒСЕ (Ғігзі СегііҒісаіеіп Епдіізһ) тестісі ҮикозЗеп/ісез немесе ВМ\Л/ сияқты ірі шетелдік фирмаларда, ал САЕ (Сеііійсаіе оТ Аскапсеб Епдіівһ) тестісінен өту кез келген университеттің қызметкері болып еңбек етуге мүмкіндік береді. АҚШ, Канада, Австралия елдеріне барып белгілі бір оқу орнында оқу үшін міндетті түрде ТОЕҒІ_ нәтижесі талап етіледі, Ұлыбританияда білім алу үшін ІЕЕТ8 сертификаты керек.
Олай болса, тілдікбілімді бағалау жүйелері тілдіктұлға қалыптастыруға септігін тигізеді және, тәжірибе көрсеткендей, тілді меңгертудің тетігі. Жоғарыда айтылған елдерде қандай да бір қызмет түрімен айналысу, білім алу үшін адам мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін дәлелдеуі керек. Тілдікбілімді бағалаудыңхалықаралық дәрежеге көтерілген аталған тестілеу жүйелері осы мемлекеттердің жүргізіп отырған тіл саясатының бір тетігіне айналып отыр.
Тілдік білімді бағалаудың қазақстандық ҚАЗТЕСТ жүйесі әлі мұндай халықаралық дәрежеге жеткен жоқ, әзірге республика азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау құралы ғана болып отыр. Болашақта бұл жүйе бойынша тестілеуден өту саяси, экономикалық, мәдени жақтан жедел дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында жұмыс жасағысы келетін, өмір сүргісі келетін шетел азаматтары үшін де міндетті болады деген сенімдеміз.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тапсырмалары қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттеріне қойылатын талаптарды анықтайтын Қазақстан Республикасыныңмемлекеттікстандарттарымен бекітілген [10]. Коммуникативтік құзырет лингвистикалық, сөйлеу, әлеуметтік, дискурстық, стратегиялық және әлеуметтік-мәдени құзырет сияқты компоненттерден тұрады.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тілді білу деңгейін бағалайтын белгілі жүйелерден басты ерекшелігі - тест тапсырушы тұлғаның әлеуметтік-мәдени құзыретін айқындау. Тест тапсырушы қазақ тілін тек қатысым құралы ретінде ғана емес, сол тілді қолданушы қазақ ұлтының мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын түсіну, білу тұрғысынан да игергенін көрсете алуы тиіс. Біз мұндай талапты тілді білу дәрежесін бағалаудың Кембридж емтихандары базасы бойынша жіктелетін деңгейлердің ішінде САЕ (СегШісаіе оТ Асһ/апсесі Епдіівһ) емтиханының тапсырмаларынан кездестірдік. Осыған ұқсас талап, атап айтқанда, жекелеген мемлекет бойынша елтанымдық білім мен мерзімді баспасөзбен таныс болуды
71
міндеттейтін талап Оксфорд университетінің емтиханында (Тһе ОхТогсІ Мгіііеп Ехатіпаііопіп Епдіівһав а Ғогеідп Ьапдиаде) бар.
ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынған. Бұл деңгейлер тілді білудің еуропалық стандарттарына сәйкес келеді, атап айтқанда: А1 деңгейі (Вгеакіһгоидһ) - қарапайым деңгей, А2 деңгейі (ЛЛ/аузіаде) - базалық деңгей, В1 деңгейі (ТһгезһоІсІ)
орта деңгей, В2 деңгейі (\/апіаде) - ортадан жоғары деңгей, С1 деңгейі (ЕЯесіме Орегаііопаіргойсіепсу) - жоғары деңгей, С2 деңгейі (Мазіегу) - жетік деңгей.
Тестілеу екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде тест тапсырушының қазақ тілін меңгеруінің жалпы деңгейі анықталады. Оған қарапайым немесе базалық деңгей тапсырмалары беріледі. Екінші кезең - қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау кезеңі Тест тапсырушыға орта деңгейдің тыңдалым бөлігі бойынша 30, лексика-грамматикалық блок бойынша 70, оқылым бөлімі бойынша 50 тапсырма тапсырма үсынылады. Тестіленуші 150 минут ішінде тілді білу деңгейінің пайыздық көрсеткіші анықталатын 150 тапсырманы орындауы керек. Тест тапсырмалары мүмкін болатын жауаптардан бір дүрыс жауапты таңдау нысанында үсынылады. Осы үш бөліктегі тест тапсырмаларын сәтті орындаған адам жазылым бөлігін тапсыруға жіберіледі. Орта деңгейдің 150 тапсырмасы бойынша (бір тапсырма - 1 балл) 110 балл жинаған адам қазақ тілін орта деңгейде меңгерген деп есептеледі. Бүл баға тест тапсырушы қазақ тілін білу дәрежесіне қойылатын талапқа сай деп саналып, ҚАЗТЕСТ жүйесінен өтті деген сертификат беріледі.
Жүйенің жоғарыда аталған бөліктері бойынша жүйеге ауқымды тест тапсырмалар қоры жинақталған. Деңгейлік шкала бойынша белгілі бір көрсеткішке жеткен және өз көрсеткішін көтергісі келетін тестіленушілерде даярлық курсында оқуға және ниеттенген деңгейге жетуіне мүмкіндігі бар, өйткені ҚАЗТЕСТ сатылы бірізділікке бағынады. Тестіленушінің тілдік деңгейі орындалған тестінің жалпы сандық көрсеткіш нәтижесімен анықталады. Тапсырмалар түрі қарапайымнан күрделіге қарай принципі бойынша орналасқан.
Осы жерде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілді меңгеру деңгейін бағалаудың кемшін түсын айта кету керек. Мысалы, дамыған бағалау жүйесі саналатын ТОЕҒІ_ бағдарламасының тыңдалым және грамматикалық бөліктері тестілерінің күрделілігі сіздің тапсырманы қалай орындап жатқаныңызға байланысты өзгеріп отырады. Бүл, бір жағынан, қиын тапсырмаларды шешуге кідіріп қалмай, тест тапсыруға берілген уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оның есесіне, бағалау кезінде балл көрсеткіші бойынша оңай тапсырмалар «арзанға», қиын тапсырмалар жоғары баллға, «қымбатқа» бағаланады. Ал ҚАЗТЕСТ жүйесінде бір тапсырма бір баллға бағаланады. Мысалы, емтихан барысында белгілі бір тапсырмаға тест тапсырушылардың барлығы бірдей дүрыс жауап беруі немесе бәрі бірдей дүрыс жауап бермеуі мүмкін. Мүндай тапсырмалар сынаққа қатысушының тілді белгілі деңгейде білуін анықтай алмайды.
72
Емтихан нәтижелерін математикалық-статистикалық сараптамалар бойынша әрбір тест тапсырмасының қасиеттерін анықтау арқылы нығайта түсуге болады. Осындай іріктеу арқылы әрбір тест нұсқасында әрбір тест тапсырмасының орналасу ретін де анықтауға болады [12].
Достарыңызбен бөлісу: |