Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Ғ ылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу



бет56/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

Ғ ылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу
Мұндай тезистер негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Қолда бар материал (көлемді мақала немесе баяндама) бойынша жазылған тезистер;

2. Баяндама мәтіні құрастырылғанға дейін жазылған тезис.


Бірінші жағдайда басылған мәтіннің мазмұнын барынша сақтай отырып, оның көлемін айтарлықтай дәрежеде азайту тезис жазу кезінде негізгі қиындық болып табылады. Автор материалды қаншалықты нашар меңгерген болса, соншалықты дәрежеде ойды қысқа беру күрделі болады. Бұл жағдайда жоғарыда айтылып кеткендей, басқа автордың материалы бойынша тезис құрастыру ережесі көмектеседі.


Бірінші тезис жазып, уақыт өте келе, автор сол тезисті көлемді мақалаға немесе баяндамаға айналдыратын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайдағы негізгі қиындық автордың не жазғысы келгендігін аяғына дейін байыптай алмайтындығында. Ғылыми зерттеулерде бұл қалыпты құбылыс болып табылады. Басында не жазғысы келетіндігі туралы ой келеді. Әрі қарай автор бұл ойды жетілдіріп, тезис жазуға отырады. Оқырманға тезисте айтылатын идеяны түсінікті жеткізу үшін оны қажетті дәйектермен толықтыру керек. Бастапқы сипаттау қысқа әрі нұсқа болады. Барлық мәтін 1-2 бетке басылады, осылайша тезис дайын болады.

Тезис жазудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:


Мәселені қоя білу;


Зерттеу нәтижелері;


Жұмыстың жаңа әдістемесі.


Осы аталған типтер арқылы жұмыстың құрылымына қатаң талаптар қойылады.


Тезистердің типтік құрылымы


«Мәселені қоя білу» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:

    • қысқаша кіріспе (тақырыптың әзектілігі);




    • жұмыстың мақсаты (мәселе/міндет қою);







    • осы тақырыпқа қатысты кейбір жеке ойларын беру;




    • тұжырым (алдағы жұмыстарда қандай міндет немесе мәселе қойылады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет