Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау



бет8/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып қалыптасты. Нақгы ғылым түрлерінің арнайы әдістері де болады, өйткені олардың зерттеу нысандарына тән өзіндік ерекшеліктері бар.


Талдау (анализ) дегеніміз - нысанды (объектіні) бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде нысанның белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Нысанның заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы бепгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы нысан құрылымы мен ұстанымында алатын

12


орнын айқындау керек. Нысанды тұтастық ретінде тануда оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезеңді жүзеге асыру нысанның жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, талдау әдісін өзге әдіспен, яғни жинақтаумен алмастыруға байланысты.

Талдау аяқталған жерде жинақтау басталады. Жинақтау (синтездеу) кезінде нысанныңталдау жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде жинақтау деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді, демек біздің көз алдымызда зерттелетін нысанның нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. Талдау мен жинақтау бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады.




Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытгалуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет